Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй жобалауға және (немесе) салуға 2016 жылға арналған кредит беру шарттары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 70 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 180-бабының 2-тармағына, «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысының 11-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй жобалауға және (немесе) салуға 2016 жылға арналған кредит беру шарттары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы және Ұлттық экономика министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;
      2) кредиттік шарттар талаптарының орындалуын бақылауды;
      3) бюджеттік кредиттердің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, өтелуін және оларға қызмет көрсетілуін бақылау мен мониторингтеуді қамтамасыз етсін.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2016 жылғы 18 ақпандағы
№ 70 қаулысымен   
бекітілген      

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй жобалауға және (немесе) салуға 2016 жылға арналған кредит беру шарттары

      1. Қарыз алушыларға кредиттер беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
      1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – қарыз алушылар) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне (бұдан әрі – кредитор) 2016 жылға арналған облыстық бюджеттерде, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінде тиісті түсімдерді көздейтін мәслихаттардың шешімдерін ұсынуы;
      2) қарыз алушыларға 2845045000 (екі миллиард сегіз жүз қырық бес миллион қырық бес мың) теңге сомасындағы  кредиттер Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді жобалау және (немесе) салу үшін 0,01 %-дық сыйақы мөлшерлемесі бойынша 9 (тоғыз) жыл мерзімге беріледі;
      3) кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан кредиттер аударылған кезден бастап есептеледі және 2017 жылғы 10 желтоқсанда аяқталады.
      2. Кредит беру, өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі қосымша
шарттар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік
шартта белгіленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады