2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
"2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 27) тармақшасына және "2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік):
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды;
2) республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің пайдалануын мониторингтеуді қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды;
2) есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептерді Министрлікке ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 3 наурыздағы № 127 қаулысымен бекітілген |
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына және "2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар 063 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі – ағымдағы нысаналы трансферттер) бойынша республикалық бюджеттен профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі
3. Ағымдағы нысаналы трансферттер профилактикалық дезинсекция (елді мекеннің аумағында, сондай-ақ қажет болған жағдайда елді мекенге іргелес аумақта жәндіктерді жою) және дератизация (елді мекеннің аумағында, сондай-ақ қажет болған жағдайда елді мекенге іргелес аумақта кеміргіштерді жою) жүргізуге бөлінеді.
4. Дезинсекцияға қарсы препараттарды, сондай-ақ алдын ала дезинсекция мен дератизация жүргізу (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыруды мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстың, Астана және Алматы қалаларының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы тиісті жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштерін келісуді қамтамасыз етеді.
3. Нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша қаражатты пайдалану
6. Министрлік облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының негізінде жүргізеді.
7. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану кезінде үнемдеу қалыптасқан жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары үнемделген соманы Министрлікпен келісім бойынша пайдалануға құқылы.
8. Қандай да бір облыс, Астана мен Алматы қалалары бөлінген қаражатты, оның ішінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тікелей және түпкілікті көрсеткіштерге қол жеткізу нәтижелері бойынша толық игермеген жағдайда Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне нысаналы трансферттердің сомаларын 2016 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында қайта бөлу туралы ұсыныстар енгізеді.