Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1151 қаулысы

      «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекiтiлсiн.
      2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың (келiсiм бойынша) бiрiншi басшылары:
      1) Іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі шараларды қабылдасын;
      2) 2016 жылғы 20 мамырдан және 10 қарашадан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгi 2016 жылғы 10 маусымнан және 10 желтоқсаннан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесі 2016 жылғы 10 шілдеден және 2017 жылғы 10 қаңтардан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiне жүктелсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1151 қаулысымен      
бекітілген         

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 06.10.2016 № 570 қаулысымен.

Р/с №

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1

Құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік (толерантты болмау)» қағидатын ұстану жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ІІМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2-тоқсан

2

Интернет желісінде орналастырылған туындылардың авторлық құқықтарын қорғаудың жай-күйін зерделеу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Әділетмині, ІІМ, ИДМ

2-тоқсан

3

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Әділетмині

2-тоқсан

4

Кешенді сипаттағы құқықтық қатынастарды реттеу мәні болатын «шоғырландырылған» немесе «кешенді» заң ұғымын одан әрі енгізу және заң жүзінде бекіту жөніндегі мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Әділетмині

2-тоқсан

5

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.10.2016 № 570 қаулысымен.

6

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.10.2016 № 570 қаулысымен.

7

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Әділетмині

3-тоқсан

8

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.10.2016 № 570 қаулысымен.

9

Жергілікті полиция қызметінің құқық қолдану практикасын талдау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ІІМ

4-тоқсан

10

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.10.2016 № 570 қаулысымен.

11

Азаматтық процестік кодекстің құқық қолдану практикасын талдау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ЖС (келісім бойынша)

4-тоқсан

12

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

Әділетмині

4-тоқсан

13

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң нормативтік қаулыларын iске асыру

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесіне ақпарат

Әділетмині,
мүдделі мемлекеттік органдар

4-тоқсан

14

Заң жобаларына заңдық (құқықтық) сараптама жүргізу әдістемесін әзірлеу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Әділетмині

4-тоқсан

15

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.10.2016 № 570 қаулысымен.

16

Азаматтықты және қазақстандық патриотизмді насихаттауға, Конституцияға, Қазақстан Республикасының заңдары мен мемлекеттік рәміздеріне құрметті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жүйелі негізде өткізу

дәрістер, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу

Әділетмині,
орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

жыл бойы

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
      IIМ – Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлігі
      ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
      ЖС – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады