Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану мәселелері бойынша хаттар алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 211 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылы 2 шілдеде қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану мәселелері бойынша хаттар алмасу нысанындағы келісім бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2016 жылғы 14 сәуірдегі
№ 211 қаулысымен   
бекітілген      

АҚШ Сауда өкілі,
Елші Майкл Фроманға
Вашингтон, Колумбия округі

Құрметті Елші Фроман,

      Мен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттары Үкіметінің өкілдері арасында қол жеткізілген мынадай уағдаластықты растау мәртебесіне ие болып отырмын:
      Халықаралық стандарттармен үйлестіру. Қазақстан Республикасының Үкіметі де, Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) та белгілі бір санитариялық немесе фитосанитариялық (бұдан әрі – СФС) тәуекелге қатысты міндетті СФС талапты белгілемеген жерде Қазақстан Республикасының Үкіметі Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымның (ХЭБ), Өсімдіктерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияның (ӨҚХК) және Алиментариус Кодексі Комиссиясының (бұдан әрі – Кодекс) тиісті стандарттары, нұсқаулықтары мен ұсынымдары қолданылатынын қамтамасыз етуге тиіс екенін Қазақстан Республикасының Үкіметі растайды. ЕАЭО аумағында қолданылатын СФС шара тиісті халықаралық стандартқа, нұсқаулыққа немесе ұсынымға сәйкес келетін шараға қарағанда неғұрлым қатаң болған жағдайда, тиісті халықаралық стандартты, нұсқаулықты немесе ұсынымды немесе олардың бөліктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі неғұрлым қатаң стандарттың ғылыми негіздемесі ұсынылғанға дейін қолданатын болады. Қазақстан Республикасының Үкіметі жоғарыда көрсетілген осы міндеттемелер болашақта ЕАЭО нормативтік құқықтық базасының міндетті бөлігі болып қалатынына кепілдік береді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті уәкілетті органы Америка Құрама Штаттарына (бұдан әрі – АҚШ) Қазақстан Республикасының Үкіметі неғұрлым қатаң стандартты (тиісті халықаралық стандартқа, нұсқаулыққа немесе ұсынымға қарағанда неғұрлым қатаң шара) қолдануды ұсынатын кез келген шараға қатысты уақтылы және алдын ала хабарлама береді және осындай стандартқа тиісті ғылыми негіздемені ұсынады.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе ЕАЭО барынша рұқсат етілген қалдық деңгейін (бұдан әрі – БРЕД) белгілемеген ветеринариялық препараттар үшін, рактопамин және басқа да өсімді гормондық жеделдеткіштерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі импортталатын өнімдегі препарат қалдықтары үшін, егер ондай бар болса, Кодекс стандартын қолданады. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе ЕАЭО БРЕД белгілемеген кез келген ветеринариялық препарат қалдықтары үшін осы хаттың «Тәуекелді бағалау» деген бөлімінде жазылған талаптарға сәйкес өткізілген Қазақстан халқы үшін тәуекелді бағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер бірлесіп аяқтамаған болса және Қазақстан Республикасының Үкіметі осы тәуекелді бағалау негізінде препарат үшін БРЕД-ті айқындамаса, Қазақстан Республикасының Үкіметі Кодекс стандартын, егер ондай бар болса, қолдануды жалғастырады.
      Кодекс стандарты қабылданбаған және Қазақстан халқына Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер бірлесіп  тәуекелді бағалауды жүргізбеген кез келген ветеринариялық препаратқа қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі АҚШ-та қабылданған кез келген тиісті БРЕД-ті пайдалануды, сондай-ақ Тамақ қоспалары бойынша Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ФАО-ДДСҰ) Бірлескен Сарапшылық Комитеті (JECFA) ұсынған кез келген тиісті БРЕД-ті уақытша БРЕД белгілеу үшін негіз ретінде пайдалануды қарайды.
      Тәуекелді бағалау: Қазақстан Республикасының Үкіметі БРЕД белгілеу үшін пайдаланылатын ветеринариялық препарат үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер бірлесіп жүргізетін Қазақстан халқы үшін кез келген тәуекелді бағалау CAC/GL 62-2007 «Үкіметтердің қолдануы үшін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында тәуекелді талдау бойынша жұмыс қағидаттары» Алиментариус Кодексін қоса алғанда, тиісті халықаралық жетекші қағидаттарға сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі ветеринариялық препарат үшін тәуекелді кез келген мұндай бағалау ғылыми негізделген болып табылатынын және құжатталған әрі айқын түрде жүргізілуін, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымының (бұдан әрі – ДСҰ) мүдделі мүше елдеріне тәуекелді бағалау аяқталғанға дейін тәуекелді бағалау жобасына түсіндірме жасау мүмкіндігі берілуін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі ветеринариялық препараттар бойынша жүргізілген кез келген осындай тәуекелді бағалауға қатысты ДСҰ-ға мүше елдердің түсіндірмелерін тәуекелді бағалау аяқталғанға дейін назарға алуды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті уәкілетті органы түпкілікті тәуекелді бағалауды жариялайды. Қазақстан Республикасының Үкіметі ветеринариялық препараттың кез келген осындай тәуекелін бағалау тәуекелдің жай-күйіне сәйкес болуын және ақылға қонымды түрде қолжетімді, тиісті ғылыми деректердің назарға алынуын қамтамасыз етеді.
      Қазақстанда қолданылатын және ветеринариялық препараттың тәуекелін бағалау негізінде сауда-саттыққа елеулі әсер етуі мүмкін кез келген шараны әзірлеу аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі ДСҰ-ға мүше басқа елдерге ұсынылатын, сондай-ақ ДСҰ-ға мүше елдердің түсіндірмелері шараны әзірлеуді аяқтау кезінде назарға алынуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі техникалық және экономикалық мүмкіндіктерді назарға ала отырып, бұдан әрі кез келген ветеринариялық препаратқа қатысты қолданылатын тәуекелді басқарудың кез келген шарасы сауда-саттық үшін Қазақстанды қорғаудың тиісті деңгейіне қол жеткізу үшін қажетті шамадан артық шектеулі болып табылмайтынын қамтамасыз етеді. Егер ветеринариялық препарат үшін тәуекелді бағалау басталған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің уәкілетті органы тамақ өнімін әкелуге рұқсат ететін болса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің уәкілетті органы тәуекелді бағалауға бастамашылық жасалуының негізінде ғана осы тамақ өнімін әкелуге тыйым салмайды немесе оны шектемейді.
      Кәсіпорындар тізілімі: Қазақстан Республикасының Үкіметі Үшінші елдер кәсіпорындарының тізілімі (бұдан әрі – тізілім) ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттер үшін ортақ болып табылатынын, алайда қазіргі уақытта ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет тізілімінің өзінің ұлттық бөлігіне ғана техникалық түрде шектеу енгізе алатынын растайды. Қазақстан Республикасының Үкіметі тізілімнің өзіне тиесілі бөлігін оның тиісті уәкілетті органы өз веб-сайтында (http://mgov.kz/napravleniya-razvitiya/veterinarnaya-bezopasnost/) жүргізетінін, онда тізілімінің ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің ұлттық бөлігіне енгізілген АҚШ кәсіпорындарының қамтылғанын растайды. Егер ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекет тізілімге енгізілген АҚШ кәсіпорнына уақытша немесе тұрақты түрде шектеу қоятын болса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің уәкілетті органы бұл шектеуді автоматты түрде қолданбайды және осы кәсіпорыннан Қазақстанға өнім әкелуге рұқсат беруді жалғастырады. ЕАЭО бірыңғай ортақ тізбе немесе бірыңғай ортақ тізілім әзірлеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі, шектеу ғылыми қағидаттарға негізделген және тек адамның өмірі мен денсаулығын, жануарларды немесе өсімдіктерді қорғау үшін қажетті шамада ғана қолданылған және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті уәкілетті органы АҚШ кәсіпорны мен тиісті АҚШ ведомствосын шектеу себептері туралы жазбаша хабардар еткен жағдайлардан басқа, тізілімдегі шектеу АҚШ кәсіпорындарына қойылмауын қамтамасыз етеді.
      Егер Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті уәкілетті органы кәсіпорыннан Қазақстанға әкелуге уақытша шектеу қойса, Қазақстан Республикасының Үкіметі, төтенше жағдайларды қоспағанда, кәсіпорыннан өнім әкелуге тек қана осы кәсіпорынның немесе АҚШ-тың құзыретті органының сұрау салуы немесе кәсіпорынды инспекциялау және/немесе қайта инспекциялау кезінде белгіленген Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 94 шешімінде (бұдан әрі – № 94 шешім) айтылған, ЕАЭО талаптарын сақтамау фактілерінің қайтадан расталуы негізінде немесе кәсіпорын өндірген немесе олар бойынша құзыретті орган хабардар болған бақылауға жататын тауарлар (өнімдер) мониторингі немесе оларды күшейтілген зертханалық бақылау нәтижесінде осындай уақытша шектеу қойылуын қамтамасыз етеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ЕАЭО талаптарының қайталап сақталмауына негізделген кәсіпорыннан өнім әкелуге уақытша шектеу, сәйкессіздік нәтижелері адамның немесе жануарлардың денсаулығы мен өмірі үшін елеулі қатер төндіретін жағдайларда ғана қолданылуын қамтамасыз етеді. АҚШ Ауыл шаруашылығы департаментінің Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және инспекциясы қызметі (FSIS) немесе АҚШ-тың басқа да құзыретті органы мән-жайды зерделеп, қажет болған жағдайда оны түзету шараларын қолданғаннан кейін АҚШ Қазақстан Республикасының Үкіметіне тергеп-тексеру нәтижелері және сәйкессіздікті түзету үшін қабылданған кез келген түзеу шаралары туралы ақпарат қамтылатын хабарлама бере алады. Қазақстан Республикасының Үкіметі тәуекелдің пропорционалды болуын назарға ала отырып, егер Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті уәкілетті органы Құрама Штаттар жазбаша түрде ұсынған айқын ғылыми негізделген бағалаудың негізінде осы кәсіпорынның № 94 шешімнің талаптарына сәйкес келмейтінін айқындамаса, осы хабарламаны алғаннан кейін кәсіпорынның импорт өнімдеріне қойылған шектеудің алып тасталуын қамтамасыз етеді.
      Қазақстан Үкіметі Қазақстанға әкелу үшін құс етін ЕАЭО мүше аумақтар арқылы жеткізуге жәрдемдесуге күш-жігерін салады.
      Кепілдіктерді қабылдау: Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті уәкілетті органы FSIS-ке құсты союды немесе құс шаруашылығы өнімін, шошқа етін немесе шошқа өнімін, сиыр етін немесе сиыр өнімін, қой етін немесе қойдан алынатын өнімді өңдеуді немесе тоңазытып сақтауды жүзеге асыратын кез келген кәсіпорынды аттестаттау арқылы АҚШ кәсіпорындарын кез келген ресми тізімге («кәсіпорындар тізілімі» сияқты) енгізу үшін, Қазақстанға экспорттау үшін мұндай өнімді өндіруге және/немесе өңдеуге рұқсат етілген кәсіпорындарды кез келген осындай ресми тізімге енгізу үшін кепілдіктер ұсынуға рұқсат етуін жалғастырады. Егер Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті уәкілетті органы кәсіпорынды тізілімге қосудан бас тартқан кездегі тәуекелдің пропорционалды болуын назарға ала отырып, АҚШ жазбаша түрде ұсынған айқын ғылыми негізделген бағалаудың негізінде аталған кәсіпорынның № 94 шешімі 3-қосымшасының В бөлімінің талаптарына сәйкес келмейтіндігін айқындамаған болса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті уәкілетті органы FSIS-тен осы кәсіпорынды тізілімге қосу туралы сұрау салуды алғаннан кейін бұл кәсіпорынды өзінің тізіліміндегі ұлттық бөлігіне қосады.
      Тізілімге енгізу жөніндегі талаптарды жою: Қазақстан Республикасының Үкіметі осы хаттың күніне сай (және осы хаттың А қосымшасында көрсетілген) № 317 шешімде тәуекелдің төмен деңгейі бар өнім ретінде көрсетілген кәсіпорын өндірген өнімді Қазақстанға импорттау құқығы болуы үшін кәсіпорынды «кәсіпорындар тізіліміне» енгізу туралы талапты дереу және түбегейлі жою мақсатында 2015 жылғы 1 шілдеге дейін Еуразиялық Экономикалық Комиссия Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 294 шешімімен енгізілген өзгерістерімен бірге Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешіміне (бұдан әрі – № 317 шешім) өзгерістер енгізуді қамтамасыз ететінін растайды. Тиісінше, 2015 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі осы хаттың күніне сай (және осы хатқа А қосымшада келтірілген) № 317 шешімге тәуекелдің төмен деңгейі бар өнім ретінде енгізілген кәсіпорыннан шыққан өнімнің Қазақстанға импортталуға құқығы болуы үшін аудит өткізуді талап етпейді.
      Мен, осы хат және Сіздің Үкіметіңіздің осы уағдаластыққа ортақтасатынын растайтын Сіздің жауап хатыңыз Сіздің жауап хатыңызды алған күннен бастап уақытша қолданылатын және Америка Құрама Штаттары осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті өзінің мемлекеттік рәсімдерді орындағаны туралы Қазақстан тарапының жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енетін біздің екі Үкіметіміз арасындағы келісімді білдіруге тиіс деген ұсыныс жасауды мәртебе санаймын.

      Құрметпен,

      Жанар Айтжанова,
      Қазақстан Республикасының
      Экономикалық интеграция істері министрі

Қазақстан Республикасының
Экономикалық интеграция істері министрі
Ж.С. Айтжанованың хатына қосымша

А қосымша

Үшінші елдер кәсіпорындарының тізіліміне қосуға жатпайтын кәсіпорындар импорттайтын тауарлар тізбесі

СЭҚ ТН коды

Тауардың атауы

1

0401-ден

Қоюлатылмаған және қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылмаған сүт және кілегей (шикі сүт пен шикі кілегейді қоспағанда)

2

0402

Қоюлатылған және қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылған сүт және кілегей

3

0403

Пахта, iрiген сүт және қаймақ, йогурт, айран және өзге де ашытылған немесе ұйыған сүт пен кілегей, қойытылған немесе қойытылмаған, қант немесе басқа да тәттiлендiретiн заттар қосылған немесе қосылмаған, хош иiстендiрiлген немесе хош иiстентендiрiлмеген, жемiс-жидектер,
жаңғақ немесе какао қосылған немесе қосылмаған

4

0404

Қоюлатылған немесе қоюлатылмаған, қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылған немесе қосылмаған сүт сары суы; қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылған немесе қосылмаған сүттің табиғи құрамдас бөліктерінен алынған өнімдер

5

0405

Сарымай және өзге де тоң май мен сүттен жасалған май; сүт пасталары

6

0406-дан

Құрамында шұжықтан, еттен, ет өнімдерінен, қаннан, балықтан, шаян тәрізділерден, молюскалардан немесе өзге де су омыртқасыздарынан немесе 04 СЭҚ ТН не болмаса осы өнімдердің кез келген құрамдауыштарынан жасалған өнімдері бар ерітілген ірімшікті қоспағанда ірімшік және сүзбе

7

0504 00 000 0

Малдың (балықты қоспағанда) шегі, қуығы, асқазаны, тұтастай және кесілген, жаңа сойылған, тоңазытылған, мұздатылған, тұздалған, тұзды суға салынған, кептірілген және ысталған

8

2105 00-ден

Жеміс-жидек негізінде, жеміс және тамаққа пайдаланылатын мұздан жасалған балмұздақты қоспағанда басқа балмұздақ

9

2309

Малды азықтандыру үшін қолданылатын өнімдер1 

10

3501-ден

Казеин, казеинаттар және өзге де казеин туындылары

11

3503 00

Желатин табақтар (оның ішінде тік бұрышты (шаршыны қоса алғанда), үсті өңделген немесе өңделмеген, боялған немесе боялмаған) және желатин өнімдері; балық желімі; өзге де мал өнімінен алынған желім

_______________________________
1Үшінші елдер кәсіпорындарының тізілімінен алып тасталды.

Қазақстан Республикасының
Экономикалық интеграция істері министрі
Жанар Айтжановаға
Астана, Қазақстан

Құрметті Министр Айтжанова,

      Мен Сіздің [күні] мынадай мазмұндағы хатыңызды зор ризашылық сезіммен растаймын:
      «Мен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттары Үкіметінің өкілдері арасында қол жеткізілген мынадай уағдаластықты растау мәртебесіне ие болып отырмын:
      Халықаралық стандарттармен үйлестіру. Қазақстан Республикасының Үкіметі де, Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) та белгілі бір санитариялық немесе фитосанитариялық (бұдан әрі – СФС) тәуекелге қатысты міндетті СФС талапты белгілемеген жерде Қазақстан Республикасының Үкіметі Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымның (ХЭБ), Өсімдіктерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияның (ӨҚХК) және Алиментариус Кодексі Комиссиясының (бұдан әрі – Кодекс) тиісті стандарттары, нұсқаулықтары мен ұсынымдары қолданылатынын қамтамасыз етуге тиіс екенін Қазақстан Республикасының Үкіметі растайды. ЕАЭО аумағында қолданылатын СФС шара тиісті халықаралық стандартқа, нұсқаулыққа немесе ұсынымға сәйкес келетін шараға қарағанда неғұрлым қатаң болған жағдайда, тиісті халықаралық стандартты, нұсқаулықты немесе ұсынымды немесе олардың бөліктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі неғұрлым қатаң стандарттың ғылыми негіздемесі ұсынылғанға дейін қолданатын болады. Қазақстан Республикасының Үкіметі жоғарыда көрсетілген осы міндеттемелер болашақта ЕАЭО нормативтік құқықтық базасының міндетті бөлігі болып қалатынына кепілдік береді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті уәкілетті органы Америка Құрама Штаттарына (бұдан әрі – АҚШ) Қазақстан Республикасының Үкіметі неғұрлым қатаң стандартты (тиісті халықаралық стандартқа, нұсқаулыққа немесе ұсынымға қарағанда неғұрлым қатаң шара) қолдануды ұсынатын кез келген шараға қатысты уақтылы және алдын ала хабарлама береді және осындай стандартқа тиісті ғылыми негіздемені ұсынады.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе ЕАЭО барынша рұқсат етілген қалдық деңгейін (бұдан әрі – БРЕД) белгілемеген ветеринариялық препараттар үшін, рактопамин және басқа да өсімді гормондық жеделдеткіштерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі импортталатын өнімдегі препарат қалдықтары үшін, егер ондай бар болса, Кодекс стандартын қолданады. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе ЕАЭО БРЕД белгілемеген кез келген ветеринариялық препарат қалдықтары үшін осы хаттың «Тәуекелді бағалау» деген бөлімінде жазылған талаптарға сәйкес өткізілген Қазақстан халқы үшін тәуекелді бағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер бірлесіп аяқтамаған болса және Қазақстан Республикасының Үкіметі осы тәуекелді бағалау негізінде препарат үшін БРЕД-ті айқындамаса, Қазақстан Республикасының Үкіметі Кодекс стандартын, егер ондай бар болса, қолдануды жалғастырады.
      Кодекс стандарты қабылданбаған және Қазақстан халқына Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер бірлесіп тәуекелді бағалауды жүргізбеген кез келген ветеринариялық препаратқа қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі АҚШ-та қабылданған кез келген тиісті БРЕД-ті пайдалануды, сондай-ақ Тамақ қоспалары бойынша Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ФАО-ДДСҰ) Бірлескен Сарапшылық Комитеті (JECFA) ұсынған кез келген тиісті БРЕД-ті, уақытша БРЕД белгілеу үшін негіз ретінде пайдалануды қарайды.
      Тәуекелді бағалау: Қазақстан Республикасының Үкіметі БРЕД белгілеу үшін пайдаланылатын ветеринариялық препарат үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер бірлесіп жүргізетін Қазақстан халқы үшін кез келген тәуекелді бағалау CAC/GL 62-2007 «Үкіметтердің қолдануы үшін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында тәуекелді талдау бойынша жұмыс қағидаттары» Алиментариус Кодексін қоса алғанда, тиісті халықаралық жетекші қағидаттарға сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі ветеринариялық препарат үшін тәуекелді кез келген мұндай бағалау ғылыми негізделген болып табылатынын және құжатталған әрі айқын түрде жүргізілуін, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымының (бұдан әрі – ДСҰ) мүдделі мүше елдеріне тәуекелді бағалау аяқталғанға дейін тәуекелді бағалау жобасына түсіндірме жасау мүмкіндігі берілуін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі ветеринариялық препараттар бойынша жүргізілген кез келген осындай тәуекелді бағалауға қатысты ДСҰ-ға мүше елдердің түсіндірмелерін тәуекелді бағалау аяқталғанға дейін назарға алуды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті уәкілетті органы түпкілікті тәуекелді бағалауды жариялайды. Қазақстан Республикасының Үкіметі ветеринариялық препараттың кез келген осындай тәуекелін бағалау тәуекелдің жай-күйіне сәйкес болуын және ақылға қонымды түрде қолжетімді, тиісті ғылыми деректердің назарға алынуын қамтамасыз етеді.
      Қазақстанда қолданылатын және ветеринариялық препараттың тәуекелін бағалау негізінде сауда-саттыққа елеулі әсер етуі мүмкін кез келген шараны әзірлеу аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі ДСҰ-ға мүше басқа елдерге ұсынылатын, сондай-ақ ДСҰ-ға мүше елдердің түсіндірмелері шараны әзірлеуді аяқтау кезінде назарға алынуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі техникалық және экономикалық мүмкіндіктерді назарға ала отырып, бұдан әрі кез келген ветеринариялық препаратқа қатысты қолданылатын тәуекелді басқарудың кез келген шарасы сауда-саттық үшін Қазақстанды қорғаудың тиісті деңгейіне қол жеткізу үшін қажетті шамадан артық шектеулі болып табылмайтынын қамтамасыз етеді. Егер ветеринариялық препарат үшін тәуекелді бағалау басталған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің уәкілетті органы тамақ өнімін әкелуге рұқсат ететін болса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің уәкілетті органы тәуекелді бағалауға бастамашылық жасалуының негізінде ғана осы тамақ өнімін әкелуге тыйым салмайды немесе оны шектемейді.
      Кәсіпорындар тізілімі: Қазақстан Республикасының Үкіметі Үшінші елдер кәсіпорындарының тізілімі (бұдан әрі – тізілім) ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттер үшін ортақ болып табылатынын, алайда қазіргі уақытта ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет тізілімінің өзінің ұлттық бөлігіне ғана техникалық түрде шектеу енгізе алатынын растайды. Қазақстан Республикасының Үкіметі тізілімнің өзіне тиесілі бөлігін оның тиісті уәкілетті органы өз веб-сайтында (http://mgov.kz/napravleniya-razvitiya/veterinarnaya-bezopasnost/) жүргізетінін, онда тізілімінің ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің ұлттық бөлігіне енгізілген АҚШ кәсіпорындарының қамтылғанын растайды. Егер ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекет тізілімге енгізілген АҚШ кәсіпорнына уақытша немесе тұрақты түрде шектеу қоятын болса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің уәкілетті органы бұл шектеуді автоматты түрде қолданбайды және осы кәсіпорыннан Қазақстанға өнім әкелуге рұқсат беруді жалғастырады. ЕАЭО бірыңғай ортақ тізбе немесе бірыңғай ортақ тізілім әзірлеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі, шектеу ғылыми қағидаттарға негізделген және тек адамның өмірі мен денсаулығын, жануарларды немесе өсімдіктерді қорғау үшін қажетті шамада ғана қолданылған және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті уәкілетті органы АҚШ кәсіпорны мен тиісті АҚШ ведомствосын шектеу себептері туралы жазбаша хабардар еткен жағдайлардан басқа, тізілімдегі шектеу АҚШ кәсіпорындарына қойылмауын қамтамасыз етеді.
      Егер Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті уәкілетті органы кәсіпорыннан Қазақстанға әкелуге уақытша шектеу қойса, Қазақстан Республикасының Үкіметі, төтенше жағдайларды қоспағанда, кәсіпорыннан өнім әкелуге тек қана осы кәсіпорынның немесе АҚШ-тың құзыретті органының сұрау салуы немесе кәсіпорынды инспекциялау және/немесе қайта инспекциялау кезінде белгіленген Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 94 шешімінде (бұдан әрі – № 94 шешім) айтылған, ЕАЭО талаптарын сақтамау фактілерінің қайтадан расталуы негізінде немесе кәсіпорын өндірген немесе олар бойынша құзыретті орган хабардар болған бақылауға жататын тауарлар (өнімдер) мониторингі немесе оларды күшейтілген зертханалық бақылау нәтижесінде осындай уақытша шектеу қойылуын қамтамасыз етеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ЕАЭО талаптарының қайталап сақталмауына негізделген кәсіпорыннан өнім әкелуге уақытша шектеу, сәйкессіздік нәтижелері адамның немесе жануарлардың денсаулығы мен өмірі үшін елеулі қатер төндіретін жағдайларда ғана қолданылуын қамтамасыз етеді. АҚШ Ауыл шаруашылығы департаментінің Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және инспекциясы қызметі (FSIS) немесе АҚШ-тың басқа да құзыретті органы мән-жайды зерделеп, қажет болған жағдайда оны түзету шараларын қолданғаннан кейін АҚШ Қазақстан Республикасының Үкіметіне тергеп-тексеру нәтижелері және сәйкессіздікті түзету үшін қабылданған кез келген түзеу шаралары туралы ақпарат қамтылатын хабарлама бере алады. Қазақстан Республикасының Үкіметі тәуекелдің пропорционалды болуын назарға ала отырып, егер Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті уәкілетті органы Құрама Штаттар жазбаша түрде ұсынған айқын ғылыми негізделген бағалаудың негізінде осы кәсіпорынның № 94 шешімнің талаптарына сәйкес келмейтінін айқындамаса осы хабарламаны алғаннан кейін кәсіпорынның импорт өнімдеріне қойылған шектеудің алып тасталуын қамтамасыз етеді.
      Қазақстан Үкіметі Қазақстанға әкелу үшін құс етін ЕАЭО мүше аумақтар арқылы жеткізуге жәрдемдесуге күш-жігерін салады.
      Кепілдіктерді қабылдау: Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті уәкілетті органы FSIS-ке құсты союды немесе құс шаруашылығы өнімін, шошқа етін немесе шошқа өнімін, сиыр етін немесе сиыр өнімін, қой етін немесе қойдан алынатын өнімді өңдеуді немесе тоңазытып сақтауды жүзеге асыратын кез келген кәсіпорынды аттестаттау арқылы АҚШ кәсіпорындарын кез келген ресми тізімге («кәсіпорындар тізілімі» сияқты) енгізу үшін, Қазақстанға экспорттау үшін мұндай өнімді өндіруге және/немесе өңдеуге рұқсат етілген кәсіпорындарды кез келген осындай ресми тізімге енгізу үшін кепілдіктер ұсынуға рұқсат етуін жалғастырады. Егер Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті уәкілетті органы кәсіпорынды тізілімге қосудан бас тартқан кездегі тәуекелдің пропорционалды болуын назарға ала отырып, АҚШ жазбаша түрде ұсынған айқын ғылыми негізделген бағалаудың негізінде аталған кәсіпорынның № 94 шешімі 3-қосымшасының В бөлімінің талаптарына сәйкес келмейтіндігін айқындамаған болса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті уәкілетті органы FSIS-тен осы кәсіпорынды тізілімге қосу туралы сұрау салуды алғаннан кейін бұл кәсіпорынды өзінің тізіліміндегі ұлттық бөлігіне қосады.
      Тізілімге енгізу жөніндегі талаптарды жою: Қазақстан Республикасының Үкіметі осы хаттың күніне сай (және осы хаттың А қосымшасында көрсетілген) № 317 шешімде тәуекелдің төмен деңгейі бар өнім ретінде көрсетілген кәсіпорын өндірген өнімді Қазақстанға импорттау құқығы болуы үшін кәсіпорынды «кәсіпорындар тізіліміне» енгізу туралы талапты дереу және түбегейлі жою мақсатында 2015 жылғы 1 шілдеге дейін Еуразиялық Экономикалық Комиссия Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 294 шешімімен енгізілген өзгерістерімен бірге Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешіміне (бұдан әрі – № 317 шешім) өзгерістер енгізуді қамтамасыз ететінін растайды. Тиісінше, 2015 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі осы хаттың күніне сай (және осы хатқа А қосымшада келтірілген) № 317 шешімге тәуекелдің төмен деңгейі бар өнім ретінде енгізілген кәсіпорыннан шыққан өнімнің Қазақстанға импортталуға құқығы болуы үшін аудит өткізуді талап етпейді.
      Мен, осы хат және Сіздің Үкіметіңіздің осы уағдаластыққа ортақтасатынын растайтын Сіздің жауап хатыңыз Сіздің жауап хатыңызды алған күннен бастап уақытша қолданылатын және Америка Құрама Штаттары осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті өзінің мемлекеттік рәсімдерді орындағаны туралы Қазақстан тарапының жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енетін біздің екі Үкіметіміз арасындағы келісімді білдіруге тиіс деген ұсыныс жасауды мәртебе санаймын.».
      Менің Үкіметім осы уағдаластыққа ортақтасатынын растауды және Сіздің хатыңыз бен осы жауабыңыз оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетаралық ресімдердің орындалғаны туралы Қазақстан тарапының жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енетінін растауды өзіме құрмет санаймын.

      Құрметпен,

АҚШ Сауда өкілі,
Елші Майкл Фроман

Америка Құрама Штаттарының
Сауда өкілі Майкл Фроманның хатына қосымша

А қосымша

Үшінші елдер кәсіпорындарының тізіліміне қосуға жатпайтын кәсіпорындар импорттайтын тауарлар тізбесі

СЭҚ ТН коды

Тауардың атауы

1

0401-ден

Қоюлатылмаған және қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылмаған сүт және кілегей (шикі сүт пен шикі кілегейді қоспағанда)

2

0402

Қоюлатылған және қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылған сүт және кілегей

3

0403

Пахта, iрiген сүт және қаймақ, йогурт, айран және өзге де ашытылған немесе ұйыған сүт пен кілегей, қойытылған немесе қойытылмаған, қант немесе басқа да тәттiлендiретiн заттар қосылған немесе қосылмаған, хош иiстендiрiлген немесе хош иiстентендiрiлмеген, жемiс-жидектер,
жаңғақ немесе какао қосылған немесе қосылмаған

4

0404

Қоюлатылған немесе қоюлатылмаған, қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылған немесе қосылмаған сүт сары суы; қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылған немесе қосылмаған сүттің табиғи құрамдас бөліктерінен алынған өнімдер

5

0405

Сарымай және өзге де тоң май мен сүттен жасалған май; сүт пасталары

6

0406-дан

Құрамында шұжықтан, еттен, ет өнімдерінен, қаннан, балықтан, шаян тәрізділерден, молюскалардан немесе өзге де су омыртқасыздарынан немесе 04 СЭҚ ТН не болмаса осы өнімдердің кез келген құрамдауыштарынан жасалған өнімдері бар ерітілген ірімшікті қоспағанда ірімшік және сүзбе

7

0504 00 000 0

Малдың (балықты қоспағанда) шегі, қуығы, асқазаны, тұтастай және кесілген, жаңа сойылған, тоңазытылған, мұздатылған, тұздалған, тұзды суға салынған, кептірілген және ысталған

8

2105 00-ден

Жеміс-жидек негізінде, жеміс және тамаққа пайдаланылатын мұздан жасалған балмұздақты қоспағанда басқа балмұздақ

9

2309

Малды азықтандыру үшін қолданылатын өнімдер2

10

3501-ден

Казеин, казеинаттар және өзге де казеин туындылары

11

3503 00

Желатин табақтар (оның ішінде тік бұрышты (шаршыны қоса алғанда), үсті өңделген немесе өңделмеген, боялған немесе боялмаған) және желатин өнімдері; балық желімі; өзге де мал өнімінен алынған желім

_______________________________
2Үшінші елдер кәсіпорындарының тізілімінен алып тасталды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады