Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесін туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын
лауазымдар тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлыққа 3-қосымша:
мына:
«Ұлттық ұлан - генерал-майор
Әскери институтының бастығы »
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Әкімшілік полиция - полиция генерал-майоры
комитетінің төрағасы ».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев