"Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 108 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

"Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия
туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12
қазандағы № 470 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссия туралы ережеде:
      4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуге конкурсқа қатысу үшін жұмыскерлердің санаттарын жыл сайын айқындау;».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады