Орман қоры жерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1087 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің  130-бабына және 2003 жылғы 8 шiлдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Ақкөл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мекеме) жалпы ауданы 1006,0 гектар жер учаскелерi орман қорының жері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес өзге де жер санатына ауыстырылсын.
      2. «Амангелді Газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман және ауыл шаруашылығы алқаптарын орман және ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасыларын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін және алынған сүректі мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөніндегі шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

 Қазақстан Республикасы  
      Үкіметінің        
      2015 жылғы 28 желтоқсандағы
      № 1087 қаулысына    
      қосымша     

Орман қорының жері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес өзге де жер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы алаңы, гектар

Оның ішінде:

орман көмкерген

орман көмкермеген

жайылым

өзге жерлер

1

2

3

4

5

6

«Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Ақкөл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1006,0

987,97

-

18,03

-

Барлығы:

1006,0

987,97

-

18,03

-

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады