Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының алдын ала институционалдық құрылымы бойынша зерттеуді дайындау бойынша техникалық көмек гранты туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 66 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының алдын ала институционалдық құрылымы бойынша зерттеуді дайындау бойынша техникалық көмек гранты туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Бақыт Данабекұлы Батыршаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының алдын ала институционалдық құрылымы бойынша зерттеуді дайындау бойынша техникалық көмек гранты туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2016 жылғы 10 ақпандағы
№ 66 қаулысымен     
мақұлданған       

Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының алдын ала институционалдық құрылымы бойынша зерттеуді дайындау жөніндегі техникалық көмек гранты туралы келісім

Мазмұны

1-бап

Анықтамалар

3

2-бап

Грант сомасы

3

3-бап

Грант сомасының қаражатын алу және пайдалану

3

4-бап

Гранттың күшін жою немесе тоқтата тұру

4

5-бап

Растамалар және кепілдіктер

5

6-бап

Зерттеуді орындау

5

7-бап

Үкіметтің міндеттемелері

6

8-бап

Есептер мен ұсынымдар

7

9-бап

Күшіне енуі

7

10-бап

Үйлестіру және хабарламалар

7

11-бап

Әртүрлі

8

Қолтаңбалар


9

1-қосымша

Анықтамалар

10

2-қосымша

Зерттеудің сипаттамасы

12

3-қосымша

Грант сомасын алу

14

      Келісім 2016 ж. __/__ сәйкес келетін хижра бойынша 1437 ж. ___/_______ мыналардың:
      Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі «Үкімет» деп аталады); мен
      қатысушы елдер қол қойып, ратификациялаған Келісімнің баптарына сәйкес құрылған, штаб-пәтері Сауд Арабиясы Корольдігінің Джидда қаласында орналасқан халықаралық қаржы институты – Ислам Даму Банкі (бұдан әрі «Банк» деп аталады) арасында жасалды.
      Үкімет пен Банк бұдан әрі жеке алғанда «Тарап» және бірлесіп «Тараптар» деп аталады

      Мыналарды
      А. Осы Келісімге 2-қосымшада сипатталған Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының алдын ала институционалдық құрылымы бойынша зерттеу (бұдан әрі «Зерттеу» деп аталады) жүргізу үшін Үкімет Банкке грант беруді сұратқанын.
      B. Банк хижра бойынша 02/06/1435 (02/04/2014 ж.), атап айтқанда, жоғарыда аталғанның негізінде төменде айқындалған мерзімдерде және шарттарда грант бөлуді мақұлдағанын және келіскенін ескере отырып.
      осы арқылы Тараптар төмендегі туралы келісті:

      l-бап. Анықтамалар
      Бас әріптен басталатын терминдердің оларға 1-қосымшада берілген мағыналары бар.

      2-бап. Грант сомасы
      Банк Үкіметке шамамен алғанда US$ 300,000 (үш жүз мың АҚШ долларына) барабар ID200,000 (екі жүз мың ислам динарынан) аспайтын сомада грант (бұдан әрі «Грант сомасы» деп аталады) береді.

      3-бап. Грант сомасының қаражатын алу және пайдалану
      1. Шоттан алу: Грант сомасы Банктің Төлем рәсімдеріне және  3-қосымшаға сәйкес алынатын болады.
      2. Грант сомасының қаражаты осы баптың 4-тармағына сәйкес  2-қосымшада көрсетілген жұмыстарды орындауға жұмсалатын шығыстарды жабу үшін ғана пайдаланылатын болады.
      3. Сатып алу рәсімі: Зерттеу үшін сатып алу рәсімі төменде сипатталған тәртіппен және Сатып алу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылатын болады:
      Зерттеуді «сапа негізінде іріктеп алу» (QBS) бағалау әдісін пайдалана отырып, Банкке мүше елдердің консалтингтік компанияларының қысқа тізімі негізінде жалданатын танымал халықаралық консалтингтік компания орындайтын болады.
      4. Грант сомасын пайдалану: Грант сомасы Банк қаржыландыратын Зерттеу мақсаттары үшін ғана пайдаланылуға тиіс. Іс жүзінде Үкімет санкциялауға жататын қызмет орын алған жағдайда мұндай практиканы шешуге арналған, Банкті қанағаттандыратын уақтылы және тиісті іс-шараларды Үкімет қабылдамастан Грант сомасын алу үшін Үкімет немесе басқа үкіметтер өкілдерінің тарапынан орын алып отырған осындай қызметке қатысты Банк айқындаған кез келген шығыстарды қаржыландыруға пайдаланылмауын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      5. Бірінші төлемге өтінім беру күні: егер осы Келісімге қол қойылған күннен бастап 6 (алты) ай ішінде немесе Үкімет пен Банктің келісуі бойынша одан кейінірек мерзімде Үкімет Атқарушы агенттік арқылы Банкке Бірінші төлемді жүргізуге өтінім бермесе, Банк Үкіметті хабардар еткеннен кейін, Грант сомасын беруден бас тарта және осы Келісімнің күшін жоя алады.
      6. Жабу күні – 2017 жылғы 31 желтоқсан.

      4-бап. Гранттың күшін жою және оны тоқтата тұру
      1. Банктің тоқтата тұруы: келесі жағдайлардың бірінде Банк Үкіметті хабардар ете отырып, Грант сомасын немесе оның кез келген бөлігін тоқтата алады:
      (a) Үкімет осы Келісімнің кез келген ережесін немесе шартын бұзса немесе осы Келісімнің аясында қандай да бір міндеттемені орындамаса;
      (b) мынадай:
      (i) нәтижесінде Үкіметтің Зерттеуді орындауы мүмкін болмайтын немесе
      (ii) Келісімнің жасалған мақсаттарға қол жеткізуге кедергі жасайтын оқыс жағдай туындаса;
      (c) Қазақстанның Банктегі мүшелігі тоқтатыла тұрса немесе тоқтатылса;
      (d) Келісімге сәйкес кез келген мәнді қатынаста Үкімет орындаған растамалар немесе осы орайда орындалған және Банк Грант сомасын беруі үшін негіз болуға арналған кез келген мәлімдеме қате жасалған болса;
      (e) Егер Банк кез келген уақытта келіссөздерге, Зерттеуді орындауға немесе іске асыруға қатысты, соның ішінде сатып алуға немесе қаржыландырудан түскен түсім есебінен толық немесе ішінара мөлшерде қаржыландыру үшін келісімшартты орындауға қатысты кез келген жеке немесе заңды тұлғаның санкциялауға жататын қызметпен айналысатынын анықтаса және Үкіметтің туындаған осындай ахуалды түзету мен осындай практиканы шешу үшін уақыт бөлмегенін және Банкке қолайлы тиісті іс-қимыл жасамағанын анықтаса.
      Үкіметтің шоттан қаражат алу құқығы мән-жайларға қарай осындай тоқтата тұруға әкеп соққан оқиға немесе оқиғалар тоқтағанға дейін немесе Банк Үкіметті шоттан алуды жүзеге асыру құқығы қалпына келгендігі туралы хабардар еткенше тұтас немесе ішінара тоқтатылады. Алайда, осындай хабардар ету немесе қалпына келтіру жағдайында шоттан алу құқығы тек сол деңгейде және осындай хабарламада көрсетілген шарттарға сәйкес қалпына келтірілетін болады. Әрі осындай хабарлама осы тармақта көрсетілген қандай да басқа немесе бұдан кейінгі оқиғаға қатысты әсер етпейді және Банктің қандай да бір құқығына, өкілеттігіне немесе қорғану құралдарына нұқсан келтірмейді.
      2. Банктің күшін жоюы: Банк егер:
      (a) Грант сомасының кез келген бөлігіне қатысты Үкіметтің шоттан алу құқығы үздіксіз 30 күн бойы тоқтатыла тұрса; немесе
      (b) Банк Үкіметпен консультация жүргізгеннен кейін кез келген уақытта Грант сомасының кез келген бөлігі Зерттеу құнын қаржыландыру үшін талап етілмейтінін анықтаса; немесе
      (c) Грант сомасының бір бөлігі Жабу күнінен кейін алынбай қалса, Үкіметті хабардар ете отырып, Грант сомасының немесе оның бір бөлігінің күшін жоюы мүмкін.
      3. Ішінара жойылған немесе тоқтатыла тұрған жағдайда, Келісімнің барлық ережелері толық күшінде және қолданыста болуын жалғастыра береді.

      5-бап. Растамалар және кепілдіктер
      Үкімет:
      (i) өзіне Келісім жасасуға және сол бойынша өзінің міндеттемелерін орындауға және осы Келісімді орындауға тапсырма беруге және Үкіметтің осы құжат бойынша өз міндеттемелерін орындауына қажетті барлық іс-қимылды орындауға тиісті түрде өкілеттік берілгенін;
      (ii) осы Келісімдегі Үкімет қабылдаған ретінде көрсетілген міндеттемелер Үкімет үшін шарттарға сәйкес міндетті құқықтық шынайы міндеттемелер болып табылатынын;
      (iii) осы Келісімді орындау және Үкіметтің ол бойынша өз міндеттемелерін орындауы келісімді, шартты немесе заңды қандай да бір бұзушылық болып табылмайтынын және оған әкеп соқпайтынын растайды және оған кепілдік береді.

      6-бап. Зерттеуді орындау
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (АШМ) Атқарушы агенттік болып табылады және Зерттеудің толық орындалуына, оны үйлестіруге, мониторингін жүргізуге және бағалауға жауапты болады.
      2. Атқарушы агенттік мониторинг жүргізеді және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, банк шоттарымен операцияларды, Банкке төлеуге өтінімдер ұсынуды, Грант сомасының есебін жүргізуді және пайдалануды қоса алғанда, бірақ бұлармен шектелмей, Зерттеудің барлық аспектілері бойынша есеп береді.
      3. Іске асыру шаралары: Зерттеудің іске асырылуына басшылықты АШМ жүзеге асырады.
      4. Іске асыру кестесі: Зерттеу Бірінші төлем жүргізілген кезден бастап 13 (он үш) ай ішінде орындалатын болады.

      7-бап. Үкіметтің міндеттемелері
      1. Үкімет Зерттеудің тиісті қаржылық және әкімшілік практикаларға сәйкес уақтылы және тиімді орындалуын қамтамасыз ету үшін Банкпен ынтымақтасады және бұл үшін Зерттеуге қатысты қолда бар барлық ақпаратты Банкке береді.
      2. Үкімет 3-қосымшаға сәйкес Зерттеудің қызметіне қатысады. Түсінбеушілікті болғызбау үшін Грант сомасы қандай да бір Салықтарды, бажды, алымдарды, шығындарды және басқа да осы сияқты салық салуларды төлеуге жұмсалмауға тиіс.
      3. Үкімет Грант сомасының пайдаланылуын және Зерттеудің құнын қоса алғанда, оны іске асыру процесін көрсету үшін Атқарушы агенттік арқылы есептер мен жазбаларды жүргізуге немесе оның жүргізілуін қамтамасыз етуге және 6-баптың 4-тармағына сәйкес Банкке ақпарат беруге тиіс.
      4. Үкімет Банк ара-тұра сұратуы мүмкін орындалған жұмыс, туындаған проблемалар, қабылданған іс-қимыл және басқа да нақты мәселелер егжей-тегжейлі жазылған тоқсан сайынғы есептерді Атқарушы агенттік арқылы Банкке беріп отыруға тиіс.
      5. Үкімет Атқарушы агенттік арқылы Банктің аккредиттелген өкілдерінің Зерттеуді орындауға байланысты барлық үй-жайлар мен құрылыстарға еркін қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      6. Үкімет Зерттеу аяқталғаннан кейін 90 (тоқсан) күн ішінде осы Келісімге сәйкес Банк ұсынған Грант нәтижелерін бағалау туралы және Зерттеуді орындау мақсатына қол жеткізу дәрежесі туралы есепті Атқарушы агенттік арқылы Банкке береді.
      7. Үкімет Зерттеудің міндеттерін орындауға, ол бойынша қызметтер көрсетуге немесе оның осы Келісім бойынша өз міндеттерін орындауына кедергі келтіретін немесе қауіп төндіретін кез келген мән-жай туралы Атқарушы агенттік арқылы Банкке дереу ақпарат береді.
      8. Үкіметке қолданылатын кез келген жемқорлыққа қарсы нұсқаулықтың ережелерін қоса алғанда, Үкімет Зерттеу бойынша жұмыстарды және/немесе көрсетілетін қызметтерді орындауға арналған тауарларды беретін барлық Мердігерлер мен Консультанттардың Зерттеу бойынша өз қызметін Банкті қанағаттандыратын тиісті деңгейде және негізделген, техникалық, экономикалық, қаржылық, басқарушылық, экологиялық және әлеуметтік стандарттар мен практикаға сәйкес атқаруын қамтамасыз етеді немесе қамтамасыз етуі үшін шаралар қолданады.
      9. Жалданған Консультанттарға салынуы мүмкін кез келген салықтар немесе баж Зерттеу бойынша жергілікті шығыстарға жатқызылуға тиіс және олар Үкімет тарапынан қаржыландырылатын болады. Үкімет жалданған консультантқа Үкімет тарапынан салынатын барлық салықтар мен баж туралы оның қаржылық ұсынысы берілгенге дейін ақпарат беруге міндеттенеді.

      8-бап. Есептер мен ұсынымдар
      1. Үкімет Атқарушы агенттік арқылы және Банк кез келген Тараптың өтініші бойынша ара-тұра Грант бойынша пікірлермен алмасады және кез келген жалданған Консультант дайындаған кез келген есептер бойынша және осы есептерде берілген консультанттың кез келген ұсынымдарын іске асыру бойынша консультациялар өткізеді.
      2. Банк кез келген жалданған консультант дайындаған кез келген есепті және Зерттеу шеңберінде дайындалған кез келген басқа есепті Банк тиісті деп санаған кез келген мақсатта пайдалана алады, бірақ мұндай есептерді Банктің және Үкіметтің келісімінсіз жариялауға болмайды.
      3. Банктің осы Келісімнің шеңберінде көмекпен қамтамасыз етуі консультанттың кез келген ұсынымдарын іске асыруға қатысты Банкті Үкіметке қаржылық немесе одан әрі техникалық көмек көрсетуге міндеттемейді.

      9-бап. Күшіне енуі
      Осы Келісім оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішілік рәсiмдердi Үкiметтiң орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабардар етілген кезден бастап күшiне енедi.

      10-бап. Үйлестіру және хабарламалар
      1. Үйлестіру: үкімет осы арқылы осы Келісімнің шеңберінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрін барлық мәселелер бойынша және шектеусіз барлық қатынастарда Үкіметтің уәкілетті өкілі (Үкіметтің өкілі) ретінде тағайындайды; тиісінше ол:
      (і) Банкпен жұмыс істеуге және осы Келісімге орай Үкіметке жүктелген міндеттемелердің орындалуына тікелей жауапты болады;
      (іі) Банктің Үкіметтің өкіліне берген кез келген түрдегі барлық хабарламалары Үкіметке тиісті түрде берілген болып саналады;
      (ііі) Банктің Үкіметтің өкілінен алған барлық хабарламалары тиісті түрде берілген немесе орындалған және Үкіметтен алынған болып саналады; және
      (іv) Үкіметтің өкілі үйлестіруді және ынтымақтастықты тиісті және тиімді түрде тұрақты жүргізуге және Үкімет пен Атқарушы агенттіктің осы Келісім бойынша өз міндеттерін орындауын қамтамасыз етуге тиіс.
      2. Хабарламалар: осы Келісімнің шеңберінде берілген немесе жолданған кез келген хабар беру, сұрау салу немесе басқа хабарлама жазбаша түрде жасалуға тиіс және олар осы Тараптың төменде көрсетілген мекенжайына немесе Тарап осындай хабар беру, сұрау салу немесе хабарлама жіберіп отырған Тарапқа хабарламасында көрсеткен басқа мекенжайға қолма-қол, әуе поштасы, белгілі бір курьерлік қызмет немесе факсимиле арқылы жеткізілген жағдайда тиісінше берілген болып саналады.

Банк үшін:

Үкімет үшін:

Джидда-21432, п/ж:5925
Сауд Арабиясы Корольдігі
Тел: +966 2 636 1400
Факс: +966 2 636 6871
E-mail: archives@isdb.org

Инвестициялар және даму министрлігі
(ИДБ Басқарушысы)
Астана, Қазақстан Республикасы
Факс: +77172 290873
Ауыл шаруашылығы министрлігі
(Атқарушы агенттік)
Қазақстан Республикасы, 010000
Астана қ., Кенесары көшесі, 36
Факс: +77172 555995

      3. Әрбір Тарап басқа Тарапқа жазбаша хабарлама жіберу арқылы өз өкілін өзгерте алады.

      11-бап. Әртүрлі
      1. Сипаттау бөлігі және қосымшалар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
      2. Өкілеттік: әрбір Тараптың атынан осы Келісімге қол қоятын адамдар Тараптың атынан осы Келісімді жасасуға және осы Келісімде көрсетілген Тараптың міндеттемелерін қабылдауға қажетті заңдық құқық қабілеттігіне және өкілеттікке ие екендігіне екінші Тарапты куәландырады және оған кепілдік береді.
      3. Ажырамас бөліктер: осы келісім, кез келген өзгерістерді қоса алғанда, бірге біртұтас Келісімді құрайтын ажырамас бөліктер түрінде жасалуы мүмкін. Осы Келісімнің көшірмелері тұпнұсқалар сияқты тең дәрежеде міндетті болып табылады және екінші тараптың факсимиле арқылы немесе сканерленген және электрондық пошта арқылы жіберілген қолтаңбалары қол қойылғандығын куәландыру үшін жеткілікті болады, алайда, Тараптар қол қойылған құжаттардың түпнұсқаларын беруді талап етуі мүмкін.
      4. Келісімнің біртұтастығы: осы Келісім біртұтас келісім болып табылады және оның нысанасына байланысты барлық алдыңғы ауызша немесе жазбаша келісімдерді немесе Тараптар арасындағы хат алмасуларды алмастырады.
      5. Мерзімді бұзу: банк тарапынан осы құжат бойынша кез келген құқықты орындау кезіндегі ешбір дәрменсіздік немесе мерзімді бұзу бас тарту болып табылмайды немесе жазбаша түрде ұсынылғанға дейін осындай құқыққа әсер етпейді. Осындай кез келген құқықты ешқандай да бір біртұтас немесе ішінара жүзеге асыру басқа кез келген құқықты жүзеге асыруға немесе оны алдағы уақытта жүзеге асыруға немесе басқа кез келген құқықты жүзеге асыруға кедергі келтірмейді немесе осы құжат бойынша басқа кез келген құқықтан бас тарту болып саналмайды.
      6. Өзгеріс: осы Келісім Тараптар арасындағы өзара жазбаша келісіммен өзгертілуі мүмкін. Кез келген мұндай өзгеріс осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

      Жоғарыда айтылғанды растау үшін, Тараптардың тиісті түрде өкілеттік берілген өкілдері шамамен алғанда US$ 300,000.00 (үш жүз мың АҚШ долларына) барабар ID200,000.00 (екі жүз мың Ислам динары) аспайтын сомаға Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының алдын ала институционалдық құрылымы бойынша зерттеуді дайындауға қатысты осы Келісімге жоғарыда көрсетілген күні қол қойды.

      Қазақстан Республикасының         Ислам Даму Банкі үшін
            Үкіметі үшін

      Қолы: ………………………………    Қолы: ………………………………

      Күні: ………………………………    Күні: ………………………………

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Ислам Даму Банкі арасындағы     
Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы     
Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі  
Ислам Ұйымының алдын ала      
институционалдық құрылымы бойынша  
зерттеуді дайындау жөніндегі     
техникалық көмек гранты туралы    
келісімге 1-қосымша         

Анықтамалар

Жабу күні:

Банк Грант сомасының төленбеген бөлігінің күшін жоя алатын Келісімде көрсетілген күн немесе Тараптар келіскен осындай кешірек күн.

Консультант:

Зерттеуді орындау үшін Келісімнің ережелеріне сәйкес таңдалған дара консультантты, сондай-ақ кез келген консалтингтік фирманы қамтиды.

Мердігер/Өнім беруші

Келісімнің ережелеріне сәйкес құрылыс/сатып алу жүктелетін мердігер/өнім беруші.

Төлем жасау рәсімі:

Банктің төлем жасау рәсімі.

Төлеу:

Грант сомасын шоттан алу.

Атқарушы агенттік:

6-баптың 1-тармағында көрсетілген зерттеуді орындауға жауапты заңды тұлға.

Бірінші төлем:

Банктің тиісті саясатына және нұсқауына сәйкес Келісім күшіне енгеннен кейінгі бірінші төлем.

Грант сомасы:

2-бапта көрсетілгендей.

Ислам динары:

Банк Келісімінің баптарында көрсетілгендей осы құн Халықаралық валюта қорындағы арнайы қарыз алу құқығының біріне баламалы болады.

Сатып алу жөніндегі нұсқаулық:

Банктің «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі нұсқауы».

Зерттеу:

Сипаттау бөлігінде сипатталған зерттеу.

Санкциялауға жататын қызмет:

сыбайлас жемқорлықтың, мәжбүрлеудің, астыртын сөз байласудың, алаяқтықтың немесе обструкционизмнің кез келген практикасы:
(а) сыбайлас жемқорлық практикасы: басқа Тараптың іс-қимылдарына тиісінше әсер етпеу үшін қандай да бір бағалы нәрсені тікелей немесе жанама түрде ұсынуды, беруді, алуды немесе қорқытып алушылықты білдіреді.
(b) мәжбүрлеу практикасы: басқа Тараптың іс-қимылдарына тиісінше әсер етпеу үшін кез келген Тарапқа немесе Тараптың мүлкіне тікелей немесе жанама түрде залал немесе зиян келтіретін немесе залал немесе зиян келтіру қаупін төндіретін кез келген әрекетті немесе әрекетсіздікті білдіреді.
(с) құпия сөз байласу практикасы: тиісті емес мақсатқа қол жеткізуге, оның ішінде басқа Тараптың іс-қимылына тиісінше әсер етпеуге бағытталған екі немесе одан көп тарап арасындағы уағдаластықты білдіреді.
(d) алаяқтық практикасы: қаржылық немесе басқа пайда алу үшін немесе міндеттемеден жалтару үшін кез келген әрекетті немесе әрекетсіздікті, оның ішінде Тарапты саналы түрде немесе абайсызда жаңылыстыруға алып келетін немесе жаңылыстыруға әкелуге талпынатын жаңылыстыруды білдіреді.
(e) обструкционизм практикасы, мысалы:
(і) Банктің сыбайлас жемқорлыққа айыптаулар, алаяқтық, мәжбүрлеу немесе сөз байласу және/немесе қорқыту бойынша тергеп-тексеруін едәуір қиындату үшін тергеп-тексеру материалының дәлелдемелерін қасақана жоюды, бұрмалауды, өзгертуді немесе жасыруды немесе тергеушілерге жалған айғақтар беруді, тергеп-тексеруге немесе тергеп-тексеру жүргізуге қатысы бар мәліметтерді ашуды болдырмау үшін қандай да бір Тараптың ізіне түсуді немесе қорқытуды, немесе
(іі) Банктің сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, мәжбүрлеу немесе сөз байласу бойынша айыптауларды тергеп-тексеруіне байланысты Банктің қажетті ақпаратқа қол жеткізуін жүзеге асыруды едәуір қиындатуға бағытталған іс-қимылдарды білдіреді.

Салықтар:

Зерттеуге байланысты кез келген салықты, алымды, төлемді, пайыздарды, бажды немесе кез келген осыған ұқсас төлемді білдіреді.

АҚШ доллары:

Америка Құрама Штаттарының заңды валютасы.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Ислам Даму Банкі арасындағы     
Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы     
Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі  
Ислам Ұйымының алдын ала      
институционалдық құрылымы бойынша  
зерттеуді дайындау жөніндегі     
техникалық көмек гранты туралы    
келісімге 2-қосымша          

      Зерттеудің сипаттамасы

      Техникалық көмектің (ТК) мақсаты:
      Ұсынып отырған ТК-ның жалпы мақсаты азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты қызмет пен бағдарламаларды үйлестіруді және оған ден қоюды жақсарту үшін ИЫҰ институционалдық құрылымын/тетіктерін нығайту арқылы ИЫҰ-ға мүше елдердегі азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларына тиімді ден қою болып табылады. ТК Қазақстан Республикасының Үкіметіне ИЫҰ Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымын (ИЫҰ АҚИҰ) құруға және іске қосуға қолдау көрсетеді.
      Ұйымды құру екі кезеңде жүзеге асырылатын болады:
      1-кезең АҚИҰ Хатшылығының қажетті әдістерін, нұсқауын және әрекет ету тәсілін қоса алғанда, ұйымның институционалдық іс-шараларын алдын ала зерттеуді қамтиды.
      2-кезең барлық функцияларды басқаруды жүзеге асыру үшін рәсімдерді ұйымдастыру қағидаларын қоса алғанда, егжей-тегжейлі институционалдық құрылымды, сондай-ақ бизнес-жоспар мен стратегияны әзірлеуді қамтиды.
      Ұсынылған ТК 1-кезеңді іске асыру үшін консалтингтік көрсетілетін қызметтерді қаржыландыруға бағытталатын болады.
      2-кезең Ұйымның Хатшылығы құрылғаннан кейін жүзеге асырылатын болады. АШМ ТК-ның Атқарушы агенттігі болып табылады.

      ТК-ны қолдану аясы:
      ТК-ны қолдану аясы екі компонентті қамтиды:
      А) ұйымның институционалдық құрылымдары және әрекет ету тәсілі бойынша алдын ала зерттеу. Зерттеу:
      - Хатшылық үшін әрекет ету тәсілдерін, операциялық нұсқау мен әдістерді айқындауға;
      - әртүрлі заңды тұлғаларын, департаменттерін, бөлімшелері мен бөлімдерін қоса алғанда, Хатшылықтың құрылымын ұсынуға;
      - Хатшылыққа басшылық ететін Бас директорды қоса алғанда, басшылықтың құзыретін айқындауға;
      - Хатшылық құрамында белгіленген әрбір департамент үшін персонал саны мен бейінін (ең аз және оңтайлы нұсқалар) ұсынуға және олардың құзыреттерін әзірлеуге;
      - Хатшылық үшін қаржыны басқару жүйесін ұсынуға;
      - егжей-тегжейлі нұсқаулықты және рәсімдер қағидаларын, адам ресурстарын басқару саясатын және рәсімдерін, қаржылық қағидаларды; ұйымның миссиясын, пайымы мен стратегиясын және ішкі бағалау тетігін дайындауға мүмкіндік береді.
      В) Жобаны басқару: АШМ құрамында жобаны үйлестірушіден және оның жұмысын қолдайтын сатып алу жөніндегі сарапшыдан, халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшыдан және ауыл шаруашылығы жөніндегі сарапшыдан тұратын жобаны басқару тобын (ЖБТ) айқындайды/тағайындайды. ЖБТ АШМ-де орналасатын болады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Ислам Даму Банкі арасындағы     
Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы     
Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі  
Ислам Ұйымының алдын ала      
институционалдық құрылымы бойынша  
зерттеуді дайындау жөніндегі     
техникалық көмек гранты туралы    
келісімге 3-қосымша         

      Грант сомасын алу

      Грант сомасы мынадай түрде алынатын болады:
      1. Төлем кестесін Атқарушы агенттік әзірлеп, консультантпен келісетін болады. Бұл Үкімет пен консультант арасында қол қойылатын консалтингтік қызметтер көрсету туралы келісімшартта айқындалады.
      2. Банк консультантқа тікелей төлемдерді жүзеге асыратын болады. Банктің Төлем рәсімі және нұсқаулары аталған Зерттеуге қолданылады.
      3. Үкіметтің салымы заттай түрде болып, мыналарды жабатын болады:
      a) Жобаны үйлестірушіден (24 ай) және заңнама/сатып алу жөніндегі сарапшы (8 ай), халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы (6 ай) және ауыл шаруашылығы жөніндегі сарапшы (4 ай) сияқты басқа сарапшылардан тұратын Жобаны басқару тобы; және
      b) Зерттеуді іске асыру барысында туындауы мүмкін жоспарланған көлемнен асатын жергілікті валютадағы кез келген шығыстар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады