Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік
инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 4071 өкіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәсімов |
- |
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ақышев |
- |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Сағынтаев |
- |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары |
Смайылов |
- |
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі |
Ыдырысов |
- |
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі |
Исекешев |
- |
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Сұлтанов |
- |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Бишімбаев |
- |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Жұмағалиева |
- |
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының міндетін атқарушы |
Айван Глазенберг |
- |
«Гленкор плс» компаниясының бас атқарушы директоры (келісім бойынша) |
Алекперов |
- |
«Лукойл» жария акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша) |
Арно Брейяк |
- |
«Тоталь» концернінің «Тоталь Барлау және Өндіру» бөлімшесінің президенті, «Тоталь» концернінің атқарушы комитетінің мүшесі (келісім бойынша) |
Бен ван Берден |
- |
«Ройял Датч Шелл» концернінің бас атқарушы директоры (келісім бойынша) |
Ван Дунцзинь |
- |
«CNPC» корпорациясының вице-президенті, директорлар кеңесі төрағасының орынбасары, «PetroChina Company Limited» компаниясының президенті міндетін қоса атқарушы (келісім бойынша) |
Греф |
- |
«Ресей жинақ банкі» жария акционерлік қоғамының президенті, басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Дерипаска |
- |
«РУСАЛ» бірлескен компаниясының президенті (келісім бойынша) |
Джей Джонсон |
- |
«Шеврон» корпорациясының барлау және өндіру бойынша атқарушы вице-президенті (келісім бойынша) |
Джим Коулз |
- |
«Ситигрупп» компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі бас атқарушы директоры (келісім бойынша) |
доктор Джейкоб Аарон Френкель |
- |
«JPMorgan Chase International» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы, «JPMorgan Chase & Co.» корпорациясының басқарма және халықаралық кеңесінің мүшесі (келісім бойынша) |
Досаев |
- |
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Драго Азинович |
- |
«Филип Моррис Интернэшнл» компаниясының Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Африка өңірінің президенті (келісім бойынша) |
Дэвид Крукшэнк |
- |
«Делойт» компаниясының халықаралық директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Ежи Старак |
- |
«Polpharma S.A.» тобының байқау кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Йохан Деннелинд |
- |
«ТелиаСонера» компаниясының президенті және бас атқарушы директоры (келісім бойынша) |
Кармайн Ди Сибио |
- |
«EY» компаниясының клиенттермен өзара іс-қимыл жөніндегі жаһандық басқарушы әріптесі (келісім бойынша) |
Клаудио Дескальци |
- |
«Эни С.п.А.» компаниясының бас атқарушы директоры (келісім бойынша) |
Лакшми Венкатачалам |
- |
Азия Даму Банкінің вице-президенті (келісім бойынша) |
Лакшми Миттал |
- |
«АрселорМиттал» компаниясының басқарма төрағасы және бас директоры (келісім бойынша) |
Лоренцо |
- |
«Дженерал Электрик» компаниясы «Дженерал Электрик Мұнай және Газ» бөлімшесінің президенті және бас атқарушы директоры (келісім бойынша) |
Марк Алберс |
- |
«Эксон Мобил» корпорациясының аға вице-президенті (келісім бойынша) |
Машкевич |
- |
«ERG Sarl» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Мичихико Ота |
- |
«Марубени Корпорейшн» вице-төрағасы (келісім бойынша) |
Наканиши Катцуйя |
- |
«Mitsubishi» корпорациясының Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы вице-президенті және аға өңірлік атқарушы офицері (келісім бойынша) |
Николаус |
- |
«Кнауф» компаниясының басқарушы ортақ иесі |
Панкин |
- |
Еуразия Даму Банкінің басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Питер Бооне |
- |
«Метро АГ» компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі, «Метро Кэш энд Кэрри Интернешнл» компаниясының бас директоры (келісім бойынша) |
Питер Тильс |
- |
«Дойче Банк А.Г.» компаниясының Орталық және Шығыс Еуропа бойынша басқарушы директоры, бас атқарушы директоры (келісім бойынша) |
сэр Сума Чакрабарти |
- |
Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің президенті (келісім бойынша) |
Тимоти |
- |
«Камеко» корпорациясының бас атқарушы директоры (келісім бойынша) |
Тунджай Озильхан |
- |
«Анадолу Груп» холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Феттах Таминдже |
- |
«Сембол» компаниясының президенті (келісім бойынша) |
Финогенов |
- |
«Полиметалл БК» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша) |
Эрик Тенис |
- |
«Бейкер және Макензи» фирмасының халықаралық атқарушы комитетінің мүшесі және «Бейкер және Макензи Интернешнл» фирмасы бас директорының орынбасары (келісім бойынша)». |
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев