Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық
мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 421-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Комиссияның шешімі оның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді, оған төраға қояды.»;
17-тармақтың төртінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «неке туралы куәлік және т.б.) тапсырады.» деген сөздер «неке туралы куәлік және т.б.);» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Заңның 16-1-бабының 3) тармақшасында көзделген адамдар ұлтын растайтын құжаттарды, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнында оқу фактісін растайтын анықтаманы және бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы өтінішті тапсырады.»;
33-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Ішкі істер органдарының аумақтық бөліністері және шетелдегі мекемелер материалдарды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне жолдайды, ол жүгінген адамға саяси пана берудің орындылығы туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің пікірін сұрайды.».
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев