Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-I, 13-II, 83-құжат; № 21, 122-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 18 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 18 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 21 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 26 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
мынадай мазмұндағы 214-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«214-1-бап. Заңсыз коллекторлық қызмет»;
223-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«223-бап. Коммерциялық, банктiк құпияны, микрокредит беру құпиясын немесе коллекторлық қызмет құпиясын құрайтын мәлiметтердi заңсыз алу және жария ету»;
2) 3-баптың 38) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«38) iрi залал және ірі мөлшер – 185, 186 және 458-баптарда – айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомадағы залал; 188, 189, 190, 191, 192, 194, 195, 196, 197, 200, 202 және 204-баптарда – айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын мүлік құны немесе залал мөлшері; 198 және 199-баптарда - айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын залал мөлшері немесе зияткерлік меншік объектілерін пайдалану құқықтарының құны не авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілері даналарының немесе өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсiптiк үлгiлер, селекциялық жетiстiктер немесе интегралдық микросхемалар топологиялары қамтылған тауарлардың құны; 214 және 214-1-баптарда – сомасы он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс; 214, 214-1, 221, 237, 238, 239, 240, 242 және 243-баптарда – азаматқа айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын сомада келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын сомада келтірілген залал; 215 және 216-баптарда – азаматқа айлық есептiк көрсеткiштен бiр мың есе асатын сомада келтiрiлген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептiк көрсеткiштен жиырма мың есе асатын сомада келтiрiлген залал; 217-бапта – сомасы бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс; 218-бапта – жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға қылмыстық жолмен алынған ақша және (немесе) өзге мүлік; 219, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228 және 241-баптарда – азаматқа айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын сомада келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын сомада келтірілген залал; 220, 229, 230-баптарда – айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын сомадағы залал; 221-бапта – сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс; 231-бапта – қолдан жасалған банкноттардың, монеталардың, бағалы қағаздардың, шетел валютасының айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын құны; 234-бапта – алып өткізілген тауарлардың бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын құны; 235-бапта - ұлттық және шетел валютасында қайтарылмаған қаражаттың он бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомасы; 236-бапта – төленбеген кедендік төлемдердің бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын құны; 244-бапта – бюджетке түспеген төлемдердің екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомасы; 245-бапта – бюджетке түспеген төлемдердің жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомасы; 247-бапта – үш жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын, адам алған сома немесе оған көрсетілген қызметтер құны; 253-бапта - бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны; 258-бапта – бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, мүліктің, мүліктік сипаттағы пайданың, көрсетілген қызметтердің құны; 274-бапта – азаматқа айлық есептiк көрсеткiштен бiр мың есе асатын сомада келтiрiлген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептiк көрсеткiштен он мың есе асатын сомада келтiрiлген залал; 292-бапта – жеке тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз есе асатын сомада келтiрiлген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептiк көрсеткiштен бiр мың есе асатын сомада келтiрiлген залал; 307-бапта – сомасы бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс; 323-бапта – жалған жасалған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың немесе медициналық техниканың бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын құны; 324, 325, 326, 328, 329, 330, 332, 333, 334, 335, 337, 338, 340, 341 және 343-баптарда – қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық көрінісі; 344-бапта – екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын залал мөлшері; 350, 354, 355 және 356-баптарда – азаматқа айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын мөлшерде келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын мөлшерде келтірілген залал; 365-бапта – азаматқа айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын сомада келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын сомада келтірілген залал; 366 және 367-баптарда – үш мыңнан асатын он мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны; 399-бапта – арнайы техникалық құралдардың бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын құны; өзге баптарда – айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомадағы залал мөлшері;»;
3) мынадай мазмұндағы 214-1-баппен толықтырылсын:
«214-1-бап. Заңсыз коллекторлық қызмет
1. Коллекторлық қызметті есептік тіркеусіз не рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнаманы бұза отырып жүзеге асыру, егер бұл
іс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не ірі мөлшерде кіріс алумен ұштасса, –
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не мүлкi тәркiленіп немесе онсыз, сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, бірнеше рет жасалған іс-әрекеттер, –
бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не мүлкi тәркiленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
4) 223-бапта:
баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«223-бап. Коммерциялық, банктiк құпияны, микрокредит беру құпиясын немесе коллекторлық қызмет құпиясын құрайтын мәлiметтердi заңсыз алу және жария ету»;
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Коммерциялық, банктік құпияны, микрокредит беру құпиясын немесе коллекторлық қызмет құпиясын құрайтын мәлiметтердi құжаттарды ұрлау, коммерциялық, банктік құпияны, микрокредит беру құпиясын немесе коллекторлық қызмет құпиясын бiлетiн адамдарды немесе олардың жақындарын параға сатып алу немесе оларды қорқыту, байланыс құралдарында ұстап қалу, компьютерлiк жүйеге немесе желiге заңсыз кiру, арнайы техникалық құралдарды пайдалану арқылы, сол сияқты бұл мәлiметтердi жария ету не заңсыз пайдалану мақсатында өзге де заңсыз тәсiлмен жинау, –»;
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Коммерциялық, банктік құпияны, микрокредит беру құпиясын немесе коллекторлық қызмет құпиясын құрайтын мәлiметтердi оларды иеленушінiң келiсiмiнсiз, бұл құпия қызметі немесе жұмысы бойынша сенiп тапсырылған адамның пайдакүнемдiк немесе өзге де жеке басының мүддесiнде жасаған және ірі залал келтірген заңсыз жария етуі немесе пайдалануы, –».
2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 18 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 21 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 26 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 187-баптың 3-1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 214 (екiншi бөлiгiнде), 214-1 (екiншi бөлiгiнде), 215 (бірінші бөлігінде, екiншi бөлiгінің 1), 2) және 4) тармақтарында, үшінші бөлігінде), 216 (бірінші бөлігінде, екiншi бөлiгінің 1), 2), 3) және 5) тармақтарында, үшінші бөлігінде), 219-221, 223-224, 226 (екiншi бөлiгiнде), 228 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 229 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 230 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 231, 234 (екiншi бөлігінде, үшiншi бөлiгінің 2) тармағында) 235, 236 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 239 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 240, 243 (бiрiншi бөлiгiнде), 244 (екiншi бөлiгiнде), 245 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 248 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 249 (бірінші және екінші бөліктерінде, үшінші бөлігінің 1) тармағында), 253, 307 (бірінші және екінші бөліктерінде, үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында) - баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi экономикалық тергеу қызметінің тергеушiлерi жүргiзедi.»;
2) 191-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 214 (бiрiншi бөлiгiнде), 214-1 (бірінші бөлігінде), 233, 245 (бiрiншi бөлiгiнде), 248 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.».
3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 16, 79-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 19-III, 103-құжат; № 19-II, 105-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 13 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 13 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 17 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 18 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 18 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 19 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 19 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 20 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 20 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 20 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 21 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 25 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбекті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 26 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 26 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 1 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне органикалық өнім өндіру және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 211-1 және 211-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«211-1-бап. Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұзу
211-2-бап. Банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап) берілген адамның кредитордың қарыз алушымен өзара қатынастарына Қазақстан Республикасының заңнамасында қойылатын талаптар мен шектеулерді бұзуы»;
2) 47-бап мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«6. Коллекторлық агенттіктердің тізілімінен алып тастауды Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.»;
3) 15-тарау мынадай мазмұндағы 211-1 және 211-2-баптармен толықтырылсын:
«211-1-бап. Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұзу
1. Коллекторлық агенттіктің қарыз алушымен өзара іс-қимылы кезінде «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған жосықсыз әрекеттерді жүзеге асыруы, –
бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Коллекторлық агенттіктің қарыз алушымен өзара іс-қимылы кезінде «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзуға әкеп соққан:
1) талап ету құқығын басқаға беру шарты бойынша кредитордағы құқықтың (талаптың) өтуі кезінде қарыз алушыдан қосымша комиссиялар мен төлемдер алу;
2) қарыз алушыға оның талап етуі бойынша, коммерциялық құпияны құрайтын құжаттардан басқа, ақпаратты және қарыз алушының берешегін өндіріп алуға өкілеттіктерді растайтын құжаттарды бермеу;
3) қарыз алушының қарыз беру кезінде көрсетілген ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етуге жазбаша келісімі берілген жағдайды қоспағанда, үшінші тұлғаларға қарыз алушының берешегінің бар екендігі туралы хабарлау және олармен өзара іс-қимыл жасау;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін қарыз алушының берешегін өндіріп алу әдістерін пайдалану;
5) қарыз алушының берешекті төлеуден жалтаруына жәрдемдесу;
6) коллекторлық қызметті жүзеге асыру және борышкермен өзара
іс-қимыл қағидалары болмаған кезде коллекторлық қызметті жүзеге асыру түрінде жасалған әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жүзеге асыруы, – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Коллекторлық агенттіктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін ақпаратты бермеуі, сол сияқты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) уақтылы бермеуі не коллекторлық агенттіктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес берілуі талап етілетін мәліметтерді қамтымайтын ақпаратты не өзге сұратылған ақпаратты беруі не дұрыс емес ақпаратты беруі, –
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
211-2-бап. Банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген адамның кредитордың қарыз алушымен өзара қатынастарына Қазақстан Республикасының заңнамасында қойылатын талаптар мен шектеулерді бұзуы
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерінен асу, –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қарыз алушы – жеке тұлғаның банктік қарыз шарты бойынша қарыз сомасын қайтару және (немесе) сыйақы төлеу бойынша құқықтары берілген міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есептеу тәртібін бұзу, –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының банк заңнамасында не Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында көзделген төлемдерді өтеу тәртібін бұзу, –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын Қазақстан Республикасының банк заңнамасында не Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтамастан өзгерту, –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе микроқаржы ұйымы талап ету құқығын беру шарты шеңберінде берген құжаттардың түпнұсқаларын жоғалту, –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген адамның бастапқы кредитор, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, микроқаржы ұйымы, коллекторлық агенттік, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясы болып табылмайтын өзге тұлғаларға құқық (талап) беруі, –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы баптың мақсаттары үшін банктік қарыз шарты немесе микрокредитті беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға ретінде коллекторлық агенттік, микроқаржы ұйымы, екінші деңгейдегі банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін банктің еншілес ұйымы, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы уәкілетті органға тиесілі екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясы түсініледі.»;
4) 212-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ұсынылуы талап етiлетiн қаржылық және өзге де есептілікті белгіленген мерзімде бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) ұсынбауы, –»;
5) 227-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингiнiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы iрi қатысушыларының, сақтандыру тобы құрамына кiретiн заңды тұлғалардың, актуарийдiң, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, инвестициялық портфельді басқарушының, инвестициялық портфельдi басқарушының iрi қатысушыларының, инвестициялық портфельдi басқарушының iрi қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлғалардың, бағалы қағаздар нарығы субъектiсiнiң, арнаулы қаржы компаниясының, исламдық арнаулы қаржы компаниясының, инвестициялық қордың, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің өздерi қабылдаған және (немесе) өздерiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi шектеулi ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген мiндеттердi орындамауы, уақтылы орындамауы, –»;
6) 239-бапта:
үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің, инвестициялық қорлардың және Қазақстан Даму Банкінің операцияларды бухгалтерлік есепте олардың нәтижелерін тиісті түрде көрсетпей жүргізуі, –»;
төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің, инвестициялық қорлардың және Қазақстан Даму Банкінің қаржылық есептілікті бұрмалауға әкеп соққан, бухгалтерлiк есепті Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген талаптарды және бухгалтерлік есеп әдістерін (қағидаттарын) бұзып жүргізуі, –»;
7) 724-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы Кодекстiң 91 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 186, 206, 208, 210, 211 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 211-1, 211-2, 212, 213, 215, 217, 218, 220, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы бөліктерінде), 229, 230 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 231, 232, 239 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 242, 243, 244, 247 (төртінші және сегізінші бөліктерінде), 252 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 253, 254, 255, 256, 257, 258, 259, 260, 261, 262, 263, 264, 265, 286, 464 (бірінші бөлігінде), 497 (алғашқы статистикалық деректерді жинау құзыретiне кiретiн бөлiгiнде) – баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.».
4. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған):
138-бап мынадай мазмұндағы 60-1) тармақшамен толықтырылсын:
«60-1) коллекторлық агенттіктердің қызметіне;».
5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж, № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2015 жылғы 20 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 8-баптың 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«24) қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің, исламдық арнайы қаржы компанияларының Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарын, сондай-ақ бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;»;
2) 15-баптың 63) және 65) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«63) бухгалтерлiк есеп мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi, оның ішінде барлық қаржы ұйымдары, арнайы қаржы компаниялары, исламдық арнайы қаржы компаниялары, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер, Қазақстанның Даму Банкі орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгі жоспарларын, бухгалтерлiк есеп жүргiзу жөніндегі нұсқаулықты, бухгалтерлiк есеп жүргiзудi ұйымдастыру қағидаларын және бухгалтерлiк есеп жүргiзудi автоматтандыру қағидаларын;»;
«65) қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің қаржылық есептілікті ұсыну қағидаларын, олар оның нысанын, тізбесін, ұсыну кезеңділігі мен мерзімдерін қоса алғанда, ұсыну тәртібін айқындайды;»;
3) 61-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының банк қызметі, сақтандыру және сақтандыру қызметi, валюталық реттеу мен валюталық бақылау, ақша төлемдері мен аударымдары, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, мемлекеттік статистика, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру, пошта, Қазақстанның Даму Банкі, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық қызмет туралы заңнамасында белгіленген талаптарды тексерілетін субъектілердің сақтауына бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру барысында көрсетілген талаптардың бұзылуы анықталған жағдайда әкімшілік іс қозғайды не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қолданады.».
6. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 г. № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 17 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 18 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 18 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 19 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 21 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 26 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 34-бап мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:
«14. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талапты) үшінші тұлғаға берген кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының кредитордың қарыз алушымен банктік қарыз шарты шеңберіндегі өзара қарым-қатынасына қойылатын талаптары мен шектеулері құқық (талап ету) берілген үшінші тұлғамен қарыз алушының құқықтық қатынастарына қолданылады.
Құқық (талап ету) берілген үшінші тұлғаның осы тармақтың бірінші бөлігінің талабын бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға үшінші тұлғалармен қарыз алушы – жеке тұлғаның тұрғын үй түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген берешегіне қатысты құқықты (талап етуді) басқаға беру шартын жасауға жол берілмейді.
Осы тармақтың мақсаттары үшін үшінші тұлға деп коллекторлық агенттік, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін банктің еншілес ұйымы, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы уәкілетті органға тиесілі, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясы түсініледі.»;
2) 36-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі басталған кезде банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым не берешекті сотқа дейін өндіріп алу туралы шартты жасаған жағдайда коллекторлық агенттік, қарыз алушыны банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен және мерзімдерде, бірақ міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі басталған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей банктік қарыз шарты бойынша төлемдер енгізу қажеттігі және қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамауының салдарлары туралы хабардар етуге міндетті.»;
2-тармақтың 4) тармақшасындағы «жүгінуге құқылы.» деген сөздер «жүгінуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) қарыз алушыда банктік қарыз шарты бойынша қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен астам, жеке тұлғаға берілген ипотекалық қарыз бойынша қатарынан бір жүз сексен күннен астам міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі болған кезде банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) осы Заңның 34-бабы 14-тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген тұлғаға осы Заңның 36-1-бабында көзделген талаптармен басқаға беруге құқылы.»;
3) мынадай мазмұндағы 36-1 және 36-2-баптармен толықтырылсын:
«36-1-бап. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның берешекті сотқа дейін өндіріп алу және (немесе) талап ету құқығын басқаға беру туралы шарттарды жасасу тәртібі
1. Банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға үшінші тұлғалармен нысанасы қарыз алушының берешегін сотқа дейін өндіріп алу, сондай-ақ оған байланысты ақпарат жинау бойынша қызмет көрсету болып табылатын шартты жасасуға, мұндай шарттарды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен коллекторлық агенттіктермен жасасу жағдайларын қоспағанда, тыйым салынады.
Банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға үшінші тұлғалармен нысанасы қарыз алушының берешегін сотқа дейін өндіріп алу, сондай-ақ оған байланысты, қарыз алушы – жеке тұлғаның тұрғын үй түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген берешегіне қатысты, сондай-ақ сот актілері негізінде берілетін атқару құжаттары жөніндегі ақпарат жинау бойынша қызмет көрсету болып табылатын шартты жасасуға жол берілмейді.
2. Банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға мынадай тұлғалармен:
коллекторлық агенттікпен;
банкпен;
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен;
бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін банктің еншілес ұйымымен
дауыс беретін акцияларының жүз пайызы уәкілетті органға тиесілі, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйыммен;
секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясымен ұқсас шарттарды жасасуды қоспағанда, банктік қарыз шарты бойынша құқықтың (талап етудің) үшінші тұлғалармен өту талаптары бар шартты жасасуына тыйым салынады.
3. Банкпен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен банктік қарыз шарты бойынша берешекті сотқа дейін өндіріп алу және (немесе) талап ету құқығын басқаға беру шартын жасасқан тұлға өз қызметінде мынадай:
1) заңдылық;
2) адамның және азаматтың абыройы мен қадыр-қасиетін құрметтеу, оның құқықтары мен бостандығын, оның ішінде жеке өміріне қолсұғылмаушылық, іскерлік беделін қорғау құқықтарын сақтау;
3) заңды тұлғалардың өзінің іскерлік беделін қорғау құқықтарын сақтау;
4) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқықтарын сақтау;
5) ақпараттың құпиялылығы;
6) адалдық;
7) кәсіптік этика;
8) жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа алуға міндетті.
4. Егер банктік қарыз шартында өзгеше көзделмесе, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым қарыз алушының келісімінсіз банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) басқаға беруге құқылы емес.
5. Банктік қарыз шарты бойынша бір қарыз алушыға қатысты құқықты (талап етуді) бірнеше тұлғаға беруге жол берілмейді.
6. Берешекті сотқа дейін өндіріп алу туралы шарт (бұдан әрі – берешекті өндіріп алу туралы шарт) жазбаша нысанда жасалуға, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тапсырма беру не өтеулі қызмет көрсету шартына қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келуге және онда мынадай талаптар:
1) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
2) тараптардың жауапкершілігі;
3) қарыз алушыны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін қарыз
алушы – жеке тұлғаның дербес деректері;
4) қарыз алушы – заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің атауы, мекенжайы және оларды идентификаттайтын мәліметтер (бизнес-идентификаттау нөмірі, дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы жазбаның мемлекеттік тіркеу нөмірі, жеке идентификаттау нөмірі);
5) банктік қарыз бойынша берешектің мөлшері;
6) берешектің сомасы сот шешімімен айқындалған жағдайларды қоспағанда, берешектің құрылымы (негізгі борыштың, комиссиялардын, қарыз бойынша сыйақының, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасы);
7) міндеттеменің орындалуы кепілгерлікпен немесе кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген банктік қарыз бойынша берешекке қатысты, – кепілгер немесе кепілдік беруші туралы мәліметтер;
8) кепілмен қамтамасыз етiлген банктік қарыз бойынша берешекке қатысты, – кепіл нысанасы туралы мәліметтер;
9) берешекті өндіріп алу бойынша қызмет көрсету үшін сыйақының мөлшері, оны айқындау тәртібі, төлеу мерзімдері мен талаптары қамтылуға тиіс. Сыйақы мөлшері жалпы өндіріп алынған соманың елу пайызынан аспауға тиіс;
10) берешекті өндіріп алу бойынша қызмет көрсету мерзімдері;
11) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның коллекторлық агенттікті қарыз алушы жүргізген төлемдер туралы және қарыз алушының берешегі сомасының өзгергені туралы хабардар ету (хабарлау) тәртібі мен мерзімдері;
12) коллекторлық агенттіктің берешекті өндіріп алу туралы шарттың орындалу барысы туралы ақпарат беру тәртібі;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар қамтылуға тиіс.
Берешекті өндіріп алу туралы шарт осы тармақта көрсетілген ақпарат қамтылуға тиіс қарыз алушылардың тізілімін (тізілімдерін) берумен бірге бір немесе бірнеше қарыз алушыға қатысты жасалуы мүмкін.
Берешекті өндіріп алу туралы шарттың тараптары қарыз алушының банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым алдындағы шарттық міндеттемелерін орындауы үшін қажетті және жеткілікті болатын, берілетін мәліметтер мен құжаттарды дербес айқындайды.
Егер берешекті өндіріп алу туралы шартта өзгеше белгіленбесе, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берешекті өндіріп алу туралы шарттың қолданыс мерзімі ішінде тиісті берешекке қатысты берешекті өндіріп алу бойынша дербес әрекеттер жасауға құқылы емес.
Берешекті өндіріп алу туралы шарттың қолданысы шартта және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көрсетілген негіздер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес қарыз алушы банкрот деп танылған жағдайда тоқтатылады.
7. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым құқығының (талап етуінің) банктік қарыз шарты бойынша үшінші тұлғаға өтуінің талаптары қамтылған шарт жасалған кезде (бұдан әрі – талап ету құқығын басқаға беру шарты), банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым:
1) талап ету құқығын басқаға беру шарты жасалғанға дейін қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) құқықтың (талап етудің) үшінші тұлғаға өту мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай басқаға беруге байланысты қарыз алушының дербес деректерін өңдеу туралы банктік қарыз шартында көзделген не Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен хабардар етуге;
2) қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) құқықты (талап етуді) басқаға беру шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде үшінші тұлғаға (банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап) өткен тұлғаның атауы және орналасқан орны) банктік қарызды өтеу бойынша бұдан былайғы төлемдерді тағайындауды, басқаға берілген құқықтың (талап етудің) толық көлемін, сондай-ақ негізгі борыштың, сыйақының, комиссияның, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мерзімі өткен және ағымдағы сомаларының қалдығын және басқа да төленуге жататын сомаларды көрсете отырып, үшінші тұлғаға құқықтың (талап етудің) банктік қарыз шартында көзделген не Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен өткені туралы хабардар етуге;
3) банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) өткен тұлғаға мынадай құжаттардың:
талап ету құқығын басқаға беру шартына қоса берілетін құжаттардың (бар болса);
кепіл нысанасына арналған құқық белгілеуші құжаттардың (егер банктік қарыз кепілмен қамтамасыз етілген жағдайда);
кепілгерлік немесе кепiлдiк шарттарының (егер банктік қарыз бойынша міндеттемені орындау кепілгерлікпен немесе кепiлдiкпен қамтамасыз етілген жағдайда);
қарыз алушының талап ету құқығы (талап етуі) басқаға берілген күнгі берешегі есептеулерінің;
қарыз алушымен наразылық хат алмасуының;
қарыз алушы – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының, қарыз
алушы – жеке тұлғаның және қарыз алушы – дара кәсіпкердің уәкілетті органдарда мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттардың;
қарыз алушының берешекті ішінара өтеуін растайтын құжаттардың;
кепілге салынған мүлікті сату бойынша құжаттардың;
талап ету құқығын басқаға беру шартына сәйкес өзге де құжаттардың түпнұсқаларын және (немесе) көшірмелерін беруге міндетті.
Қарыз алушыға қойылатын барлық құқықтар (талап етулер) басқаға берілген жағдайда банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым қолында бар барлық құжаттардың түпнұсқаларын құқық (талап ету) банктік қарыз шарты бойынша берілген тұлғаға береді.
Қарыз алушыға қойылатын құқықтардың (талап етулердің) бір бөлігі басқаға берілген жағдайда банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осындай құқықты (талап етуді) растайтын құжаттардың түпнұсқаларын сақтауға және құқық (талап ету) банктік қарыз шарты бойынша берілген тұлғаға көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін беруге құқылы;
4) талап ету құқығын басқаға беру шартын жасасқаннан кейін әрбір қарыз алушы бөлігінде төлемдердің талдамасын бере отырып, қарыз алушылардан алынған ақшаны құқық (талап ету) банктік қарыз шарты бойынша берілген тұлғаның банктік шотына берешекті өтеу есебіне аударуға міндетті.
8. Сатып алынған құқықты (талап етуді) бастапқы кредиторға кері сатуды, құқықты (талап етуді) коллекторлық агенттіктерге, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясына, сондай-ақ өзге де банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға беруді (қайта беруді) қоспағанда, банктік қарыз шарты бойынша банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқығы (талап етуі) берілген тұлғаға осындай құқықты (талап етуді) өзге тұлғаларға қайта беруге тыйым салынады.
36-2-бап. Банкпен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен банктік қарыз шарты бойынша берешекті өндіріп алу және (немесе) талап ету құқығын басқаға беру шартын жасаған коллекторлық агенттіктің қарыз алушымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі
1. Банкпен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен банктік қарыз шарты бойынша берешекті өндіріп алу және (немесе) талап ету құқығын басқаға беру шартын жасаған коллекторлық агенттік қарыз алушымен өзара іс-қимыл жасаған кезде:
1) қарыз алушымен әр жеке кездесу кезінде коллекторлық агенттіктің атауын және қарыз алушымен өзара іс-қимыл жасайтын адамның лауазымын, сондай-ақ, егер өндіріп алу тапсырыс берушінің (банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) атынан жүзеге асырылған жағдайда банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауын атай отырып, өзін таныстыруға;
2) коллекторлық агенттіктің жоғары органы бекіткен коллекторлық қызметті және борышкермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру қағидаларын сақтауға;
3) қарыз алушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде берешектің мөлшері мен құрылымы, берешекті өтеу мерзімдері және тәртібі туралы ақпарат беруге;
4) қарыз алушының (немесе оның уәкілетті өкілінің) жазбаша сұрау салуы бойынша сұрау салуды алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда негізгі борыштың, сыйақының, комиссияның, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мерзімі өткен және ағымдағы сомалардың қалдығы туралы, сондай-ақ қарыз алушының сатып алынған құқықтар (талаптар) бойынша берешекті өтеу есебіне келіп түскен ақшасының бөлінуі туралы мәліметтерді айына бір реттен аспайтындай өтеусіз беруге;
5) қарыз алушының бар берешек туралы ақпарат алуы мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушымен өзара
іс-қимыл жасауды қамтамасыз етуге;
6) қарыз алушының талап етуі бойынша немесе оның келісімі бар болғанда қарыз алушымен өзара іс-қимыл жасау процесін аудиотехника және (немесе) бейнетехника құралдарының көмегімен түсіріп алуға;
7) банктен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан, қарыз алушыдан (немесе оның уәкілетті өкілінен) және үшінші тұлғалардан алынған құжаттар мен ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге;
8) құқықты (талапты) беруге байланысты өзіне мәлім болған банктік құпияның және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияның, қарыз алушының дербес деректерінің Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес сақталуын қамтамасыз етуге;
9) мемлекеттің қатысуымен кредиттік бюромен ақпарат беру туралы шарт жасасуға міндетті.
2. Қарыз алушымен өзара іс-қимыл жасау тәсіліне (нысанына) қарамастан, коллекторлық агенттіктің мынадай әрекеттерді жүзеге асыруына (әрекетсіздігіне):
1) талап ету құқығын басқаға беру шарты бойынша кредитордағы құқықтың (талаптың) өтуі кезінде қарыз алушыдан қосымша комиссиялар мен төлемдер алуға;
2) қарыз алушымен және (немесе) оның өкілімен қарыз алушының тұратын жерінің не қарыз алушы тіркелген жердің уақыты бойынша жұмыс күндерi сағат 21:00-ден бастап 8:00-ге дейінгі кезеңде және мереке және демалыс күндерi сағат 19:00-ден бастап 10:00-ге дейінгі кезеңде өзара іс-қимыл жасауға;
3) қарыз алушыға оның талап етуі бойынша коммерциялық құпияны құрайтын құжаттардан басқа, ақпаратты және қарыз алушының берешегін өндіріп алуға өкілеттіктерін растайтын құжаттарды ұсынбауға;
4) қарыз алушы қарызды беру кезінде қарыз алушыда берешектің бар екендігі туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етуге жазбаша келісімді берген жағдайды қоспағанда, үшінші тұлғаларға көрсетілген ақпаратты хабарлауға және олармен өзара іс-қимыл жасауға;
5) берешекті өндіріп алудың Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әдістерін пайдалануға;
6) қарыз алушының берешекті төлеуден жалтаруына жәрдемдесуге;
7) берешекті өндіріп алу туралы шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін өзге де іс-әрекеттерге (әрекетсіздік) жол берілмейді.
3. Қарыз алушымен өзара іс-әрекет жасау кезінде коллекторлық агенттікке мынадай жосықсыз іс-әрекеттер:
1) қарыз алушыны берешектің мөлшеріне, сипатына және пайда болу негіздеріне қатысты жаңылыстыруға;
2) күш қолдану не қарыз алушыны немесе онымен байланысты үшінші тұлғаларды масқаралайтын, жариялануы қарыз алушының немесе онымен байланысты үшінші тұлғалардың мүдделеріне зиян келтіретін мәліметтерді тарату қаупін төндіретін қарыз алушының немесе онымен байланысты үшінші тұлғалардың мүлкін немесе мүлікке құқығын беруді талап етуге;
3) азаматтардың құқықтары мен бостандығына қол сұғатын, сондай-ақ азаматтардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы іс-әрекеттерді жасауға;
4) күш қолдану; тіл тигізу, алаяқтық, жалған құжаттар жасау, бопсалау қаупін төндіру арқылы қарыз алушыны шарттық міндеттемелерін орындауға мәжбүрлейтін қысым көрсетуге;
5) берешекті өндіріп алу туралы шарт бойынша өзара іс-қимыл жасаған жағдайда, қарыз алушыдан берешегін өтеу есебінен ақшалай қаражаттар (оның ішінде қолма-қол нысанда), сондай-ақ өзге де мүлікті қабылдауға;
6) қарыз алушыдан берешекті өтеу есебіне қолма-қол ақшаны, өзге де мүлікті қабылдауға;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, банктен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан және үшінші тұлғалардан алынған құпия ақпаратты жария етуге;
8) қарыз алушының саяси және діни нанымдарына байланысты мәліметтерді жинауға тыйым салынады.
4. Коллекторлық агенттік берешекті өндіріп алу туралы шарт бойынша қарыз алушыға қатысты мынадай іс-шаралар қолдануға құқылы:
1) қарыз алушы туралы ақпаратты талдау, жинау, өңдеу және байланыс ақпаратын белгілеу;
2) банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 36-бабының талаптарына сәйкес осындай хабарламаны жібермеген жағдайда, банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен және мерзімде қарыз алушыны хабардар ету;
3) күнтізбелік алпыс күннен асатын берешегі болған кезде осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен қарыз алушымен өзара іс-қимылдарды жүзеге асыру.»;
4) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«37-бап. Талап қоюдың ескіру мерзімі
1. Банктердiң, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктердiң еншілес ұйымдарының, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның кредит шарттарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін қарыз алушыларға қоятын талаптарға талап қоюдың ескіру мерзімі қолданылмайды.
2. Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың шарттарын тиісінше орындау бойынша қарыз алушыға талап ету құқығы (талаптары) берілген үшінші тұлғалардың талаптары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бес жылды құрайды.
Талап қоюдың ескіру мерзімі талап ету құқығын басқаға беру шарты жасалған күннен бастап есептеледі.»;
5) 40-1-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Банк омбудсманы қарыз алушының өтініші негізінде жеке тұлға болып табылатын қарыз алушы және осындай банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап) берілген тұлғамен жасасқан банктік қарыз шартынан немесе микрокредит беру туралы шартынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асырады.»;
6) 40-3-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Банк омбудсманының шешімі, қарыз алушы оны қабылдаған жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым үшін міндетті.
Банк омбудсманының шешімі, қарыз алушы оны қабылдаған жағдайда, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап) берілген тұлға үшін міндетті.
Банк омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда, мүдделі тарап өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы.»;
7) 50-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 4-8-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өздерінің қызметтік мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты болатын банк құпиясын құратын мәлiметтерге рұқсат алған банктердің, Қазақстан Республикасының резиденттері-банк холдингтерінің, осы баптың 4-тармағының 8), 8-1) және 8-2) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өзге адамдар оларды жария еткенi үшiн қылмыстық жауаптылықта болады.»;
4-тармақтың екінші бөлігінде:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) банктердің осы кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруі кезінде, негізгі борыш және (немесе) есепке жазылған сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар кредитке (қарызға) байланысты ақпаратты осы Заңның 34-бабы 14-тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген тұлғаларға беруі;»;
мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:
«8-2) банктердің коллекторлық агенттікке осы коллекторлық агенттікпен берешекті өндіріп алу туралы жасасқан шарт шеңберінде кредит (қарыз) бойынша ақпарат беруі;».
7. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат, 2015 жылғы 26 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 13-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13-1) кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат - заңды тұлға болып табылатын кредиттік тарих субъектісінің сот шешімімен таратылуы туралы немесе кредиттік тарих субъектісінің күнтізбелік тоқсан күннен асатын мерзімі өтіп кеткен берешегінің болуы туралы мәліметтерді қамтитын, кредиттік тарих субъектісі туралы кредиттік есептің қысқаша нысаны;»;
2) 11-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңнамасы бұзылған жағдайда, уәкiлетті орган кредиттiк бюроға, банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, микроқаржы ұйымына, коллекторлық агенттікке жазбаша нұсқама жiберуге құқылы.»;
3) 18-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер;»;
4) 20-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер;»;
5) 24-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Коллекторлық агенттіктердің банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, микроқаржы ұйымдарынан банктік қарыз шарттары, микрокредитті беру шарттары бойынша иеленген құқықтар (талаптар) бойынша кредиттік бюроларға ұсынатын ақпаратта:
1) негізгі борыш сомасы борышты иелену күніне есептелген сыйақы, айып (айыппұл) және өзге де аударымдар мөлшерін қамтитын борыштың жалпы сомасы;
2) борышты иелену күні;
3) борышты өтеу күні (кесте бойынша және нақты);
4) міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің тәсілдері мен құрамы туралы ақпарат;
5) ол болған кезде кредиттік тарихтың субъектісі туралы теріс ақпарат;
6) тараптардың келісуі бойынша өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.».
8. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламенті Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат, № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 17 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 19-баптың 3 және 3-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұйымдар (қаржы ұйымдарынан, микроқаржы ұйымдарынан, коллекторлық агенттіктерден, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларынан және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржы компанияларынан басқа) жылдық қаржылық есептерін есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 30 сәуiрiнен кешiктiрмей табыс етеді.
3-1. Қаржы ұйымдары, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниялары және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржы компаниялары жылдық қаржылық есептерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде табыс етеді.»;
2) 20-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған қаржы ұйымдарында, микроқаржы ұйымдарында, коллекторлық агенттіктерде, арнайы қаржы компанияларында, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржы компанияларында, Қазақстанның Даму Банкінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актілер мен оларға әдістемелік ұсынымдар қабылдау арқылы жүзеге асырады.»;
6-тармақта:
1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қаржы ұйымдары, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер үшін:»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қаржы ұйымдарының, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарын және халықаралық стандарттарды сақтауына бақылауды жүзеге асырады;».
9. «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 4-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) үшінші тұлғаға берілген кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының кредитордың қарыз алушымен микрокредит беру туралы шарты шеңберіндегі өзара қарым-қатынастарына қойылатын талаптары мен шектеулері құқық (талап ету) берілген үшінші тұлғамен қарыз алушының құқықтық қатынастарына қолданылады.
Құқық (талап ету) берілген үшінші тұлғаның осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптарын бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Микроқаржы ұйымының үшінші тұлғалармен қарыз алушы жеке тұлғаның тұрғын үй түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген берешегіне қатысты құқықты (талап ету) беру шартын жасауына жол берілмейді.
Осы тармақтың мақсаты үшін коллекторлық агенттік, микроқаржы ұйымы, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамаға сәйкес құрылған арнайы қаржы ұйымы үшінші тұлғаны білдіреді.»;
2) 7-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) қарыз алушыда микрокредит беру туралы шарт бойынша қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен астам міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі болған кезде микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) осы Заңның 4-бабы 4-1-тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген тұлғаға осы Заңның 9-1-тармағында көзделген талаптармен беруге;»;
3) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) осы Заңның 4-бабы 4-1-тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген тұлғамен келіспеушіліктерді реттеу үшін микрокредит беру туралы жасасқан шарты бойынша құқықты (талап ету) берген жағдайда банк омбудсманына жүгінуге құқығы бар. Көрсетілген құқық жеке тұлға болып табылатын қарыз алушыға қатысты қолданылады.»;
4) мынадай мазмұндағы 9-1 және 9-2-баптармен толықтырылсын:
«9-1-бап. Микроқаржы ұйымының берешекті сотқа дейін өндіріп алу және (немесе) талап ету құқығын беру туралы шарттарды жасасу тәртібі
1. Микроқаржы ұйымына үшінші тұлғалармен нысанасы қарыз алушының берешегін сотқа дейін өндіріп алу, сондай-ақ, онымен байланысты ақпарат жинау жөнінде қызмет көрсету болып табылатын шарт жасасуға, мұндай шарттарды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен коллекторлық агенттіктермен жасасу жағдайларын қоспағанда, тыйым салынады.
Микроқаржы ұйымына үшінші тұлғалармен нысанасы жеке тұлға - қарыз алушының тұрғын үй түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген берешегіне қатысты, сондай-ақ сот актілері негізінде берілетін атқару құжаттары бойынша қарыз алушының берешегін сотқа дейін өндіріп алу, сондай-ақ онымен байланысты ақпарат жинау бойынша қызмет көрсету болып табылатын шарт жасасуға жол берілмейді.
2. Микроқаржы ұйымына мынадай тұлғалармен:
коллекторлық агенттікпен;
микроқаржы ұйымымен;
секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясымен ұқсас шарттарды жасасуды қоспағанда, микрокредит беру туралы шарты бойынша құқықтың (талап етудің) үшінші тұлғаға өту талаптары бар шартты жасауына тыйым салынады.
3. Микроқаржы ұйымы берешекті сотқа дейін өндіріп алу және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беру туралы шарт жасаған тұлға өз қызметінде:
1) заңдылық;
2) адамның және азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу, оның құқықтары мен бостандықтарын сақтау, оның ішінде жеке өміріне қолсұғылмаушылық, іскерлік беделін қорғау;
3) заңды тұлғалардың іскерлік беделін қорғауы үшін олардың құқықтарын сақтау;
4) микроқаржы ұйымының құқықтарын сақтау;
5) ақпараттың құпиялылығы;
6) адалдық;
7) кәсіптік этика;
8) жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа алуға міндетті.
4. Микроқаржы ұйымы, егер микрокредит беру туралы шартта өзгеше көзделмесе, қарыз алушының келісімінсіз микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) беруге құқылы емес.
5. Микрокредит беру туралы шарт бойынша бір қарыз алушыға қатысты құқықты (талап етуді) бірнеше тұлғаға беруге жол берілмейді.
6. Берешекті сотқа дейін өндіріп алу туралы шарт (бұдан әрі – берешекті өндіріп алу туралы шарт) жазбаша нысанда жасалуға, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тапсырма беру не өтеусіз қызмет көрсету шартына қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келуге және мынадай:
1) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
2) тараптардың жауапкершілігі;
3) қарыз алушыны идентификаттауға мүмкіндік беретін қарыз алушы жеке тұлғаның дербес деректері;
4) қарыз алушы – заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің атауы, мекенжайы және оларды идентификаттайтын мәліметтер (бизнес-идентификаттау нөмірі, дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы жазбаның мемлекеттік тіркеу нөмірі, жеке идентификаттау нөмірі);
5) микрокредит бойынша берешектің мөлшері;
6) берешектің сомасы сот шешімімен айқындалған жағдайларды қоспағанда, берешектің құрылымы (негізгі борыштың, комиссияның, қарыз бойынша сыйақының, айыпақының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасы);
7) міндеттеменің орындалуы кепілгерлікпен немесе кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген микрокредит бойынша берешекке қатысты, – кепілгер немесе кепілдік беруші туралы мәліметтер;
8) кепілмен қамтамасыз етiлген микрокредит бойынша берешекке қатысты, – кепіл нысанасы туралы мәліметтер;
9) берешекті өндіріп алу бойынша қызмет көрсету үшін сыйақының мөлшері, оны айқындау тәртібі, төлеу мерзімдері мен талаптары қамтылуға тиіс. Сыйақы мөлшері жалпы өндіріп алынған соманың елу пайызынан аспауға тиіс;
10) берешекті өндіріп алу бойынша қызмет көрсету мерзімдері;
11) микроқаржы ұйымының коллекторлық агенттікті қарыз алушы жүргізген төлемдер туралы және қарыз алушы берешегі сомасының өзгергені туралы хабардар ету (хабарлау) тәртібі мен мерзімдері;
12) коллекторлық агенттіктің кредиторға берешекті өндіріп алу туралы шарттың орындалу барысы туралы ақпарат беру тәртібі;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар қамтылуға тиіс.
Берешекті өндіріп алу туралы шарт бір немесе бірнеше қарыз алушыға қатысты осы тармақта көрсетілген ақпаратты қамтитын қарыз алушылардың тізілімін (тізілімдерін) беру арқылы жасалуы мүмкін.
Берешекті өндіріп алу туралы шарттың тараптары қарыз алушының микроқаржы ұйымы алдындағы шарттық міндеттемелерін орындауы үшін қажетті және жеткілікті болатын, берілетін мәліметтер мен құжаттарды дербес айқындайды.
Егер өндіріп алу туралы шартта өзгеше белгіленбесе, микроқаржы ұйымы өндіріп алу туралы шарттың қолданылу мерзімі ішінде тиісті берешекке қатысты берешекті өндіріп алу бойынша дербес іс-әрекеттер жасауға құқылы емес.
Берешекті өндіріп алу туралы шарттың қолданылуы шартта және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көрсетілген негіздер бойынша, сондай-ақ оңалту және банкроттық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушы банкрот деп танылған жағдайда тоқтатылады.
7. Үшінші тұлғаға микрокредит беру туралы шарт (бұдан әрі – талап ету құқығын басқаға беру шарты) бойынша микроқаржы ұйымы құқықтың (талап етудің) өту талаптары бар шарт жасалған кезде микроқаржы ұйымы:
1) талап ету құқығын басқаға беру шарты жасалғанға дейін қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) құқықтың (талап етудің) үшінші тұлғаға өту мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай беруге байланысты қарыз алушының дербес деректерін өңдеу туралы микрокредит беру туралы шартта көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен хабарлауға;
2) қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) талап ету құқығын басқаға беру шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде үшінші тұлғаға (микрокредит беру туралы шарты бойынша құқық (талап ету) өткен тұлғаның атауы және орналасқан орны) микрокредитті өтеу бойынша бұдан былайғы төлемдерді тағайындауды, берілген құқықтардың (талап етулердің) толық көлемін, сондай-ақ негізгі борыштың мерзімі өткен және ағымдағы сомаларының қалдығын, сыйақыны, комиссияны, айыпақы (айыппұлды, өсімпұлды) және басқа да төленуге жататын сомаларды көрсете отырып микрокредит беру шартында көзделген не Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен үшінші тұлғаға құқықтың (талап етулердің) өткені туралы хабарлауға;
3) микрокредит беру туралы шарты бойынша құқық (талап ету) өткен тұлғаға төмендегі құжаттардың түпнұсқаларын және (немесе) көшірмелерін:
талап ету құқығын басқаға беру шартына қоса берілетін құжаттарды (бар болса);
кепіл нысанасына құқық белгілеуші құжаттарды (егер микрокредит кепілмен қамтамасыз етілген жағдайда);
кепілгерлік немесе кепiлдiк шарттарын (егер микрокредит бойынша міндеттемені орындау кепілгерлікпен немесе кепiлдiкпен қамтамасыз етілген жағдайда);
қарыз алушының талап ету құқығы (талап ету) берілген күнгі берешегін есептеуді;
қарыз алушымен кінә қоятын хат алмасуды;
қарыз алушы – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, қарыз алушы – жеке тұлғаның және қарыз алушы – дара кәсіпкердің уәкілетті органдарда мемлекеттік тіркелуін растайтын құжатты;
қарыз алушының берешекті толық немесе ішінара өтеуін растайтын құжаттарды;
кепілге салынған мүлікті сату бойынша құжаттарды;
талап ету құқығын басқаға беру шартына сәйкес өзге де құжаттарды беруге міндетті.
Қарыз алушыға барлық құқықтар (талап етулер) берілген жағдайда микроқаржы ұйымы өзінде бар барлық құжаттардың түпнұсқаларын микрокредит беру туралы шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаға береді.
Қарыз алушыға қойылатын құқықтардың (талап етулердің) бір бөлігі басқаға берілген жағдайда микроқаржы ұйымы осындай құқықтарды (талап етулерді) куәландыратын құжаттардың түпнұсқаларын сақтауға және көрсетілген құжаттардың нотариаттық түрде куәландырылған көшірмелерін микрокредит беру туралы шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаға беруге құқылы;
4) талап ету құқығын беру шартын жасасқаннан кейін әрбір қарыз алушы бөлігінде төлемдердің талдамасын бере отырып, қарыз алушылардан алынған ақшаны микрокредит беру туралы шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның банктік шотына берешекті өтеу есебіне аударуға міндетті.
8. Микроқаржы ұйымдарының сатып алынған құқықты (талап етуді) кері сатуды (қайтаруды), коллекторлық агенттіктерге, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясына, сондай-ақ өзге де микроқаржы ұйымдарына құқықты (талап етуді) беруді (қайта беруді) қоспағанда, микрокредит беру туралы шарты бойынша микроқаржы ұйымының құқығы (талап етуді) берілген тұлғаға осындай құқықты (талап етуді) өзге тұлғаларға қайта беруге тыйым салынады.
9-2-бап. Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алу және (немесе) талап ету құқығын басқаға беру шартын жасаған коллекторлық агенттіктің қарыз алушылармен өзара іс-әрекет жасау тәртібі
1. Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алу және (немесе) талап ету құқығын басқаға беру шартын жасаған коллекторлық агенттік қарыз алушымен өзара іс-әрекет жасаған кезде:
1) қарыз алушымен әрбір жеке байланысқан кезінде коллекторлық агенттіктің атауын және қарыз алушымен өзара іс-әрекет жасайтын адамның лауазымын, сондай-ақ, егер өндіріп алу тапсырыс берушінің (микроқаржы ұйымының) атынан жүзеге асырылған жағдайда микроқаржы ұйымының атауын атай отырып, өзін таныстыруға;
2) коллекторлық агенттіктің жоғары органы бекіткен коллекторлық қызметті және борышкермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру қағидаларын сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде қарыз алушыға берешектің мөлшері мен құрылымы, берешекті өтеу мерзімдері және тәртібі туралы ақпарат беруге;
4) қарыз алушының (немесе оның уәкілетті өкілінің) жазбаша сұрау салуы бойынша сұрау салуды алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда негізгі борыштың, сыйақының, комиссияның, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мерзімі өткен және ағымдағы сомалардың қалдығы туралы, сондай-ақ қарыз алушының сатып алынған құқықтар (талаптар) бойынша берешекті өтеу есебіне келіп түскен ақшасының бөлінуі туралы мәліметтерді айына бір реттен аспайтындай өтеусіз беруге;
5) қарыз алушының бар берешек туралы ақпарат алуы мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушымен өзара
іс-әрекет жасауды қамтамасыз етуге;
6) қарыз алушының талап етуі бойынша не оның келісімі бар болғанда қарыз алушымен өзара іс-әрекет жасау процесін аудиотехника және (немесе) бейнетехника құралдарының көмегімен түсіріп алуға;
7) микроқаржы ұйымынан, қарыз алушыдан (немесе оның уәкілетті өкілінен) және үшінші тұлғалардан алынған құжаттар мен ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге;
8) құқықты (талапты) беруге байланысты өзіне мәлім болған микрокредит беру құпиясының және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияның, қарыз алушының дербес деректерінің Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес сақталуын қамтамасыз етуге;
9) мемлекеттің қатысуы бар кредиттік бюромен ақпарат беру туралы шарт жасасуға міндетті.
2. Қарыз алушымен өзара іс-әрекет жасау тәсіліне (нысанына) қарамастан, коллекторлық агенттіктің мынадай әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жүзеге асыруына жол берілмейді:
1) талап ету құқығын басқаға беру шарты бойынша кредитордағы құқықтың (талаптың) өтуі кезінде қарыз алушыдан қосымша комиссиялар мен төлемдер алу;
2) қарыз алушымен және (немесе) оның өкілімен қарыз алушының тұратын жерінің не қарыз алушы тіркелген жердің уақыты бойынша жұмыс күндерi сағат 21:00-ден бастап 8:00-ге дейінгі кезеңде және мереке және демалыс күндерi сағат 19:00-ден бастап 10:00-ге дейінгі кезеңде өзара іс-әрекет жасау;
3) коммерциялық құпияны құрайтын құжаттардан басқа, қарыз алушыға оның талап етуі бойынша ақпаратты және қарыз алушының берешегін өндіріп алуға өкілеттіктерін растайтын құжаттарды ұсынбау;
4) қарыз алушыда берешектің бар екендігі туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етуге жазбаша келісімді қарыз алушы микрокредитті беру кезінде берген жағдайды қоспағанда, үшінші тұлғаларға көрсетілген ақпаратты хабарлау және олармен өзара іс-әрекет жасау;
5) берешекті өндіріп алудың Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әдістерін пайдалану;
6) қарыз алушының берешекті төлеуден жалтаруына жәрдемдесуге;
7) берешекті өндіріп алу туралы шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін өзге де іс-әрекеттер (әрекетсіздік).
3. Қарыз алушымен өзара іс-әрекет жасау кезінде коллекторлық агенттікке мынадай жосықсыз іс-әрекеттер:
1) қарыз алушыны берешектің мөлшеріне, сипатына және пайда болу негіздеріне қатысты шатастыруға;
2) күш қолданып не қарыз алушыны немесе онымен байланысты үшінші тұлғаларды ұятқа қалдыратын, жария ету қарыз алушының немесе онымен байланысты үшінші тұлғалардың мүддесіне зиян келтіретін мәліметтерді таратумен қорқыту арқылы қарыз алушының немесе онымен байланысты үшінші тұлғалардың мүлкін немесе мүлікке құқығын беруді талап етуге;
3) азаматтардың құқықтары мен бостандығына қол сұғатын, сондай-ақ азаматтардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы іс-әрекеттерді жасауға;
4) күш қолдану, қорлау, алаяқтық, жалған құжаттар жасау, бопсалау қатерін төндіру арқылы қарыз алушыны шарттық міндеттемелерін орындауға мәжбүрлейтін қысым көрсетуге;
5) қарыз алушыдан ақшалай қаражат (оның ішінде қолма-қол нысанда), сондай-ақ берешекті өндіріп алу туралы шарт бойынша өзара іс-қимыл жасаған жағдайда берешегін өтеу есебіне өзге де мүлікті қабылдауға;
6) қарыз алушыдан қолма-қол ақшаны, сондай-ақ берешегін өтеу есебіне өзге де мүлікті қабылдауға;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, микроқаржы ұйымдарынан және үшінші тұлғалардан алынған құпия ақпаратты жария етуге;
8) қарыз алушының саяси және діни нанымдарына байланысты мәліметтер жинауды жүзеге асыруға тыйым салынады.
4. Коллекторлық агенттік берешекті өндіріп алу туралы шарт бойынша қарыз алушыға қатысты мынадай іс-шаралар қолдануға құқылы:
1) қарыз алушы туралы ақпаратты талдау, жинау, өңдеу жүргізу және байланыс ақпаратын белгілеу;
2) микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен және мерзімдерде қарыз алушыны хабардар ету;
3) күнтізбелік алпыс күннен асатын берешек болған кезде осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен қарыз алушымен өзара іс-әрекеттерді жүзеге асыру.»;
5) 10-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Микроқаржы ұйымдар берген шарттарды тиісінше орындау бойынша қарыз алушыға талап ету құқығы (талаптары) берілген үшінші тұлғалардың талаптары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бес жылды құрайды.
Талап қоюдың ескіру мерзімі талап ету құқығын басқаға беру шарты жасалған күннен бастап есептеледі.»;
6) 21-баптың 6-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) микроқаржы ұйымдарының осы Заңның 4-бабы 4-1-тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген тұлғаларға күнтізбелік тоқсан күннен асатын мерзімі өткен берешегі бар микрокредитпен байланысты ақпаратты беруі;»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) микроқаржы ұйымдарының коллекторлық агенттікке осы коллекторлық агенттікпен жасалған берешекті өндіріп алу туралы шарттар шеңберінде микрокредитке байланысты ақпарат беруі микрокредит беру құпиясының ашылуы болып табылмайды.».
10. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 8, 142-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 12 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 18 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 19 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 28-2-бап мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) борышкердің кредитор алдындағы берешегін өндіріп алуды жүзеге асыратын коллекторлық агенттіктің борышкерге қатысты берешекті сотқа дейін өндіріп алу туралы шартты орындауы тоқтатыла тұрады.»;
2) 50-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) борышкердің кредитор алдындағы берешегін өндіріп алуды жүзеге асыратын коллекторлық агенттіктің борышкерге қатысты берешекті сотқа дейін өндіріп алу туралы шартты орындауы тоқтатыла тұрады;».
11. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 14 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 18 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 20 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 20 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 26 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 26 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
көрсетілген Заңның 2-қосымшасында:
Екінші санаттағы рұқсаттар тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 29-1-жолмен толықтырылсын:
«
29-1. |
Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу |
Коллекторлық агенттіктің коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізілгені туралы хабарламасы |
Мерзімсіз рұқсат; конкурс рәсімін қолдануға келмейді; рұқсат беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінің және 26-бабының 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды |
».
2-бап.
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 6-тармағының 3) тармақшасы төртінші абзацының және 9-тармағының 4) тармақшасы төртінші абзацының талаптары банктердің және микроқаржы ұйымдарының борышкердің берешегін өндіріп алу бойынша, сондай-ақ тұрғын үй түрінде кепілмен қамтамасыз етілген жеке тұлға клиенттің берешегіне қатысты, онымен байланысты ақпаратты жинақтау, сондай-ақ сот актілері негізінде берілетін атқару құжаттары бойынша талаптары бар шарттарды әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуден және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен коллекторлық агенттіктермен жасауға қатысты «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл ішінде қолданылмайды.
2. Осы Заңның 1-бабы 6-тармағының 3) тармақшасы бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарының және 9-тармағының 4) тармақшасы бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарының талаптары осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған банктік қарыз шарттарына және микрокредитті беру туралы шарттарға қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті