Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«2003 жылғы 28 сәуірдегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің темір жолдарын техникалық бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құру туралы келісімнің қолданыс мерзімін ұзарту және оған өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ 2003 жылғы 28 сәуірдегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт
ұйымына мүше мемлекеттердің темір жолдарын техникалық
бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құру туралы келісімнің қолданыс
мерзімін ұзарту және оған өзгерістер енгізу туралы хаттаманы
ратификациялау туралы
2015 жылғы 15 қыркүйекте Душанбеде жасалған 2003 жылғы 28 сәуірдегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің темір жолдарын техникалық бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құру туралы келісімнің қолданыс мерзімін ұзарту және оған өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің
темір жолдарын техникалық бүркемелеудің бірыңғай жүйесін
құру туралы келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын осы Келісімге қатысушы мемлекеттер,
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымы (бұдан әрі - Ұйым) Жарғысының, 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың ережелерін және оны дамытуға қабылданған басқа да құжаттарды басшылыққа ала отырып,
Тараптар темір жолдарының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуіне және экономиканың мұқтажы үшін жүктерді тасып жеткізуді жүзеге асыруға, әскери және гуманитарлық тасымалдауларды қамтамасыз етуге, болжалған қарсыластың темір жолға және темір жол көлігінің объектілеріне ықпалының тиімділігін төмендетуге, бейбіт және соғыс уақытында поездардың тоқтап қалған қозғалысын қысқа мерзімде қалпына келтіруге жан-жақты дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі одан арғы іс жүзіндегі шараларды қабылдау қажеттілігін негізге ала сүйене отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тараптар Ұйымға мүше мемлекеттердің темір жолдары торабындағы негізгі (басым) темір жолдардың бағыттарын техникалық бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құрады және техникалық бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құруға және темір жолдардың қалпына келтіруге қатысты Тараптардың тең жауапкершілігі мен тең мүмкіндіктері жағдайын жасау мақсатында Тараптардың ұлттық заңнамаларын жақындастыру процесін жеделдету ниетін растайды.
2-бап
Осы Келісімнің мақсаттары үшін пайдаланылатын терминдер мынаны білдіреді:
"Тараптардың темір жолдарын техникалық бүркемелеу" - темір жолдар тораптарын пайдаланатын объектілерді, құрылыстарды және құрылғыларды, қалпына келтіру және пайдалану күштері мен құралдарын (Темір жол көліктері мәселелерін жүргізетін тараптардың темір жолдары әскерлерінің, қорғаныс министрліктерінің әскери бөлімдері, арнайы құралымдары мен қалпына келтіру ұйымдары органдары) Тараптардың темір жол торабына қарсыластың ықпал ету салдарын жою жөніндегі жұмыстарды орындауға жан-жақты дайындау үшін бейбіт және соғыс уақытында жүзеге асырылатын инженерлік, техникалық және ұйымдық іс-шаралар кешені;
"Ұйымға мүше мемлекеттер темір жолдары торабындағы негізгі (басым) темір жолдардың бағыттарын техникалық бүркемелеудің бірыңғай жоспары"
Тараптардың бүркемеленетін темір жолдары торабы, темір жолдарды техникалық бүркемелеуді және қалпына келтіруді ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді орындауға тартылатын күштер мен құралдардың құрамы айқындалатын құжат;
"темір жолдарды қалпына келтіру" - поездардың тоқтап қалған қозғалысын қалпына келтіру үшін қираған темір жол объектілері мен құрылыстарында жүргізілетін өзара байланысқан іс-шаралар мен жұмыстар кешені;
"арнайы құралымдар" - қорғаныс министрлігімен келісілген, нақты белгіленген штат бойынша көлік министрліктері мен ведомстволарының жүйесінде құрылатын және ерекше жағдайларда темір жолдарды қалпына келтіру, ұстау, техникалық бүркемелеу және салуға арналған әскерилендірілмеген қалпына келтіру ұйымдары;
"уәкілетті органдар" - темір жолдарды техникалық бүркемелеуді мемлекеттік реттеу мәселелері қарауына жататын, Тараптардың ұлттық заңнамасымен айқындалған мемлекеттік басқару органдары;
"темір жол әскерлері әскери бөлімдерінің жеке құрамы" - темір жол әскерлері әскери бөлімдерінің құрамында, ұйымдары мен мекемелерінде әскери қызметті өткеретін әскери қызметшілер, сондай-ақ темір жол әскерлерінің әскери бөлімдерінде, ұйымдары мен мекемелерінде жұмыс істейтін азаматтық персонал;
"арнайы құралымдардың жеке құрамы" - Тараптардың темір жолдарын техникалық бүркемелеуге және қалпына келтіруге тартылатын және осы арнайы құралымдарға бекітілген арнайы құралымдарда жұмыс істейтін азаматтық персонал;
"темір жол әскерлері құрамаларының қолбасшылығы" - Тараптар аумақтарындағы темір жолдарды техникалық бүркемелеу және қалпына келтіру іс-шараларын орындауды ұйымдастыруға арналған және Келісімге қатысушы басқа мемлекеттердің аумағына уақытша жіберілген темір жол әскерлерінің қолбасшылығы;
"жіберуші Тарап" - басқа Тараптың (Тараптардың) аумағына темір жол әскерлерінің әскери бөлімдерін және/немесе арнайы құралымдарын жіберетін мемлекет;
"қабылдаушы Тарап" - қойылған міндеттерді орындау үшін аумағына басқа Тараптың (Тараптардың) темір жол әскерлерінің және/немесе арнайы құралымдарының әскери бөлімдері уақытша орналастырылатын немесе оның аумағы арқылы басқа Тараптың (Тараптардың) темір жол әскерлерінің және/немесе арнайы құралымдары әскери бөлімдерінің транзиті жүзеге асырылатын мемлекет;
"темір жол әскерлері әскери бөлімдерінің, арнайы құралымдарының жылжымалы мүлкі" - жіберуші Тараптың меншігі болып табылатын жылжымалы мүлік: штаттық (табельдік) әскери-техникалық мүлік, қару-жарақтың барлық түрлері және оларға оқ-дәрілер, техника, көліктік, арнайы және темір жол әскерлері әскери бөлімдерінің және/немесе арнайы құралымдарының жұмыс істеуі үшін қажетті басқа да материалдық-техникалық жабдықтар;
"жылжымайтын мүлік (жылжымайтын объектілер)" - жер учаскелері және онда орналасқан казармалар, тұрғын үйлер, коммуналдық құрылыстар, кірме темір жолдар, полигондар, стационарлық басқару пункттері, байланыс тораптары, радиотехникалық және навигациялық қамтамасыз етудің стационарлық құралдары, арсеналдардың, сақтау базаларының, қоймалардың ғимараттары мен құрылыстары және қабылдаушы Тараптың меншігі болып табылатын инфрақұрылымның және оның келісімі бойынша басқа Тараптардың темір жол әскерлері әскери бөлімдерінің және/немесе арнайы құралымдарының уақытша пайдалануында болатын басқа да жылжымайтын объектілер;
"негізгі (басым) темір жол бағыттары" - оларда бірінші кезекте техникалық бүркемелеу және олар қираған жағдайда қалпына келтіру іс-шаралар кешені Тараптарды көліктік қамтамасыз ету мәселелерін жедел шешуге арналған темір жолдар бағыттары орындалады;
"құрылыс-қалпына келтіру материалдары" - темір жол бағыттарын салу және қалпына келтіруге арналған материалдар мен конструкциялар;
"негіздейтін материалдар" - темір жол құрылыстары мен құрылғыларының мүмкін болатын сипатын және қираудың көлемін бағалау, қысқа мерзімде қозғалысты қалпына келтірудің мүмкін тәсілдерін әзірлеу, қалпына келтіру жұмыстарының бағдарлы көлемін және күштер мен құралдардың қажеттілігін айқындау, оларды қалпына келтіру және жол торабына тиімді орналастыру мақсатында темір жолдардың жұмылдыру резервінде материалдарды, конструкцияларды, жабдықтарды, мүкәммал мүлікті жинақтаудың нормаларын есептеу үшін бастапқы деректерді дайындау үшін қызмет ететін объектілерді, олар қираған жағдайда қалпына келтіру жөніндегі негізделген шешімдерді қысқа мерзімде қабылдау үшін қосалқы материалдар.
3-бап
Тараптар 2005 жылға дейін темір жолдарды техникалық бүркемелеу мен қалпына келтіру іс-шараларының жоспарлануын және жүзеге асырылуын үйлестіруді, осы Келісімді орындауды және Тараптардың темір жол әскерлері мен арнайы құралымдарын қолдану туралы Ұйымның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің (бұдан әрі - Кеңес) шешімдерін іске асыруды Ресей Федерациясы Темір жол әскерлерінің федералдық қызметіне (бұдан әрі - Ресей ТӘФҚ) жүктей отырып Ұйымға мүше мемлекеттердің темір жол торабының негізгі (басым) темір жол бағыттарын техникалық бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құруға міндеттенеді.
4-бап
Ресейдің ТӘФҚ Тараптардың темір жол көлігі мәселелерін жүргізетін органдарымен және Тараптардың басқа да мүдделі министрліктерімен және ведомстволарымен бірлесіп, Ұйымға мүше мемлекеттердің темір жол торабында негізгі (басым) темір жол бағыттарын техникалық бүркемелеудің бірыңғай жоспарын әзірлеу және келісу мақсатында Мемлекетаралық жұмыс тобын құрады.
Мемлекетаралық жұмыс тобының құрамы Ұйымның Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің шешімімен бекітіледі.
5-бап
Тараптардың негізгі (басым) темір жол бағыттарын техникалық бүркемелеуді және қалпына келтіруді Ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді орындауға тартылатын күштер мен құралдардың құрамы Кеңес бекітетін Ұйымға мүше мемлекеттердің темір жол торабында негізгі (басым) темір жол бағыттарын техникалық бүркемелеудің бірыңғай жоспарымен белгіленеді.
6-бап
Негізгі (басым) темір жол бағыттарын Тараптардың қарулы күштері бас штабтары бастықтарының ұсыныстары негізінде Ұйымның Қорғаныс министрлері кеңесі белгілейді және Кеңес бекітеді.
7-бап
Тараптардың темір жол көлігі мәселелерін жүргізетін органдары Ұйымға мүше мемлекеттердің темір жол торабында негізгі (басым) темір жол бағыттарын техникалық бүркемелеудің бірыңғай жоспарына сәйкес бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да техникалық, жобалық құжаттамаларды, негіздеуші материалдарды және негізгі (басым) темір жол бағыттарындағы объектілерді салу және қалпына келтіруге арналған материалдарды әзірлеуді және жинақтауды қамтамасыз етеді.
8-бап
Негізгі (басым) темір жол бағыттарын техникалық бүркемелеудің және қалпына келтірудің іс-шараларын орындау үшін Тараптардың темір жол әскерлерінің әскери бөлімдері мен арнайы құралымдарын қолдануға арналған шешімді Тараптың бірінің немесе бірнеше Тараптың өтініші бойынша Кеңес қабылдайды.
9-бап
Әрбір Тарап жіберуші Тараптың темір жол әскерлерінің әскери бөлімдері мен арнайы құралымдарын өтеусіз және бақыланатын қабылдау, өткізу, орналастыру, ауыстыру және оларды талап етілетін жер учаскелерімен, ғимараттармен (құрылыстармен) және инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды өзіне алады. Егер Кеңестің шешімімен өзгеше белгіленбесе, осы іс-шаралар қабылдаушы Тараптың темір жол әскерлері әскери бөлімдерінің және арнайы құралымдарының ұқсас құрамын орналастыру мен пәтерлерге орналастыруды белгілейтін қабылдаушы Тарап заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс. Қабылдаушы Тарап жіберуші Тараптың темір жол әскерлерінің әскери бөлімдеріне және арнайы құралымдарына электр энергиясын, суды өтеусіз береді, олар қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті көлемде оларға коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Ерекше жағдайларда, қажет кезінде темір жол әскерлері әскери бөлімдерінің және арнайы құралымдарының күнделікті қызметін ұйымдастырудың қосымша мәселелері Тараптар арасындағы жеке хаттамалармен белгіленуі мүмкін.
10-бап
Әрбір Тарап темір жол әскерлері әскери бөлімдерінің және арнайы құралымдарының құрамына кіретін тұлғалардың құқықтық жағдайын құрметтейді, өздерінің аумағы шегінде қойылған міндеттерді олардың орындауын қиындататын іс-қимылдарға жол бермейді, оларға қатысты кез келген құқыққа қарсы іс-қимылдардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі шараларды қоса алғанда, олардың құрамына кіретін тұлғалардың, сондай-ақ қару-жарақтың, әскери, арнайы техниканың және материалдық-техникалық құралдардың, құжаттаманың және ресми ақпараттың қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету үшін темір жол әскерлері құрамаларының қолбасшылығымен және арнайы құралымдардың басшылығымен келісілген барлық қажетті шараларды қабылдайды.
11-бап
Тараптардың темір жол әскерлерінің әскери бөлімдерінің және арнайы құралымдарының жеке құрамы қабылдаушы Тараптың егемендігі мен заңнамаларын қадірлеуі тиіс. Жіберуші Тарап осыған қатысты қажетті шараларды қабылдауға міндетті. Тараптардың аумағында уақытша орналасқан темір жол әскерлерінің әскери қызметшілері өздерінің қарулы күштерінің белгіленген мемлекеттік үлгідегі әскери киім нысанын киеді және айырым белгілерін тағады. Қажет кезде темір жол әскерлерінің құрамалары қолбасшылығының шешімі бойынша темір жол әскерлерінің әскери қызметшілері үшін жалпы айырым белгісі белгіленуі мүмкін. Темір жол әскерлерінің әскери қызметшілері темір жол әскерлерінің құрамалары қолбасшылығының бұйрықтарына сәйкес өзімен қару алып жүруге құқылы. Осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің аумағында уақытша орналасқан арнайы құралымдардың қызметшілері, егер мұндай белгіленсе, оларды құрған орган қызметшілерінің киім нысанын киеді және тиісті айырым белгілеріне ие болады.
12-бап
Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде командирлер мен бастықтар жіберуші Тараптың құзыретті органдары растаған тұлғалардың атаулы тізімін, сондай-ақ қабылдаушы Тараптың аумағына келу мақсатын көрсетумен қару-жарақтың, әскери техниканың, арнайы техника мен материалдық-техникалық жабдықтардың тізбесін ұсынады.
Темір жол әскерлерінің әскери қызметшілері Тараптардың мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде өздерінің қарулы күштерінің әскери киім нысанын, арнайы құрылымдардың қызметкерлері, егер мұндай белгіленсе, оларды құрған органдар қызметшілерінің киім нысанын киюлері тиіс. Қызметтік автокөлік, әскери және арнайы техника тіркеу нөміріне қосымша олардың мемлекеттік тиістілігін көрсететін, анық көрініп тұратын белгілермен жабдықталуы тиіс.
Темір жол әскерлерінің әскери бөлімдерінің және арнайы құралымдарының құрамына кіретін тұлғалар қабылдаушы олардың жеке басын, Тараптардың темір жол әскерлеріне немесе Тараптардың арнайы құралымдарына тиістілігін куәландыратын құжаттарды көрсетуі бойынша және жіберуші Тараптың құзыретті органдары куәландырған атаулы тізімге сәйкес Тараптың мемлекеттік шекарасын кесіп өтеді.
Тараптардың темір жол әскерлерінің әскери бөлімдерінің және арнайы құралымдарының құрамына кіретін Тараптардың мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін адамдарға Тараптардың ұлттық заңнамаларымен, жеке тұлғалардың кедендік төлемдерді өндіріп алусыз өндірістік және өзге де коммерциялық емес қызметке арналған тауарларды тасымалдауы туралы Тараптардың ережелеріне сәйкес әкелу мен әкетуге тыйым салынған тауарларды қоспағанда, жеке заттарын және валюталық құндылықтарын тасып өткізуге құқық беріледі.
13-бап
Тараптардың темір жол әскерлерінің әскери бөлімдері арнайы құралымдары қойылған міндеттерді орындау үшін бажсыз көлемде қару-жарақ, әскери, арнайы техникаларды, материалдық-техникалық жабдықтар мен құрылыс-қалпына келтіру материалдарын әкеледі.
Қабылдаушы Тарап жауынгерлік техниканы, оқ-дәрілерді, қызметтік көлік үшін пайдаланылатын қосалқы бөлшектерді, отынды, жағармай материалдарын, әскери техниканы, қалпына келтіру жұмыстарын орындау үшін пайдаланылатын құрылыс-қалпына келтіру материалдарын, сондай-ақ басқа да (келісілген) материалдық-техникалық жабдықтарды орналасқан жерлеріне жеткізу үшін өз аумағында барлық қажетті шараларды жүзеге асырады. Қабылдаушы Тарап темір жол әскерлері құрамаларының қолбасшылығына және арнайы құралымдарының басшылығына, соның ішінде осы Келісімнің 9-бабында аталғандарға көрсеткен қызметтеріне салық салмайды. Сәйкестендіру құралдарымен қамтамасыз етілген қызметтік құжаттар (хат жазысу) кедендік тексеруге жатпайды. Осы құжаттарды тасымалдайтын курьерде оның өкілеттігін растайтын және салынған қамтамасыз ету түріндегі құжаттардың саны туралы мәліметтерді қамтитын оларды жеткізуге арналған өкім болуы тиіс. Өкімді уәкілетті тұлғалар куәландырады, ол туралы мәліметтер Тараптардың шекара және кеден органдарына ұсынылады. Осы Келісімді іске асыру мақсаттары үшін тасымалданатын қару-жарақты, әскери техника мен материалдық-техникалық жабдықтарды әкелу мен әкету басым тәртіппен жіберуші және қабылдаушы Тараптардың уәкілетті органдарымен келісілген тізбелердің негізінде тарифтік емес реттеу шараларын қолданусыз және баждың, салық пен алымның барлық түрлерін өндіріп алусыз жүзеге асырылады. Тараптар Тараптардың темір жол әскерлерінің әскери бөлімдеріне арнайы құралымдарына мемлекеттік шекарадан өтудің арнайы (кезектен тыс) жағдайын жасайды. Тараптар кеден төлемдерін төлеуден босатылған кезде Тараптардың ұлттық заңнамаларының шегінде теріс пайдалануды болдырмау үшін олар қажет деп есептейтін шарттардың орындалуын талап етуі мүмкін.
14-бап
Тараптардың әрқайсысы оның азаматтарының өліміне, дене жарақатына және еңбек қабілетінен айырылуға соқтырған жеке және заңды тұлғаларға келтірілген зиянның, егер мұндай зиян оның аумағында сыртқы әскери агрессияға тойтарыс беру, террорлық қарулы құралымдарды жою жағдайларында негізгі (басым) темір жол бағыттарын техникалық бүркемелеу мен қалпына келтіру жөніндегі міндеттерді орындау кезінде және жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру кезінде келтірілген болса, сондай-ақ оның жылжымайтын мүлкіне, табиғи ресурстарына, мәдени және тарихи құндылықтарына келтірілген зиянның орнын толтыруға қатысты талаптар қоймайды.
15-бап
Тараптардың темір жол әскерлерінің әскери бөлімдері мен арнайы құралымдары қабылдаушы Тараптың аумағына уақытша келген кезеңде қабылдаушы Тараптың пайдаланылатын жылжымайтын мүлкінің, оның табиғи ресурстарының, мәдени және табиғи объектілерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Қабылдаушы Тараптың пайдаланылатын жылжымайтын мүлкінің сақталуына, сондай-ақ орналастыру (дислокация) аудандарындағы экологиялық қауіпсіздік нормаларының сақталуына Тараптардың темір жол әскерлері құрамаларының қолбасшылығы мен арнайы құралымдарының басшылығы жауапты болады.
Осы Келісімнің шеңберіндегі міндеттерді орындауға байланысты емес қызметтің нәтижесінде қабылдаушы Тарапқа, сондай-ақ басқа да Тараптарға жіберуші Тараптың темір жол әскерлерінің әскери бөлімдері мен арнайы құралымдары келтіруі мүмкін зиян қабылдаушы Тараптың заңнамасына сәйкес өтеледі.
Осы Келісімнің шеңберіндегі міндеттерді орындауға байланысты емес қызметтің нәтижесінде жіберуші Тараптың темір жол әскерлерінің әскери бөлімдері мен арнайы құралымдарына қабылдаушы Тарап, сондай-ақ үшінші Тарап келтіруі мүмкін зиян қабылдаушы Тараптың заңнамасына сәйкес өтеледі.
Тараптар арасында келіспеушіліктер туындаған кезде даулар осы Келісімнің 21-бабына сәйкес шешіледі.
16-бап
Тараптардың темір жол әскерлерінің әскери бөлімдері мен арнайы құралымдарын медициналық қамтамасыз ету қабылдаушы Тараптың өз күшімен және медициналық органдармен (мекемелермен) өзара іс-қимыл құралдарымен жүзеге асырылады.
Білікті медициналық көмек, зертханалық және аспаптық зерттеу жүргізулерді қоса алғанда, қабылдаушы Тараптың барлық медициналық мекемелерінде көрсетіледі.
Тараптардың темір жол әскерлерінің әскери бөлімдері мен арнайы құралымдарының жеке құрамындағы жаралылар мен ауруларды қабылдаушы Тараптың медициналық бөлімдері мен мекемелері қабылдайды.
Медициналық қызмет көрсеткені үшін ақшалай есеп айырысулар 2000 жылғы 11 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік жүйелерінің күштері мен құралдарын құру мәртебесі туралы келісімнің 6-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
17-бап
Тараптардың темір жолдарын техникалық бүркемелеуді жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру Тараптардың ұлттық бюджеттері есебінен жүзеге асырылады.
18-бап
Тараптар олардың арасында ақпарат алмасу жолымен алынған жабық мәліметтерді қорғауға, сондай-ақ осы Келісімнің қатысушылары болып табылмайтын мемлекеттерге осы мәліметтерді немесе олар туралы ақпаратты беруді болдырмайтын жағдайларды жасауға кепілдік береді.
Қажет кезінде жабық сипаттағы ақпараттарды алуға байланысты ұйымдық және техникалық мәселелерді шешу Тараптар арасындағы жеке уағдаластықпен айқындалады.
19-бап
Осы Келісім Тараптар қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық шарттардың ережелерін қозғамайды.
20-бап
Тараптардың құжаттарды ресімдеу және техникалық бүркемелеу жүйесі мен темір жолдарын қалпына келтіру шеңберіндегі басқарудың жұмыс тілі орыс тілі болып табылады.
21-бап
Осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптардың арасындағы барлық келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі. Даулы мәселелерді шешу үшін құрамында әрбір Тараптан өкілдер және темір жол әскерлері құрамаларының және арнайы құралымдары басшылығының өкілдері тағайындалатын Келісу комиссиясы құрылады.
Келіссөз барысында шешілмеген барлық даулар Кеңестің шешуіне жіберіледі.
22-бап
Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағанын растайтын төрт жазбаша хабарламаны Ұйымның Хатшылығы алған күнінен бастап күшіне енеді, бұл туралы ол Ұйымның барлық қатысушы мемлекеттерін хабардар етеді.
Қажетті мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Келісім Ұйымның Хатшылығына тиісті жазбаша хабарлама тапсырылған күнінен бастап күшіне енеді, бұл туралы ол Ұйымның барлық қатысушы мемлекеттерін хабардар етеді.
23-бап
Осы Келісім күшіне енгеннен кейін, ол Ұйымға қабылданған және осы Келісімнің мақсаттары мен қағидаттарын бөлісетін басқа мемлекеттердің оған қосылуы үшін ашық. Қосылған мемлекеттер үшін осы Келісім Ұйымның Хатшылығы қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы хабарлама алған соң отызыншы күні күшіне енеді.
24-бап
Келісім оның кейіннен ұзартылуымен он жыл мерзімге жасалды.
Кез келген Тарап шығуына дейін алты ай бұрын өзінің ниеті туралы Ұйымның Хатшылығына жазбаша хабарлама жіберу арқылы осы Келісімнен шыға алады. Келісім осы Тарапқа қатысты өзінің қолданысын, осындай хабарлама алған күнінен бастап алты ай өткен соң тоқтатады.
Осы Келісімнің қолданысын тоқтатуға байланысты туындайтын барлық даулы мәселелерді Тараптар келіссөздер арқылы реттейтін болады.
25-бап
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Осы хаттамалар осы Келісімнің 22-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Осы хаттамалар осы Келісімнің 22-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
2003 жылғы 28 сәуірде Душанбе қаласында бір түпнұсқа данада орыс тілінде жасалды. Түпнұсқа данасы осы Келісімге қол қойған мемлекеттің әрқайсысына оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Ұйымның Хатшылығында сақталады.
Армения Республикасы үшін Қырғыз Республикасы үшін
Беларусь Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін
Қазақстан Республикасы үшін Тәжікстан Республикасы үшін
2003 жылғы 28 сәуірдегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына
мүше мемлекеттердің темір жолдарын техникалық бүркемелеудің
бірыңғай жүйесін құру туралы келісімнің қолданыс мерзімін
ұзарту және оған өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер,
2003 жылғы 28 сәуірдегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің темір жолдарын техникалық бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құру туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) шеңберінде ынтымақтастықты жалғастыруға және оның үздіксіз қолданысын қамтамасыз етуге деген ұмтылысын негізге ала отырып,
Келісімнің 24-бабында айқындалған оның қолданыс мерзімінің 2016 жылғы 23 қаңтарда аяқталатындығын түсіне отырып,
Келісімге тиісті өзгерістер енгізу қажеттілігін ескере отырып,
төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап
Келісімнің қолданысы 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың қолданылу мерзіміне ұзартылсын.
2-бап
Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап
Тараптар темір жолдарды техникалық бүркемелеу және қалпына келтіру іс-шараларын жоспарлау мен жүзеге асыруды, осы Келісімді орындау мен Тараптардың теміржол әскерлері мен арнайы құралымдарын қолдану туралы Ұйымның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің (бұдан әрі - Кеңес) шешімдерін іске асыруды үйлестіруді Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігіне жүктейді.».
2. 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап
Ұйымның Қорғаныс министрлері кеңесі және Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының комитеті ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің темір жолдарын техникалық бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құру бойынша іс-шараларды орындау жөніндегі Мемлекетаралық жұмыс тобын құрады, ол туралы ережені және оның құрамын бекітеді.».
3. 16-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Медициналық қызмет көрсеткені үшін ақшалай есеп айырысулар 2010 жылғы 10 желтоқсандағы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құрамаларының мәртебесі туралы келісімнің 7-бабына сәйкес жүзеге асырылады.».
4. 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап
Құпия ақпаратты қамтитын мәліметтер алмасу қажет болған кезде Тараптар 2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде Құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге сәйкес оны беру мен қорғауды қамтамасыз етеді.».
5. 24-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Келісім 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың қолданыс мерзімі ішінде қолданыста болады.».
3-бап
Осы Хаттама Келісімнің 22-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
2015 жылғы 15 қыркүйекте Душанбе қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жолдайтын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының хатшылығында сақталады.
Армения Республикасы үшін Қырғыз Республикасы үшін
Беларусь Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін
Қазақстан Республикасы үшін Тәжікстан Республикасы үшін
Осы мәтін 2003 жылғы 28 сәуірдегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің темір жолдарын техникалық бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құру туралы келісімнің қолданыс мерзімін ұзарту және оған өзгерістер енгізу туралы хаттаманың орыс тіліндегі нұсқасына сәйкес аударылды.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Халықаралық ынтымақтастық департаменті
бастығының орынбасары полковник Ә. Нұрмышев
2003 жылғы 28 сәуірдегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымына
мүше мемлекеттердің темір жолдарын техникалық бүркемелеудің
бірыңғай жүйесін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
2003 жылдың 28 сәуіріндегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымына (бұдан әрі - ұйым) мүше мемлекеттердің темір жолдарын техникалық бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құру туралы келісімге тиісті өзгерістер енгізу қажеттігін негізге ала отырып,
төмендегілермен келісті:
1-бап
Келісімнің 3-бабында "Ресей Федерациясы Темір жол әскерлерінің Федералдық қызметіне (бұдан әрі - Ресей ТӘФҚ)" деген сөздер "Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігіне (Темір жол әскерлерінің қолбасшылығы)" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап
Келісімнің 4-бабында "Ресей ТӘФҚ" деген сөздер "Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі (Темір жол әскерлерінің қолбасшылығы)" деген сөздермен ауыстырылсын.
3-бап
Осы Хаттама Келісімнің 22-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
2006 жылғы 23 маусымда Минск қаласында бір түпнұсқа данада орыс тілінде жасалды. Түпнұсқа дана осы Келісімге қол қойған мемлекеттің әрқайсысына оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымның Хатшылығында сақталады.
Армения Республикасы үшін Қырғыз Республикасы үшін
Беларусь Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін
Қазақстан Республикасы үшін Тәжікстан Республикасы үшін
Осы мәтін 2003 жылғы 28 сәуірдегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымына мүше мемлекеттердің темір жолдарын техникалық бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың орыс тіліндегі нұсқасына сәйкес аударылды.
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
Халықаралық ынтымақтастық
департаменті бастығының
орынбасары подполковник О. Хұсайынов