Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін инвестициялау үшін қаржылық құралдардың тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 210 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 731 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 731 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін инвестициялау үшін қаржылық құралдардың тізбесі айқындалсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 14 сәуірдегі
№ 210 қаулысына
қосымша

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін инвестициялау үшін қаржылық құралдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 13.12.2018 № 828 қаулысымен.

Р/с №

Қаржылық құралдың түрі

1

2

1.

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің банктік шотындағы ақша

2.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттер

3.

Қаржылық құралдың немесе эмитенттің кредиттік рейтингі Standard & Poor's бойынша "А-"-дан төмен емес немесе Fitch, Moody’s Investors Service рейтингіне тең халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары

4.

Агенттiк облигациялар, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтер шығарған, қаржылық құралдың немесе эмитенттің кредиттік рейтингі Standard & Poor's бойынша Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінен төмен емес немесе Fitch, Moody’s Investors Service рейтингіне тең

5.

Қаржылық құралдың немесе эмитенттің рейтингі Standard & Poor's бойынша "ВВ-"-дан төмен емес немесе Fitch, Moody’s Investors Service рейтингіне тең агенттiк облигациялар, корпоративтік облигациялар

6.

Кері РЕПО мәмiлелерi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады