Қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануды қамтамасыз етуге міндетті болатын жекелеген қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1129 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 208 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.04.2018 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 645-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануды қамтамасыз етуге міндетті болатын жекелеген қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1129 қаулысымен
бекітілген

Қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануды қамтамасыз етуге міндетті болатын жекелеген қызмет түрлерінің тізбесі

Р/с

Қызмет түрлері

1

2

1.

Ағаш материалдарын, құрылыс материалдарын және сантехникалық жабдықтарды көтерме саудада сату

2.

Металл бұйымдарын, су құбырын және жылыту жабдықтары мен мүкәммалын көтерме саудада сату

3.

Компьютерлерді, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтымды бөлшек саудада сату

4.

Аудио және бейнетехниканы бөлшек саудада сату

5.

Тұрмыстық электр аспаптарын бөлшек саудада сату

6.

Жиһазды, жарықтандыру жабдықтары мен өзге де тұрмыстық керек- жарақтарды бөлшек саудада сату

7.

Қонақ үйлердің көрсетілетін қызметтерді ұсынуы

8.

Мейрамханалар және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер

9.

Кинофильмдер көрсету жөніндегі қызмет

10.

Шаштараздардың және сұлулық салондарының көрсетілетін қызметтерді ұсынуы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады