«Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» акционерлік қоғамының Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Амангелді көшесі, 73-үй мекенжайы бойынша орналасқан, теңгерімдік құны 78504565,41 теңге (жетпіс сегіз миллион бес жүз төрт мың бес жүз алпыс бес теңге қырық бір тиын) болатын жалпы ауданы 1178,2 шаршы метр ғимаратты жалпы ауданы 0,0933 гектар іргелес жер учаскесімен бірге сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысына келісім берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов