Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2016 жылға арналған өңірлік квотасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 82 қаулысы

      «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) 1259 отбасыдан тұратын оралмандарды қабылдаудың 2016 жылға арналған өңірлік квотасы;
      2) 463 отбасыдан тұратын қоныс аударушыларды қабылдаудың 2016 жылға арналған өңірлік квотасы белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2016 жылғы 1 тамызға және 2017 жылғы 1 ақпанға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалуы туралы есеп ұсынсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады