Қостанай облысы Рудный қаласының Бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда) туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 74 қаулысы

      «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қостанай облысы Рудный қаласының кешенді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облыстық және Рудный қалалық мәслихаттары мақұлдаған Қостанай облысының Рудный қаласы бас жоспарының жобасы (негізгі ережелерді қоса алғанда) бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2016 жылғы 18 ақпандағы
№ 74 қаулысымен    
бекітілген      

Қостанай облысы Рудный қаласының бас жоспары
(негізгі ережелерді қоса алғанда)

1. Жалпы ережелер

      Қостанай облысы Рудный қаласының бас жоспарының негізгі ережелері (бұдан әрі – Негізгі ережелер) Қостанай облысы Рудный қаласының бас жоспары (бұдан әрі – Бас жоспар) шеңберінде бірінші кезектегі (2020 жыл), есепті (2030 жыл) жобалау мерзімдеріне және Рудный қаласын дамытуды ұзақ мерзімді болжамына (2045 жылға дейін) арналған Рудный қаласын дамытуды және құрылыс салуды кешенді жоспарлау бойынша басты жобалау ұсыныстары мен шешімдерінің қысқаша мазмұндамасы болып табылады.
      Бас жоспар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына, қала аумағының экология, әлеуметтік-экономикалық және аумақтық даму мәселелерін реттейтін құжаттар мен нормативтік құқықтық актілердің нұсқама ережелеріне сәйкес әзірленген.
      Бас жоспардың схемасы (негізгі сызба) перспективалы аумақтық дамудың шегінде (осы Негізгі ережелерге қосымша) орындалған.

2. Бас жоспардың мақсаты

      Бас жоспар қала аумағын әлеуметтік-экономикалық және аумақтық дамыту стратегиясын, аумақтың оңтайлы жоспарлы құрылымын және функционалдық аймақтарға бөлінуін, қоршаған ортаны қорғау қағидаттарын, қоғамдық қызмет көрсету жүйесінің, көлік және инженерлік инфрақұрылымдарының дамуын; жобаланатын аумақта инвестициялық процестердің ұзақ мерзімді жоспарлануын айқындайтын негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады.
      Бас жоспар жобалық шешімдерді нақтылайтын және айқындайтын келесі кезеңдердегі қала құрылысы құжаттамасын егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс салу жобаларын әзірлеу үшін негіз болып табылады.
      Бас жоспар 1:5000 және 1:2000 масштабындағы бастапқы деректерді жинау және қала аумағын нақты тексеру кезінде нақтыланған топографиялық түсірілім материалдары негізінде әзірленді.
      Бас жоспарды әзірлеудің негізгі мақсаты қаланы әлеуметтік-экономикалық және аумақтық дамытудың ұзақ мерзімді перспективаларын айқындау, оның жоспарлау құрылымын, қала құрылысының функционалдық аймақтарға бөлінуін, инженерлік және көлік инфрақұрылымының қағидатты шешімдерін қалыптастыру болып табылады.
      Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін Бас жоспарда мынадай міндеттер шешіледі:
      1) қалыптасқан орта параметрлерін, бұрын қабылданған қала құрылысы шешімдерінің қажеттілігін ескере отырып, тыныс-тіршілікті қамтамасыз етудің қолда бар ресурстарын талдау негізінде аумақтың қала құрылысын дамыту проблемаларын айқындау;
      2) өңірлік және жергілікті билік органдары мүдделерінің теңгерімі негізінде аумақтың дамуын басқаруды қамтамасыз ететін кеңістікте дамудың негізгі бағыттары мен параметрлерін айқындау;
      3) қала аумағында қала құрылысы қызметін қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі ресурстарын қалыптастыруға қойылатын талаптарды ескере отырып, электронды бас жоспар жасау.

3. Табиғи-климаттық және инженерлік-геологиялық аспектілер

      Климаты шұғыл континенттік және ауа температурасы, ылғалдылығы және басқа да метеорологиялық элементтердің тәулік барысында да, жыл барысында да жоғары құбылмалылығымен сипатталады. Желдің басым бағыты – оңтүстік-батыс. Рудный қаласы «Құрылыс климатологиясы» ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2010 сәйкес IB климаттық құрылыс кіші ауданында орналасқан.
      Қала негізінен Зауралье далалық аймағын алып жатқан Қостанай облысында орналасқан. Тексерілген учаскелердің аумағы оңтүстік қара топырақты кіші аймақта орналасқан. Қаланың көгалдандыру аймақтарының біршама аумағында жасанды топырақ жабындысы жасалған. Көгалдандыру жасанды екпелер отырғызу жолымен жүзеге асырылады.
      Қала аумағында және жаңадан игерілген аудандарда геологиялық және гидрогеологиялық қауіпті процестер мен құбылыстардан мыналар белгіленді:
      1) көктем мезгілінде су тасқыны сол жағалауда Парковая көшесіне дейін орын алады;
      2) Тобыл өзеніне іргелес аудандарда су жайылуы (жерасты суының жоғары деңгейі) байқалады;
      3) терең сайлардың пайда болуы – бұл процесс қалада орын алады, қазіргі уақытта терең сайлар ұлғаюын тоқтатып жыраларға айналды, бұлар жерасты суының сыналап ағатын табиғи дрен болып табылады;
      4) суффозиялық процестер мен құбылыстар – топырақтан оңай ерігіш тұздардың шайылуы орын алады;
      5) шөгу, топырақтың бөгуі таралған;
      6) топырақтың коррозиялық қасиеттері – топырақта металдар мен темірбетон құрылыстардың коррозиясына әкеліп соғатын тұздардың болуы.

4. Әлеуметтік-экономикалық даму

1. Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары

      Бас жоспарда дамудың болжамды кезеңінде қала тау-кен өнеркәсібі (металл кендерін өндіру) басым дамыған облыстық маңызы бар ірі қала ретінде қарастырылады.
      Қаланы дамытудың мақсаты сенімді инженерлік және көлік инфрақұрылымы бар орнықты және бәсекеге қабілетті экономиканы құру, тұрақты және кешенді дамуды қамтамасыз ету, экологиялық тепе-теңдікті қолдау, қаланың жаңа құрылыс салынатын жерлерінде аумақтық-жоспарлау арқылы ұйымдастыруды қалыптастыру және қолданыстағыны жетілдіру.
      Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі мақсаты халықтың жұмыспен қамтылуы, әл-ауқаты деңгейінің көтерілуімен, тыныс-тіршілігі жағдайларының жақсаруымен айқындалатын адами әлеуетті арттыру болып табылады.

2. Демография

      2014 жылғы 1 қаңтарға халық саны 128,2 мың адамды құрады. Қала тұрғындарының санын қалыптастыруға демографиялық процестер әсер етеді. Қаланың 2013 жылғы әкімшілік аумағы бойынша соңғы бірнеше жылда алғаш рет халық санының табиғи өсуінің оң серпіні (туу көрсеткіші өлім көрсеткішінен асады) байқалып отыр, халық санының табиғи өсу көрсеткіші 105 адамды құрайды (туылғандар – 1719, қайтыс болғандар – 1614), бұған тұрғындардың біршама бөлігінің әл-ауқатының жақсаруы, отбасының және ондағы балалар санының көбеюіне деген тиімді әрі саналы көзқарас ықпал етеді.
      Табиғи өсім коэффициентінің перспективаға арналған орташа мәндері Бас жоспарда 2020 жылға - 1,1% және есепті мерзімге – 2,2% қабылданды.
      Демографиялық тәсілмен анықталған перспективадағы халық санының көрсеткіші 2030 жылға - 150,0 мың адамды, соның ішінде бірінші кезекте 132,0 мың адамды құрайды.
      Бас жоспардың аумақты жоспарлы ұйымдастыру және экономиканы дамыту жөніндегі жобалау ұсыныстарын іске асыру процесі, қалалық ортаны жақсарту бойынша шаралар кешені қала тұрғындарының жұмыспен қамтылу деңгейінің өсуіне ықпал етеді. Қазіргі кездегі еңбек ресурстарының резервтері өндіріс және қызмет көрсету саласына жұмылдырылған.

3. Азаматтық-тұрғын үй құрылысы

      Есепті мерзімге тұрғын үймен орташа (нәтижелі) қамтамасыз ету бір адамға 21,6 шаршы метр тұрғын үй алаңы көлемінде қабылданған.
      Есепті мерзім кезеңіне (2014 – 2030 жылдары) жобаланатын тұрғын үй қорының көрсеткіші 1072,0 мың м2, соның ішінде бірінші кезектегі құрылыс кезеңінде (2014 – 2020 жылдары) – 219,0 мың м2 құрайды. Бас жоспарда тұрғын үйлерді мынадай құрылыстық аймақтарға бөлу қабылданған:
      бірінші кезектегі құрылыс – 2020 жыл
      1) үй жанында учаскелері бар үйлер – 117,7 мың м2 – 54,0%;
      2) орташа-көпқабатты үйлер (5-9 қабат) – 101,3 мың м2– 46,0%.
      есепті мерзім – 2030 жыл
      1) үй жанында учаскелері бар үйлер – 804,0 мың м2 – 75,0%;
      2) орташа-көпқабатты үйлер (5-9 қабат) – 268,0 мың мІ– 25,0%.
      Тұрғын үй құрылысы тұрғындардың барлық топтарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған. Қоныстанатын аумақтың дамуына қажетті аудан 1847,0 гектарды құрайды.
      Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерде (бұдан әрі – ТЭК) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 31 бұйрығымен бекітілген және 2009 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілген «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және құрылыс салу» ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2008* талаптарына сәйкес орындалған қоғамдық маңызы бар объектілерге қажеттілік есебі келтірілген.
      Мекемелер мен қызмет көрсету кәсіпорындарын салу көлемі жалпы қалалық аймақтар мен орталықтар жүйесін жоғары деңгейде қызмет көрсететін объектілермен, сондай-ақ қалыптасқан және жаңа кешенді құрылыс аудандарындағы жергілікті орталықтарды тұрғындарға тұрғын ортада қызмет көрсететін: мәдениет, сауда, тұрмыстық, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерімен қалыптастыру қажеттілігіне негізделіп, қаланың аумақтық ресурстарын ескере отырып қабылданған.
      Бүкіл жобалау кезеңінде жалпы сыйымдылығы 4324 орынға арналған 24 мектепке дейінгі балалар мекемесін, жалпы сыйымдылығы 6111 оқушыға арналған 9 жалпы білім беру мектебін және 2 бала бақша-мектеп кешенін, 1167 келушіге арналған емханалар, 255 кереуеттік аурухана кешендерін салу жоспарланып отыр.
      Сонымен қатар, бірінші кезекте жалпы сыйымдылығы 2310 орынға арналған 15 мектепке дейінгі балалар мекемесін, жалпы сыйымдылығы 2905 оқушыға арналған 5 жалпы білім беру мектебін және 2 бала бақша-мектеп кешенін, 932 келушіге арналған емханалар, 140 кереуеттік аурухана кешендерін салу жоспарлануда.
      Мәдениет ұйымдарының қызметі олардың жұмысын әрі қарай жетілдіру және жаңа қызмет түрлерін енгізу арқылы мәдениет мекемелерінің желісін сақтауға және дамытуға бағытталған. Келешекте жаңа технологияларды енгізуге және қолданыстағы мәдениет және өнер объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, сондай-ақ жаңа объектілерді салуға көп көңіл бөлуге ұсыныс жасалады.
      Бас жоспарда қаладағы барлық тарихи, мәдени және сәулет ескерткіштерін сақтау көзделген.
      Тарих, мәдениет және сәулет ескерткіштерін, сондай-ақ оларды қоршаған аса құнды тарихи ортаны сақтау, ескерткіштердің жаңа құрылыстармен үйлесімді өзара байланысын қамтамасыз ету үшін кейінгі жобалау сатысында ескерткіш учаскелерін және қалалық құрылысты реттеу аймақтарының шекараларын белгілеу қажет.

4. Экономикалық қызмет

      Бас жоспарда қала экономикасын дамытудың басым бағыттары айқындалған: металл кенін өндіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу. Экономика салаларын дамыту қолданыстағы өндірістердің қуатын кеңейтуге және жаңа кәсіпорындарды құруға негізделеді.
      Қалада индустриялық аймақ құру үшін 400,0 гектар көлемінде аумақ бөлу ұсынылады, оның міндетіне жаңа технологияларды енгізу саласында жұмыс істейтін компанияларды қолдау және дамыту кіреді.
      Қаланың экономикалық және әлеуметтік перспективасын қарастыру кезінде мынадай кластерлерді ұйымдастырған жөн:
      1) көлік-логистикалық кластер (2020 жылға қарай Қазақстан арқылы жүк ағынының көлемі 35 миллион тонна жүкке дейін, кейіннен 50 миллион тонна жүкке немесе 3,0 есеге дейін өседі);
      2) жалпақ шыны, цемент, керамикалық тақта өндіру жөніндегі зауыттар құрылысын қоса алғанда, өндірістің аяқталған циклі бар құрылыс кластері;
      3) өнім кластері ауыл шаруашылығы шикізатын өндіруге қатысушылар мен қайта өңдеу кәсіпорындарын біріктіреді.
      Есепті мерзім кезеңінде әлеуметтік-экономикалық кешеннің негізгі бағыттары мыналарға бағытталады:
      1) базалық экономикалық көрсеткіштердің өсуін қамтамасыз ету;
      2) жоспарланған инвестициялық жобаларды іске асыру;
      3) қала тұрғындарын оңтайлы жұмыспен қамту құрылымын қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандыру мен шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасын іске асыру;
      4) кәсіпкерлік негіздеріне, өндірісті дамытуға арналған кредиттер мен гранттар беру бағдарламаларына оқытуды жалғастыру;
      5) шағын және орта бизнес объектілеріне көлік инфрақұрылымын дамыту.

5. Өнеркәсіп

      Рудный қаласы Қостанай облысының өнеркәсіптік дамыған өңірлерінің бірі болып табылады.
      Рудный моноқаласы проблемасының шешімі «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ССКӨБ» АҚ) қала құрушы кәсіпорнының қызметін жалғастырумен қатар, кен орындарын жете барлау, жұтаң кенді пайдалану технологияларын енгізу және моноқала айналасында жинақталған қазба қалдықтарын игеру есебінен де көрінеді. Сонымен бірге, қалада ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындары, олар ықпал ететін аймақта орналасқан ауылдық жердің тұрғындарына өндірістік, әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін объектілер орналасуы мүмкін.

5. Қала құрылысын дамыту

1. Аумақты сәулеттік-жоспарлауды ұйымдастыру

      Бас жоспардың қала құрылысы шешімі, оны жоспарлау құрылымы қаланың қазіргі жағдайы, аумақты және қала аумағын дамытуды кешенді қала құрылысы мен экономикалық бағалау негізінде айқындалған.
      Жоспарланған құрылым табиғи және көлік қаңқалары арқылы қалыптасады. Табиғи қаңқа – бұл Тобыл өзені. Көлік қаңқасы – Қостанай облысының басқа қалалары жағына шығатын жалпы қалалық маңызы бар автомагистральдар.
      Бас жоспарда бес тұрғын ауданды кезең-кезеңімен игеру ұсынылады.
      Қаланың перспективалы аумағы бес тұрғын ауданға бөлінген:
      1) қолданыстағы шекара шегінде үш тұрғын аудан бөлінген: Орталық, Шығыс және Батыс;
      2) қолданыстағы шекаралар шегінен тыс құрылыстан бос, кесілген аумақтарда екі тұрғын аудан: Юбилейный және Правобережный.
      «Орталық» тұрғын ауданында қызмет көрсету объектілерін ғана орналастыру көзделген.
      «Правобережный» тұрғын ауданын игеруді есепті мерзімнің соңына қарай бастау жоспарланған.
      «Батыс» тұрғын ауданы бірінші кезектегі құрылыс мерзімінде толық игерілуі тиіс.
      Қаланың қолданыстағы шекарасы шегіндегі «Орталық», «Шығыс» және «Батыс» үш тұрғын ауданында қаланың қала құрылысы саласындағы шағын және орта бизнесті дамытуға жәрдемдесу арқылы және 50-60% және одан астам амортизациялық тозған тұрғын үй қорын ішінара реконструкциялауды есепке ала отырып, құрылысты жақындату және абаттандырылатын қала ортасының сапасын арттыру мақсатында жеке ғимараттар мен тұрғын үй-азаматтық құрылыстарын байланыстыру бойынша нақтылау жұмыстарын жүргізу көзделген.
      Қаланың қолданыстағы шекарасы шегіндегі құрылыстан бос, кесілген аумақтарда «Юбилейный» және «Правобережный» екі тұрғын ауданы бөлінген, мұнда Бас жоспарда үй жанындағы учаскелері мен күнделікті және мерзімді сұранысқа ие барлық қажетті әлеуметтік инфрақұрылымы бар аз қабатты құрылысты орналастыру қарастырылған.
      Қала аумағын жоспарлы ұйымдастыруда қолданыстағы өндірістік және коммуналдық-қоймалық алаңдарды ретке келтіру, оларды орналастыруға қойылатын экологиялық және технологиялық талаптарды ескере отырып, көрсетілген аумақты тиімді пайдалану арқылы өнеркәсіпті перспективалық дамыту көзделген.
      Бас жоспарда қала құрылысы және өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес қала маңында және оның су артериясының жайылма аумағында өсіп тұрған жасыл көшеттерді барынша сақтау, түрлі мақсаттағы жасыл аумақ (саябақтар, бақтар, желекжолдар, арнайы және санитариялық қорғау) жүйесін қалыптастыру арқылы рекреациялық мақсаттағы объектілерді дамыту көзделеді.
      Өндірістік объектілер орналасқан жағалау аумақтарын кезең-кезеңімен қайта ұйымдастыру, зиянды өндірістерді шығару, қызметтің экологиялық таза түрлеріне ауыстыру көзделеді. Өндірістік аймақ бөлігі топырағының құнарлылығын қалпына келтіру арқылы жағалау және жағалау жанындағы рекреациялық аймақтарды дамыту ұсынылады.
      Жалпы қалалық және аудандық магистраль жүйесі қоныстанған аумақ пен өнеркәсіп аймағы, сондай-ақ қоныстанған аумақ ішіндегі тұрғын үй құрылыстары арасында қолайлы көлік қатынасын ұйымдастыруды ескере отырып қабылданды.

2. Қала құрылысын аймақтарға бөлу

      Қаланы жоспарлау құрылымы нақты функционалдық аймақтарға бөлінген. Қаланың бүкіл аумағы өнеркәсіптік және қоныстанған, сондай-ақ Тобыл өзенінің жағалау бойында ұйымдастырылған демалыс аймағы болып бөлінеді.
      Қала аумағын қала құрылысы аймақтарына бөлу мыналарға бағытталған:
      1) қолайлы және қауіпсіз тіршілік әрекеті ортасын құру;
      2) аумақты және тұрғындарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар әсерінен қорғау;
      3) халықтың және өнеркәсіптің шамадан тыс шоғырлануын, қоршаған табиғи ортаны ластауды болдырмау;
      4) қала шекарасындағы ерекше қорғалатын аумақты, оның ішінде табиғи ландшафттарды, тарихи-мәдени маңызы бар объектілер аумақтарын, орманды алқапты және су объектілерін қорғау және пайдалану.
      Жоспарлы шектеулер мен аумақтарды заманауи пайдалануды ескере отырып, әр жоспарланған аумақтық бірлікті пайдаланудың функционалдық мақсаты мен қарқындылығы айқындалған.
      Қала аумағында мынадай функционалдық аймақтар бөлінген:
      1) тұрғын үй аймағы;
      2) қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) аймақ;
      3) рекреациялық аймақ;
      4) инженерлік және көлік инфрақұрылымы аймақтары;
      5) өнеркәсіптік (өндірістік) аймақ;
      6) ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында пайдаланылатын аймақтар;
      7) арнайы мақсаттағы аймақ;
      8) санитариялық-қорғау аймақтары;
      9) резервтік аймақ.
      Әрбір қала құрылысы аймағы үшін оларды пайдалану және пайдалануды шектеу бойынша регламенттер айқындалған.

6. Көлік инфрақұрылымы

      Қаланың көлік жүйесіне сыртқы, қала маңындағы, қала ішіндегі жолаушылар және жүк тасымалы қызметін көрсететін көлік түрлері (теміржол, автомобиль) кіреді.
      Есепті кезеңнің соңына қарай қала көшелері мен жолдарының жалпы ұзындығы – 263,5 км, оның ішінде магистральдық көшелердің жалпы ұзындығы 80,12 км құрайды.
      Бірінші кезекте автобус жолаушылар көлігі желілерінің ұзындығы – 265,2 км дейін, есепті кезеңде 288,4 км дейін артады.
      Қаланың жобалау құрылымының ең тұрақты элементі және қаңқасы ретінде жол-көше желісінің жүйесі қала құрылысының перспективалық дамуының негізі болып табылады.
      Жобалау кезеңінде жол-көше желісін дамытуда мыналар қарастырылған:
      1) Тобыл өзенінің оң жағалауында қала құрылысының дамуына байланысты Космонавттар даңғылынан жаңа құрылыс аудандарына дейін магистральдық көше тарту жұмыстары көзделген;
      2) қаланың қоныстанған аумағынан тысқары, шеткі бөлігі бойынша көзделген транзиттік жүк автокөлігі қозғалысына арналған қаланың сыртқы шеңберін құру;
      3) қаланың айналма жолының құрамына кіретін қолданыстағы «Қарабұтақ - Комсомол - Денисов - Рудный - Қостанай» республикалық маңызы бар автожолдарды I техникалық санатқа реконструкциялау;
      4) Оңтүстік-Сарыбай карьерінің оңтүстік және оңтүстік-батыс бағытында дамуына байланысты «Рудный - Қашар - Федоров» облыстық маңызы бар автожол учаскесін Сарыбай жинақтауышынан тысқары шығару көзделген.
      Қаланың перспективалық көше-жол желісі магистральдық көшелердің орташа тығыздығы 2,0–2,2 км/кмІ тікбұрышты-радиалды схемасы ретінде ұсынылады.
      Бас жоспарда есепті мерзімге және одан тыс мерзімде автокөлік санының перспективалық өсуін ескере отырып, негізгі көшелердің көлденең профильдері айқындалды.
      Бас жоспарда сыртқы автожолдардың жалпы қалалық магистральдық көшелермен, негізгі жалпы қалалық магистральдық көшелердің өзара қиылысқан жерлерінде түрлі деңгейлерде жол көлік айырымдарын салу үшін аумақтар резервке алынған.
      Теміржол көлігі Железорудная теміржол станциясы және Қостанай станциясы - Тобыл станциясы магистральді теміржол желісі ретінде ұсынылған. Жобада Қостанай станциясы - Железорудная станциясы - Тобыл станциясы учаскесінде екінші жол салу, Железорудная станциясы - Қашар станциясы - Жаркөл станциясы учаскесін электрлендіру қарастырылған. Железорудная станциясы - Қостанай станциясы - Тобыл станциясы учаскесінде екінші жол салу және Железорудная станциясын көшіру көзделген.
      Жаңа және қолданыстағы автомобиль жолдарының магистральдық теміржолдармен және жолдармен қиылысқан жерлерінде екі деңгейде жол өтпесі қарастырылған.
      Есепті мерзімге қаланың қолданыстағы және жаңа бөлігі арасында көлік және жаяу жүргіншілер қатынасы Тобыл өзені арқылы көпір өткелі бойынша жүргізіледі. Бір автожол көпірін салу көзделген.

7. Инженерлік инфрақұрылым

1. Сумен жабдықтау

      Қаланы сумен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету үшін мынадай іс-шараларды жүргізу қажет:
      Құрылыстың І кезегі - 2020 жыл:
      1) өнімділігі тәулігіне 80,0 мың м3 ауыз су дайындайтын су тазалау құрылысын реконструкциялау;
      2) өнімділігі тәулігіне 35,0 мың м3 техникалық сумен жабдықтау үшін су жинағышты реконструкциялау;
      3) бағдарламаланатын бақылаушыларды пайдалана отырып диспетчерлік бақылау жүйесін салу;
      4) ұзындығы 180,0 км қолданыстағы су құбыры желісін реконструкциялау;
      5) ұзындығы 19,0 км су құбыры желісін салу;
      есепті мерзім – 2030 жыл:
      1) ұзындығы 200,0 км қолданыстағы су құбыры желісін реконструкциялау;
      2) ұзындығы 33,0 км магистральдық су құбыры желісін салу.
      Сумен жабдықтау жүйелері (ауыз су-шаруашылық, өндірістік, өртке қарсы), негізінен, қолданыстағы схемалар бойынша сақталады.
      Бас жоспарда ауыз су сапасындағы суды дайындау үшін су тазарту құрылыстарын, техникалық сумен жабдықтау үшін су жинағышты реконструкциялау, қолданыстағы төрт су таратқышты бөлшектеу көзделген.

2. Су бұру

      Орталықтандырылған кәріз жүйесі қала мен кәсіпорындардың шаруашылық-тұрмыстық суларын бұруды және тазартуды қамтамасыз етеді.
      Бас жоспарда оң жағалау және сол жағалау аудандарында бөлек су бұру ұсынылады.
      Бас жоспарда қалада тұрақты су бұруды қамтамасыз ету үшін мынадай іс-шаралар жүргізу ұсынылады:
      Құрылыстың І кезегі - 2020 жыл:
      1) бас кәріз станциясын (БКНС), кәріз станциясын (КНС) реконструкциялау;
      2) кәріз желілерін реконструкциялау - 152,0 км;
      3) кәріз желілерін салу - 12,0 км.
      есепті мерзімі - 2030 жыл:
      1) екі КНС салу;
      2) кәріз желілерін салу - 22,0 км.

3. Жылумен жабдықтау

      Қазіргі таңда жылу қуаты 720,0 Гкалл/сағ, электр қуаты 267,0 МВт құрайтын Рудный жылу энергетикалық орталығы қаланы орталықтандырылған жылумен жабдықтаудың негізгі көзі болып табылады. Қалада жалпы жылу өнімділігі 215,0 МВт жиырмаға жуық өнеркәсіптік қазандық жұмыс істейді, бұл қаланы толықтай жылумен жабдықтауды қамтамасыз етеді.
      Қала бойынша жылу желілерінің жалпы ұзындығы -123,8 км.
      Бас жоспарда жаңа трасса, көршілес аудандардың жылу желілері арасында жалғастырғыш құрылғыларын салу, сондай-ақ қолданыстағы жылу магистральдарын реконструкциялау, негізінен табиғи газбен, ал табиғи газды беру уақытша тоқтатылған жағдайда көмірмен жұмыс істейтін орталықтандырылмаған қазандықтарды салу ұсынылады.

4. Электрмен жабдықтау

      Қала тұтынушыларын электрмен жабдықтау 500 кВт «Сокол» және 220 кВт «Сарыбай» қосалқы станциялары арқылы қолданыстағы 500 кВт және 220 кВт желілері бойынша «KEGOС» АҚ энергетикалық жүйесі желілерінен орталықтандырылған түрде жүзеге асырылады. Қаланы орталықтандырылған электрмен жабдықтаудың негізгі көзі қуаты шамамен 267 МВт белгіленген Рудный жылу-электр орталығы (бұдан әрі – ЖЭО) болып табылады. Рудный ЖЭО 110 кВт жоғары вольтты желілері бойынша «Сарыбай» қосалқы станциясымен, 35 кВт жоғары вольтты желілері бойынша № 1 және № 2 «Узловая» қосалқы станциясымен байланысады.
      Қалада жаңа аудандарды салу үшін кернеуі 10 кВт бөліп тарату желілерін, РП-10 кВт төрт жаңа бөлу қондырғыларын салу көзделеді.

5. Газбен жабдықтау

      Қаланы газбен жабдықтау табиғи және сұйытылған газды пайдалану негізінде жүзеге асырылады. Табиғи газ көзі Уренгой кен орны болып табылады, газды беру газ тарату станциясы (бұдан әрі – ГТС) арқылы Бұхара – Орал магистральдық газ құбырынан Қарталы - Рудный - Қостанай (екі тармақ) тартқышы бойынша жүзеге асырылады. Тұтынушыларды сұйытылған газбен жабдықтау схемасы газ-баллон қондырғылары арқылы шешілді. Газ баллондарын Рудный сұйытылған газ базасы жеткізеді.
      Бас жоспарда қаланың жобаланатын оң жағалауындағы бөлігінде сегіз шкафты газ тарату пунктін салу, жоғары және орташа қысымды жерасты газ құбырын салу ұсынылады.

6. Телефон орнату

      Қаланың абоненттік желісі, негізінде оптикалық-талшықты және мыс кабельдер пайдалануымен түрлі көлемдегі мультисервистік абоненттік қол жеткізу (бұдан әрі – МАҚ) негізінде құрылған. Ең заманауи телекоммуникациялық қызметтерді көрсету және қанағаттандыру үшін NGN (NGN Next Generation Network - келешек ұрпақ желісі) жаңа ұрпақ желісі салынды.
      Бас жоспарда:
      Құрылыстың І кезегі - 2020 жыл – «Батыс» тұрғын ауданында сыйымдылығы 960 абоненттік желісі бар екі МАҚ салу;
      есепті мерзім - 2030 жыл:
      1) «Юбилейный» тұрғын ауданында сыйымдылығы 1088 абоненттік желісі бар бір МАҚ салу;
      2) «Юбилейный» тұрғын ауданында сыйымдылығы 960 абоненттік желісі бар сегіз МАҚ салу ұсынылады.

8. Инженерлік дайындық және аумақтарды инженерлік қорғау

1. Аумақты санитариялық тазалау

      Бас жоспарда қаланы абаттандыру, санитариялық тазалау және қаланың оңтүстік-шығысында орналасқан қолданыстағы полигонға қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша жұмыстарды жүргізу көзделген.

2. Аумақты инженерлік дайындау

      Табиғи жағдайларды зерделеу және инженерлік желілердің қазіргі жағдайын және аумақтарды қауіпті физикалық-геологиялық процестерден қорғау жүйесін талдау нәтижесінде Бас жоспарда әзірленген аумақты инженерлік дайындау мынадай іс-шараларды қамтиды:
      1) аумақты тігінен жоспарлау;
      2) жерүсті ағыстарын ұйымдастыру;
      3) аумақты жерасты суларының жайылуынан қорғау;
      4) жасыл көшеттерді суаруды ұйымдастыру;
      5) өзен жағалауын бекіту.
      Бас жоспарда шөгуінің ең төменгі тереңдігі 2,5 метр және дрен арасындағы арақашықтығы 150-200 метр көлденең жабық дренажды қолдануды және кейін жауын-шашын суын (тұндырғыш) тазарту құрылыстары мен гидроботаникалық алаңдарға жерүсті жауын-шашын суларымен бірге тартуды алдын ала ұсыныс ретінде ұсынады.

3. Ағын су арнасын абаттандыру

      Қаланың қолданыстағы аумағында оның үлкен бөлігін кесіп өтетін екі үлкен сай бар.
      Бас жоспарда сайларды, сондай-ақ Балықты көлінің жағалауын темір бетон плиталарымен қаптау көзделеді.
      Тобыл өзенінің жағалауын су шайып кетуден қорғау және перспективалы құрылыс ауданында жағалау алқабын абаттандыру үшін жағалау салу көзделген.

4. Өрт қауіпсіздігі

      Қазіргі кезде қала аумағында 6 өрт сөндіру автомобилі бар 1 өрт сөндіру депосы орналасқан.
      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 177 бұйрығымен бекітілген және 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген «Өртке қарсы қызмет органдары объектілерін жобалау нормалары» ҚР ҚН-ге 2.02-30-2005 сәйкес Рудный қаласы үшін жалпы саны 34 өрт сөндіру автомобилі бар төрт өрт сөндіру депосы қажет. Өрт сөндіру депосын салуды тұрғын алқаптардың негізгі құрылысынан бұрын жүзеге асыру қажет. Төтенше жағдай құтқарушыларын даярлайтын оқу-жаттығу орталығын салу көзделген.

9. Шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау (ҚОӘБ)

      Қалада атмосфералық ауаның негізгі ластануы кен өндіруші өнеркәсіп кәсіпорындарының шығарындыларына байланысты.
      «ССҚӨБ» АҚ Қостанай облысының Рудный қаласынан солтүстікке қарай және Қостанай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 35-40 км қашықтықта орналасқан және 14,3 км2 астам алаңды алады.
      «ССҚӨБ» АҚ құрамына негізгі бес өнеркәсіптік алаң кіреді:
      1) Рудный қаласының өнеркәсіптік алаңы;
      2) Қашар кеніші;
      3) Қоржынкөл кеніші;
      4) Қызылжар әктас кеніші;
      5) Алексеев доломитті кеніші.
      Қаратомар су қоймасындағы су сапасы «орташа ластанған» болып бағаланады.
      Қала құрылысын дамытудың экологиялық іс-шараларына мыналар жатады:
      1) тұрақты экологиялық қолайсыздық аумақтарындағы тыныс-тіршілік ортасын түпкілікті оңалту;
      2) табиғи кешеннің қолданыстағы аумақтарын жағымсыз антропогендік әсерлерден қорғау, шаруашылық қызмет салдарынан жойылған алқапты оңалту және қалпына келтіру, сондай-ақ резервтік аумақтарда жасыл алқап қалыптастыру бойынша шараларды іске асыру;
      3) тыныс-тіршілік ортасының жайлылығын арттыру, оның ішінде аумақтарды көгалдандыру және қаланың тұрғын үй және қоғамдық аймақтарында микроклиматтық жағдайды жақсарту.
      Қала құрылысын дамытудың экологиялық іс-шараларын орындаудың қажетті шарттары:
      1) қала аумағын нақты функционалдық аймақтарға бөлу;
      2) қаланың функционалдық-жоспарланған ықшам құрылымы;
      3) Тобыл өзенінің жағалау бөлігінде рекреациялық жүйе қалыптастыру;
      4) Тобыл өзенінің су-қорғау аймағын абаттандыру, оны қаланың пайдалану регламентін қатаң сақтау;
      5) өнеркәсіптік және қоныстанған аумақтардың арасында санитариялық-қорғау аймақтарын ұйымдастыру;
      6) табиғи кешеннің қолданыстағы аумақтарын жағымсыз антропогендік әсерлерден қорғау, үздіксіз көгалдандыру жүйесін қалыптастыру және құру, қаланың тұрғын үй және қоғамдық аймақтарында микроклиматтық жағдайды жақсарту бойынша шараларды іске асыру;
      7) жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру және магистральдардың өткізу мүмкіндігін арттыру, магистраль бойында шудан қорғайтын үйлер мен қалқандарды салу, топырақ құрамы төзімді жасыл белдеу отырғызу арқылы шулы қолайсыз аймақтарды жою;
      8) бұзылған аумақтардың (күл-қоқыс үйіндісі, қоқыс тастайтын жер және тағы басқа) топырағының құнарлылығын қалпына келтіру;
      9) экологиялық таза, қалдығы аз және қалдықсыз технологияларды енгізу, шығарындылардың ұйымдастырылмаған көздерінің, ағынсыз өндіріс циклдерінің санын азайту, өнеркәсіп объектілерінің су тазарту жабдықтарымен 100 % жабдықталуына қол жеткізу;
      10) ауыз су сапасы мен өндірістік және коммуналдық ағын су мен жерүсті ағын суды тазарту стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      11) көлік қозғалысы қарқындылығының ұлғаюын және жүк ағынының бөлінуін бақылауды қамтамасыз ету;
      12) орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау және кеңейту;
      13) табиғатты ұтымды пайдалануға бағытталған экономикалық ынталандыру (санкцияларды қоса алғанда) жүйесін енгізу.
      Аумақты нақты функционалдық аймақтарға бөлу негізінде сәулеттік-жоспарлауды ұйымдастыруды жетілдіру, жалпы қалалық орталық және көгалдандыру жүйесін одан әрі қалыптастыру, орманды-саябақты және рекреациялық аймақтарды құру, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту Рудный қаласында тұрғындардың тұруы үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал ететін болады.

10. Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер

Р/с №

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Қазіргі жағдайы

Бірінші кезең

Есепті мерзімі

1

2

3

4

5

6

1

Аумақ





1

Қала шегіндегі елді мекен жерлерiнiң көлемi, барлығы

га

17639

21874

27043


оның ішінде:









1)

тұрғын және қоғамдық құрылыс, барлығы

га

1316

1492

2191


оның ішінде:











тұрғын үй (пәтер) жанындағы жер учаскесі бар үй құрылысы

га

740

838

1454



аз қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысы

га

54

41

21



орташа көпқабатты көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысы

га

306

342

372



қоғамдық құрылыс

га

216

271

344

2)

Қоныстанған аумақ шегінде орналасқан өнеркәсіптік және коммуналдық-қоймалық құрылыс

га

73

73

73

3)

Қоныстанған аумақ шегінде орналасқан көлік, байланыс, инженерлік коммуникациялар

га

470

494

845


оның ішінде:






көлікжайлар, тұрақтар, ЖМҚС, ТҚС

га

310

333

621


инженерлік құрылыстар

га

160

161

224

4)

Өнеркәсіп, сыртқы көлік (теміржол, автомобиль және құбыр желісі), барлығы

га

15205

15627

15634


оның ішінде:






Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің аумағы

га

14500

14500

14500



өнеркәсіптік-өндірістік аумақ

га

525

925

925



теміржол көлігі аумағы

га

125

125

125



автомобиль көлігі аумағы

га

55

77

84

5)

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ (емдеу-сауықтыру маңызы бар) «Горняк» демалыс үйі

га

36

36

36

6)

Рекреациялық аумақтар

га

325

325

325

7)

Су қоймалары мен акваторий

га

834

840

2488


оның ішінде:







өзендер, табиғи және жасанды су қоймалары

га

228

228

644



су қорғау аймақтары

га

575

575

1802



гидротехникалық құрылыстар

га

19

19

19



су шаруашылығы құрылыстары (су жинау)

га

12

18

23

8)

Ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланатын

га

767

1414

2281


оның ішінде:







шаруа қожалығы

га

281

281

281



бақтар, бау-бақшалар

га

486

1133

2000

9)

Жалпы пайдаланымдағы

га

154

211

276


оның ішінде:






көшелер, жолдар

га

50

57

72


саябақтар, бақтар, желекжолдар

га

104

154

204

10)

Санитариялық-қорғау аймақтары

га

-

586

586

11)

Мола

га

57

57

57

12)

Құрылысқа ыңғайсыз, жарамсыз аумақтар (сайлар, каналдар және т.б.)

га

76

76

32

13)

Резервтегі, оның ішінде

га



2317

3893



қоныстанған аумақтарды дамыту үшін

га

-

1817

2772



өнеркәсіптік-өндірістік және коммуналдық аумақтарды дамыту үшін

га

-

500

1121

2

Халық





1)

Бағынышты елдi мекендерді есепке ала отырып, халық саны, барлығы

мың адам

128,2

132,0

150,0

2)

Халықтың табиғи қозғалысының көрсеткіші

адам

105






өсімі

адам

1719




азаюы

адам

1614



3)

Халықтың көші-қон көрсеткіштері:

адам

-70







өсімі

адам

1908







азаюы

адам

1978





4)

Халық тығыздығы











қоныстанған аумақ шегінде

адам /га

69

64

54



қала құрылысы аумағы шегінде

адам /га







5)

Халықтың жас құрылымы:











15 жасқа дейінгі балалар

адам /%

22443/17,5

23232/17,6

27000/18,0


еңбекке жарамды жастағы халық (ерлер 16-62 жас, әйелдер 16-57жас)

адам /%

82975/64,7

86328/65,4

98250/65,5



Еңбек етуге қабілетті жастан асқан тұрғындар

адам /%

22827/17,8

22440/17,0

24750/16,5

6)

Отбасылар мен жалғызбасты тұрғындар саны, барлығы

бірлік

32050

33000

37500


оның ішінде:











отбасылар саны

бірлік

31281

32208

36600



жалғызбасты тұрғындар саны

бірлік

769

792

900

7)

Еңбек ресурстары, барлығы

адам /%

82975/100

86328/100

98250/100


оның ішінде:











Еңбекке жарамды жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халық, барлығы

адам /%

70399/84,8

73379/85,0

84003/85,5


оның ішінде:

адам /%









Экономика саласында жұмыспен қамтылған

адам /%

67058/80,8

69858/95,2

80643/96


оның ішінде: өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар

адам %

3325/4,8

3521/4,8

3360/4



Жұмыссыздар

адам /%

16/0,02

0

0



Еңбекке жарамды экономикалық тұрғыдан енжар халық

адам /%

12576/15,2

12949/15,0

14247/14,5


оның ішінде:











Жұмысқа жарамды жастағы, оқып жүрген, өндірістен алшақ оқитын тұрғындар

адам /%

9184/11,1

9496/11,0

10415/10,6



Экономикалық қызметпен және оқумен айналыспайтын, еңбекке жарамды жастағы еңбекке жарамды тұрғындар

адам /%

3392/4,1

3453/4,0

3832/3,9

3

Тұрғын үй құрылысы









1)

Тұрғын үй қоры, барлығы

жалпы ауданы мың/м2/%

2278,1/100

2481,6/100

3245,6/100

2)

Жалпы қордың ішінен











көппәтерлі тұрғын үйлерде

жалпы ауданы мың/м2/%

1968,0/86,4

2053,8/82,8

2174,7/67,0



үй-жай түріндегі тұрғын үйлерде

жалпы ауданы мың/м2/%

310,1/13,6

427,8/17,2

1070,9/33,0

3)

70% астам тозған тұрғын үй қоры, барлығы

жалпы ауданы мың/м2

98,0/4,3

82,5/3,3

66,7/2,0


оның ішінде:











мемлекеттік қор

жалпы ауданы мың/м2 /%

31,3/1,4

15,8/0,6

0

4)

Сақталатын тұрғын үй қоры, барлығы

жалпы ауданы мың/м2



2262,6

2173,6

5)

Тұрғын үй қорын қабаттылығы бойынша бөлу:










оның ішінде:











аз қабатты

жалпы ауданы мың/м2

534,7

636,9

1234,2


оның ішінде құрылыстағы:











үй (пәтер) жанында жер учаскесі бар үй-жай (коттедж түріндегі)

жалпы ауданы мың/м2

310,1

427,8

1070,9



Пәтер жанында шектемелі жер учаскесі бар

жалпы ауданы мың/м2

жоқ

жоқ

жоқ



1-3 қабатты, жер учаскесі жоқ

жалпы ауданы мың/м2

224,6

209,1

163,3



орташа-көпқабатты (4-9 қабатты) көппәтерлі

жалпы ауданы мың/м2

1743,4

1844,7

2011,4

6)

Тұрғын үй қорының кемуі, барлығы

жалпы ауданы мың/м2



15,5

104,5


оның ішінде:











техникалық жағдайы бойынша

жалпы ауданы мың/м2



15,5

31,3



реконструкциялау бойынша

жалпы ауданы мың/м2



0

2,0



өзге себептер бойынша (Горняцк кенті және Железорудная ст. кенті)

жалпы ауданы мың/м2



0

71,2



Тұрғын үй қорының мыналарға қатысты кемуі:











қолданыстағы тұрғын үй қорына

%



0,7

4,6



жаңа құрылысқа

%



7,0

9,7

7)

Жаңа тұрғын үй құрылысы, барлығы

мың м2 жалпы аудан



219,0

1072,0

8)

Қабат бойынша жаңа тұрғын үй құрылысының құрылымы

мың м2 жалпы аудан








оның ішінде:











үй (пәтер) жанында жер учаскесі бар үй-жай (коттедж түріндегі)

мың м2 жалпы аудан



117,7

804,0



орташа-көпқабатты (4-9 қабатты) көппәтерлі

мың м2 жалпы аудан



101,3

268,0

9)

Жаңа тұрғын үй құрылысының жалпы көлемінен мыналарда орналасатыны:











бос аумақтарда

мың м2 жалпы аудан



191,9

961,6



қолданыстағы құрылысты реконструкциялау есебінен

мың м2 жалпы аудан



27,1

110,4

10)

Бір жылда орташа есеппен енгізілетін жаңа тұрғын үй қорының жалпы ауданы

мың м2



31,3

63,0

11)

Тұрғын үй қорының қамтамасыз етілуі:











су құбырымен

жалпы тұрғын үй қорынан %

92,5

95,4

100



кәрізбен

жалпы тұрғын үй қорынан %

85

90

95



электр плиталарымен

жалпы тұрғын үй қорынан %

жоқ

жоқ

жоқ



газ плиталарымен (сұйытылған газды қоса алғанда)

жалпы тұрғын үй қорынан %

98,0

100

100



орталықтандырылған жылумен

жалпы тұрғын үй қорынан %

92,5

94

98



ыстық сумен

жалпы тұрғын үй қорынан %

92,5

94

98

12)

Халықтың жалпы пәтер көлемімен орташа қамтамасыз етілуі

м2/адам

17,8

18,8

21,6

4

Әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілері:









1)

Мектепке дейінгі балалар мекемелері, барлығы / 1000 адамға

орын

2549

4859

6873



қамтамасыз етілу деңгейі

%

30

50

70



1000 тұрғынға

орын

20

37

46



жаңа құрылыс

орын



2310

4324

2)

Білім беру мекемелері, барлығы, 1000 адамға

орын

13268

16173

19379



қамтамасыз етілу деңгейі

%

100

100

100



1000 адамға

орын

103

123

129



жаңа құрылыс

орын



2905

6111

3)

Ауруханалар, барлығы/ 1000 адамға

орын

910/7,1

1050/8,0

1165/8,0

4)

Емханалар, барлығы/ 1000 адамға

бір ауысымда бару

800/6,2

1732/13,1

1967/13,1

5)

әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері (интернат үйлер) – барлығы/ 1000 адамға

орын

1179/9,2

1184/9

1448/9,7

6)

ұзақ мерзімді демалу мекемелері (Туберкулезге қарсы Рудный балалар санаторийі), барлығы/1000 адамға

орын

100/0,8

100/0,8

100/0,7

7)

Дене шынықтыру және спорттық құрылыстар барлығы/ 1000 адамға

га

38,8/0,3

54,0/0,4

70,9/0,5

8)

Көріністік-мәдени мекемелер (театрлар, клубтар, кинотеатрлар, мұражайлар, көрме залдары және т.б.), барлығы/ 1000 адамға

орын

2880/22

4230/32

10792/72

9)

Сауда кәсіпорындары барлығы / 1000 адамға

м2 сауда алаңы

44870/350

51910/393

56026/374

10)

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, барлығы / 1000 адамға

отырғызатын орын

5250/41

6230/47

6818/45

11)

Тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары, барлығы / 1000 адамға

жұмыс орны

640/5

1092/8

1214/8

12)

Өрт сөндіру депосы

автокөліктердің /бекеттердің саны

6/1

20/3

34/5

5

Көлікпен қамтамасыз ету









1)

Қоғамдық жолаушылар көлігі желілерінің ұзындығы, барлығы

км

539,9

556,8

603,1


оның ішінде:











электрлендірілген теміржол

км екі жолды

26,4

26,4

26,4



метрополитен

км екі жолды

-

-

-



трамвай

км екі жолды

-

-

-



троллейбус

км екі жолды

-

-

-



автобус

км екі жолды

513,5

530,4

576,7

2)

Магистральдық көшелер мен жолдардың ұзындығы, барлығы

км

199,04

224,10

263,50


оның ішінде:











жылдам қозғалысты жол

км

6,9

7,44

4,77



Жалпы қалалық маңызы бар магистральдар

км

29,21

31,00

42,6



аудандық маңызы бар магистральдар

км

12,43

18,56

32,75



тұрғын көшелер

км

150,5

167,8

183,38



кенттік жол

км

-

-

-



өнеркәсіптік жолдар

км

-

-

-

3)

Сыртқы көлік










оның ішінде:











теміржол










оның ішінде:










жолаушылар

мың жолаушылар/жыл

80,0

119,5

225,0


жүк

мың тонна/жыл

22495,8

26796,0

39525,0



әуе










соның ішінде:










жолаушылар

мың жолаушылар/жыл

-

-

-


жүк

мың тонна/ жыл

-

-

-



автомобиль










оның ішінде:










жолаушылар

мың жолаушылар/жыл

187,93

356,4

750,0


жүк

мың тонна/жыл

7360,0

7560,0

8550,0



өзен










оның ішінде:










жолаушылар

мың жолаушылар/жыл

-

-

-


жүк

мың тонна/жыл

-

-

-



теңіз










оның ішінде:










жолаушылар

мың жолаушылар/жыл

-

-

-


жүк

мың тонна/жыл

-

-

-



Құбыр желісі

мың м3/жыл

-

-

-

4)

Көше жол-желісінің тығыздығы











қала шегінде; кент құрылысы шегінде

км/км2

2,0

2,1

2,2



қаланың маңындағы аймақ шекаралары шегінде

км/ км2

-

-

-

6

Инженерлік жабдық









1)

Сумен жабдықтау:











Жиынтық тұтыну, барлығы

мың м3/тәул.

55,772

72,398

76,247



оның ішінде:











шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне

мың м3/тәул.

9,147

32,520

35,867



Техникалық сумен жабдықтау

мың м3/тәул.

28,9

34,0

34,0



Бас құрылыстар қуаты

мың м3/тәул.

130,0

75,0

80,0



Сумен жабдықтаудың пайдаланылатын көздері











Жерүсті көздерінен су бұру

мың м3/тәул.

130,0

75,0

80,0



1 адамның орташа есеппен су тұтынуы

л/тәул.

435,0

500,0

460,0



оның ішінде:











шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне

-"-

71,3

205,0

200,0



суды қайталап пайдалану

%









Желілер ұзындығы

км

474,8

468,8

502,0

2)

Кәріз:











Ағын судың жалпы түсуі, барлығы

мың м3/тәул.

25,132

48,146

51,660



оның ішінде:











тұрмыстық кәріз

мың м3/тәул.

15,011

32,52

35,867



Кәріз тазарту құрылыстарының өнімділігі

мың м3/тәул.

84,0

49,0

52,0



Желілер ұзындығы

км

272,5

285,0

305,0

3)

Электрмен жабдықтау











Электр энергиясын жиынтық тұтыну

МВт

34,172

51,892

90,378



оның ішінде:











коммуналдық- тұрмыстық және өндірістік қажеттіліктер үшін

МВт

19,414

33,848

56,235



тұрғын үй қорына

МВт

14,758

18,044

34,125

4)

Жылумен жабдықтау











Жылу көздерінің белгіленген қуаты

Гкал/с

750,0

772,0

859,0

5)

Байланыс











Халықты радио-теледидар хабар таратумен қамту

% халық

100

100

100



Телефон абоненттерінің саны

абонент

37781

39605

46005

6)

Газбен жабдықтау











табиғи газды тұтыну, барлығы

млн. м3/жыл

800

834

953

7

Аумақты инженерлік дайындау









1)

Жауын-шашын кәрізінің жалпы ұзындығы

км

4,6

35,9

59,3

2)

Ауданы

га

450,0

450,0

450,0

3)

Қорғаныс құрылыстарының ұзындығы

км

-

-

48,0

4)

Жағалауды нығайту

км

-

-

7,0

5)

Жерасты суларының деңгейін төмендету (жабық магистральдық көлденең дренаж коллекторлар)

км

30

30

64,5

8

Халыққа жерлеу қызметтерін көрсету









1)

Мола аумағы

га

57

57

57

9

Қоршаған ортаны қорғау









1)

Атмосфералық-ауаға зиянды заттарды тастау көлемі (2014 жылғы 01 қаңтарға)

мың тонна /жыл

33,377





2)

Ластанған шығарындының жалпы көлемі

млн. м3 /жыл

9,3





3)

Бұзылған аумақтарды қалпына келтіру

га

-

-



4)

шу деңгейі 65 Дб астам аумақтар

га

жоқ





5)

Экологиялық тұрғыдан қолайсыз аумақтар (рұқсат етілген шекті шоғырланудан асатын химиялық және биологиялық заттармен, зиянды микроорганизмдермен, рұқсат етілген шекті деңгейден асатын радиобелсенді заттармен ластанған аумақтар)

га

жоқ





6)

Санитариялық-қорғау аймақтарында тұратын халық

га



-

-

7)

Санитариялық-қорғау және су қорғау аймақтарын көгалдандыру

га

-

683

683

8)

Топырақ және жер қойнауын қорғау

га







9)

Аумақтарды санитариялық тазарту

га

-

-

-



Тұрмыстық қалдықтар көлемі

мың т/жыл

36,7

38,0

43,2


оның ішінде қалдықтарды сараланған жинау

%

-

-

-



Қоқыстарды өңдеу зауыттары

бірлік /мың т. жыл

-

-

-



Қоқыстарды өрттеу зауыттары

бірлік /мың т. жыл

-

-

-



Қоқыстарды тиеу станциялары

бірлік /мың т. жыл

-

-

-



Жетілдірілген қоқыс тастайтын жер (полигон)

бірлік/га

50

50

50



Қоқыс тастайтын жерлердің жалпы ауданы

га

-

-

-



оның ішінде стихиялық

га

-





10)

Табиғатты қорғау және табиғатты тиімді пайдалану бойынша өзге де іс-шаралар

тиісті бірлік







10

Жобалық шешімдерді іске асырудың I кезеңі бойынша инвестициялардың болжамды көлемі

млрд. теңге

-

461,0

-

Қостанай облысы Рудный     
қаласының Бас жоспарына     
(негізгі ережелерді қоса алғанда)
қосымша             

Бас жоспар (негізгі сызба)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады