Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2016 жылға арналған тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 68 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 216-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2016 жылға арналған тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң      
2016 жылғы 18 ақпандағы
№ 68 қаулысымен    
бекiтiлген       

Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2016 жылға арналған тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.10.2016 № 588 қаулысымен.

Р/с№

Жобаның атауы

Жобаның жалпы құны
(мың теңге)

Іске асыру кезеңі (жылдар)

Мемлекеттік кепілдіктің мөлшері

Қарыз алушы

Әлеуетті қарыз беруші

1

«Орталық – Оңтүстік» дәлізін реконструкциялау» (Күрті – Бурылбайтал учаскесі)»,
1-учаске (2214-2295 км) және 2-учаске (2152-2214 км)

70921053 (1-учаске – 38771839, 2-учаске – 32149214)

2016 – 2019

62410527 мың теңге 255 млн. АҚШ долларына дейін балама

(1-учаске – 140 млн. АҚШ доллары,
2-учаске – 115 млн. АҚШ доллары)

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

Еуропа Қайта Құру және Даму банкі

2

«Астана қаласының жаңа көлік жүйесі. LRT (әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейінгі учаске)»

589 655 811

2016-2018

471 123 970 мың теңге, 1 600 млн. АҚШ долларына дейін балама

«Астана LRT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қытай Даму Банкі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады