"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2015 жылғы есепті бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 334 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2015 жылғы есепті бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы
мен пайдаланылуы туралы 2015 жылғы есепті бекіту туралы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 134-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2015 жылғы есеп бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2015 жылғы есепті Қазақстан Республикасының Парламентіне ақпарат тәртібімен ұсынсын;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2015 жылғы есеп және аудит жүргізу нәтижелері туралы ақпараттың мерзімді баспа басылымдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2016 жылғы    
№ Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН    

2015 жылғы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы
ЕСЕП Мазмұны

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және оның пайдаланылуы туралы 2015 жылғы есеп.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы 2015 жылғы есеп.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі 2015 жылғы өзге де деректер

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және
оны пайдалану туралы 2015 жылғы есеп

Р/с №

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану

Сомасы (мың теңге)

1

2

3

1.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есепті кезеңнің басындағы қаражаты

16429299412*

2.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдер:

11793630511


оның ішінде:
мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда)
оның ішінде:
корпоративтік табыс салығы
үстеме пайдаға салынатын салық
бонустар
пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық
экспортқа салынатын рента салығы
жасалған келісімшарттар бойынша өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі
қызметін өнімді бөлу жөніндегі келісімшарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының мұнай секторы ұйымдарынан қосымша төлемі;
мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда)
оның ішінде:
орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы ұйымдарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын басқа да айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
мұнай секторы ұйымдары келтірген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша табиғатты пайдаланушылардан алынған қаражат
мұнай секторы ұйымдарынан түсетін басқа да салықтық емес түсімдер
республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдер
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер
республикалық бюджеттен кепілдендірілген трансфертті қайтару
республикалық бюджеттен нысаналы трансфертті қайтару
Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге түсімдер мен кірістер

 
 
 
1613152949
 
567063225
65545507
32249326
459942363
227319646
261032882
 
 
 
 
0
 
 
 
16676573
 
 
 
 
4621289
 
 
 
3139686
 
 
8912030
 
3568
 
 
0
 
1175070
 
10162625919
 
0
 
0
 
0

3.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын пайдалану:

2468570 53


оның ішінде:
кепілдік берілген трансферттер
нысаналы трансферттер
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабу

 
1702000000
754416963
 
 
12153890

4.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есепті кезеңнің соңындағы қаражаты

25754359070**

      Ескертпе:
      * 2015 жылдың басындағы сальдо 6820871 мың теңге мөлшерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есептелген және мерзімі ұзартылған шығыстарының сомасын және 48 мың теңге – айырма мен сыртқы аудиторлар жасаған өткен жылдардағы қаржылық есептіліктегі дөңгелектеу сомасын және түзету сомасы болып табылатын 1486504166 мың теңге соманы есепке алмай көрсетілген;
      ** 2015 жылдың соңындағы сальдо 10608932 мың теңге мөлшерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есептелген және мерзімі ұзартылған шығыстарының сомасын және 48 мың теңге – айырма мен сыртқы аудиторлар жасаған өткен жылдардағы қаржылық есептіліктегі дөңгелектеу сомасын және түзету сомасы болып табылатын 2153828706 мың теңге соманы есепке алмай көрсетілген.
      2015 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты 16429299412 мың теңгені (14935974327) мың теңге – аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу тәсілімен), 2015 жылғы 31 желтоқсанға 257543590701 мың теңгені (23589921384 мың теңге – аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу әдісімен) құрады.
_______________
1Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және оны пайдалану туралы 2015 жылғы есептегі Қазақстан республикасы Ұлттық қорының есепті кезеңнің басындағы және есепті кезеңнің соңындағы қаражаты қазақстандық эмитенттердің номиналдық құн бойынша облигацияларын ескереді
      Есепті кезеңде облигацияларды сатып алу-сату жөнінде жасалған шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының бағалы қағаздар қоржынына жалпы сомасы 1067226525 мың теңге қазақстандық эмитенттердің облигациялары сатып алынды:
      1) «Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамы:
      2015 жылдың бірінші тоқсанында 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 14ҰБ, 2015 жылғы 12 наурыздағы № 112ҰБ, 2015 жылғы 26 наурыздағы № 118ҰБ сатып алу-сату шарттарына сәйкес 300595125 мың теңге сомасында;
      2015 жылдың үшінші тоқсанында 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 472ҰБ сатып алу-сату шартына сәйкес 15000000 мың теңге сомасында.
      2) «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамы төртінші тоқсанда 2015 жылғы 16 қазандағы № 523ҰБ сатып алу-сату шартына сәйкес 751631400 теңге сомасында.
      Бұл қаржы құралдары үшін белсенді нарықтың болмауына байланысты бастапқы тануда Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры келтірілген құнды есептеуге негізделген бағалау қағидатын қолданды.
      Бағалау қағидатына сәйкес сатып алынған облигациялардың әділ бағасы амортизацияланған құн негізінде есептеледі. Аталған бағалы қағаздардың әділ құны мен сатып алу үшін ақшалай өтеудің арасындағы 667324540 мың теңге мөлшеріндегі айырма Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтерінің өзгерістері туралы және «Басқа да аударымдар» бабы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ақша қаражатының қозғалысы туралы есептерде көрініс тапқан.
      2015 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 1631004592 мың теңге түсті, оның ішінде: мұнай секторы ұйымдарынан түскен тікелей салықтардың түсімдері есебінен (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда) – 1613152949 мың теңге, оның ішінде 908168979 мың теңгесі (4423667 мың АҚШ долларына барабар) күнбе – күн дәйекті айырбастау/қайта айырбастау операциясын жүргізу жолымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының теңгедегі тиісті шотына есептелген шетел валютасындағы түсімдер; мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда) – 16676573 мың теңге және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер – 1175070 мың теңге.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер түсімдерінің бағамдық түзетулер ескеріліп есептелген сомасы – 10162625919 мың теңге құрады.

2015 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай
секторы ұйымдарынан түскен түсімдердің құрылымы

Салық төлемдерінің түрі

Сомасы (мың теңге)

Жалпы көлемдегі үлесі (%)

1

2

3

Корпоративтік табыс салығы, оның ішінде:

567063225

34,79

КТС 101105*

502898605

30,86

КТС 101106*

9815684

0,60

КТС 101107*

54348936

3,33

Үстеме пайдаға салынатын салық

65545507

4,02

Бонустар

32249326

1,98

Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық

459942363

28,22

Экспортқа салынатын рента салығы

227319646

13,95

Шикізат секторы ұйымдарынан өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі

261032882

16,02

Орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы ұйымдарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

4621289

0,28

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

3139686

0,19

Мұнай секторы ұйымдары келтірген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша табиғат пайдаланушылардан алынған қаражат

8912030

0,55

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін басқа да салықтық емес түсімдер

3568

0

БАРЛЫҒЫ:

1629829522

100

      Ескертпе:
      * КТС 101105 – заңды тұлғалар – мұнай секторы ұйымдарынан алынатын корпоративтік табыс салығы;
      * КТС 101106 – мұнай секторы ұйымдары резидент заңды тұлғалардан –төлем көзінен ұстайтын корпоративтік табыс салығы;
      * КТС 101107 – мұнай секторы ұйымдары резидент емес заңды тұлғалардан – төлем көзінен ұстайтын корпоративтік табыс салығы.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдердің негізгі бөлігін (34,79 %) заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы, одан соң үлесі түсімдердің жалпы сомасының 28,22 %-ын құрайтын пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық құрады. Түсімдердің жалпы сомасының 16,02 %-ын Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі құрады, түсімдердің жалпы сомасының 13,95 %-ын экспортқа салынатын рента салығы құрады; түсімдердің жалпы сомасының 4,02 %-ын үстеме пайдаға салынатын салық және 1,98 %-ын бонустар құрады.
      Есепті кезеңде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқарушы ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тұрақтандырылған қоржынынан бағалы қағаздарды сату есебінен 1389808815 мың теңге сомаға (балама 7497758 мың АҚШ доллары) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының валюталық активтерін қайта айырбастауды жүзеге асырды, оның ішінде:
      2015 жылғы бірінші тоқсанда – 184,96 (KZT/USD) бағамы бойынша 832032207 мың теңге сомаға (балама 4498527 АҚШ доллары);
      2015 жылғы екінші тоқсанда – 185,97 (KZT/USD) бағамы бойынша 557776608 мың теңге сомаға (балама 2999230 АҚШ доллары).
      Сондай-ақ, есепті кезеңде Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тұрақтандырылған қоржынынан жалпы сомасы 1437473972 мың теңге теңгеге АҚШ долларын қайта айырбастауды жүзеге асырды (балама 5023642 мың АҚШ доллары), оның ішінде:
      2015 жылғы бірінші тоқсанда – 185,27 (KZT/USD) бағамы бойынша 272793 мың теңге сомаға (балама 1472 мың АҚШ доллары);
      2015 жылғы екінші тоқсанда – 186,19 (KZT/USD) бағамы бойынша 143392 мың теңге сомаға (балама 770 мың АҚШ доллары);
      2015 жылғы төртінші тоқсанда – 286,19 (KZT/USD) бағамы бойынша 1437057787 мың теңге сомаға (балама 5021400 мың АҚШ доллары) жүзеге асырылды.
      «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»
2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
2015 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыруға кепілдендірілген трансферт түрінде жоспарланған 1702000000 мың теңгеден 1702000000 мың теңге аударылды, ол жылдық жоспардың 100 %-ын құрайды.
      «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 956 және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 - 2016 жылдарға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 957 Жарлықтарына сәйкес 2015 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке нысаналы трансферт түрінде 754416963 мың теңге аударылды.
      2015 жылы теңгемен номинацияланған бағалы қағаздар эмиссиясының шарттарына сәйкес эмитенттерден жалпы сомасы 9626631 мың теңгеге купондық сыйақы, оның ішінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамы облигациялары бойынша – 9198381 мың теңге; «Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамы облигациялары бойынша – 404250 мың теңге; «ҚазАгро» ҰБХ» акционерлік қоғамы облигациялары бойынша – 24000 мың теңге алынды.
      Соңғы жылдары трансферттер түрінде де, сондай-ақ республиканың квазимемлекеттік секторының облигациялық қарыз алуы түрінде де Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаражат алу ұлғайғанын атап өту керек. Бұл ретте, қазақстандық эмитенттердің бағалы қағазға салған қаражатының құнсыздануы айқын, өйткені қарыздар нарықтықтан төмен шарттармен берілді.
      Осылайша, Ұлттық қордан алулардың ұлғаюы Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры активтерінің азаюына алып келеді.

Облигациялық қарыздар түрінде бөлінетін қаражатты есепке
алмағанда Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражатының
пайдаланылуы
(млрд. теңге)

      АҚШ доллары Ұлттық қор валютасы болып табылатынын атап өткен жөн. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қаражаттың түсуі тікелей мұнай бағасына байланысты. Осыған байланысты соңғы жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан түсетін салықтар түсімдері мен басқа төлемдердің қысқару үрдiсi байқалады.

Инвестициялық кірісті есепке алмағанда
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдер
(млрд. теңге)

      Мәселен, есепті кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері 2014 жылмен салыстырғанда 12,6 % немесе 9,5 млрд. АҚШ долларына қысқарған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері
(млрд. АҚШ доллары)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ағымдағы шотында теңгедегі қаражат қалдығы 2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша
1251089506 мың теңгені құрады.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару
жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
2015 жылғы қызметі туралы есеп

      «Делойт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры аудитінің нәтижелері бойынша қаржылық есептілік дұрыс деп танылды және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржылық жағдайының халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетінін көрсетеді.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 2015 жылғы 31 желтоқсанға кредиторлық берешегі мен есептелген төленбеген шығыстарының жалпы сомасы 22497085 мың теңгені құрады, оның ішінде:
      1) инвестициялық операциялар бойынша шетел валютасындағы кредиторлық берешек – 11888153 мың теңге:
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына көрсетілген қызметтер үшін теңгедегі кредиторлық берешек – 10608932 мың теңге, одан:
      9639226 мың теңге – активтерді басқару үшін комиссиялар, оның ішінде:
      5068230 мың теңге – сыртқы басқарушылардың көрсететін қызметтеріне комиссия;
      4570996 мың теңге – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің комиссиялық сыйақысы;
      969706 мың теңге – өзге де есептелген шығыстар, оның ішінде:
      537719 мың теңге – Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры кастодианының көрсетілетін қызметтері үшін;
      422087 мың теңге – Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жаһандық кастодианының көрсетілетін қызметтері үшін;
      9900 мың теңге – Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитін жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін.

1-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік
басқару бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
бухгалтерлік теңгерімі (мың теңге)

Баптың атауы

2015 жылы

2014 жылы

Активтер



Ақшалай қаражат және оның баламалары

1724438604

1455610414

Туынды қаржы құралдарын қоспағанда, пайда немесе зиян арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдары



Қор меншігінде тұрған

21078481392

13122496392

РЕПО мәмілелері бойынша кепіл ауыртпалығы бар


0


0

Өтеу мерзіміне дейін ұсталатын инвестициялар


795475298


369954408

Туынды қаржы құралдары

15755167

11071313

Дебиторлық берешек

10788409

10255771

Активтер жиыны

23624938870

14969388298

Міндеттемелер мен таза активтер



Туынды қаржы құралдары

12520401

9543283

РЕПО мәмілелері бойынша кредиторлық берешек


0

0

Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар


22497085


23870689

Міндеттемелер жиыны

35017486

33413971

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотын құрайтын таза активтер

23589921384

14935974327

      2015 жылғы 31 желтоқсанға инвестициялық операциялар бойынша шетел валютасындағы дебиторлық берешекті білдіретін Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры дебиторлық берешегінің жалпы сомасы 10788409 мың теңгені құрады.

2-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік
басқару бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пайдасы
мен шығындары туралы есеп (мың теңге)

Баптың атауы

2015 жылы

2014 жылы

Кірістер



Сыйақы түріндегі кірістер

172958867

143280075

Дивидендтер түріндегі кірістер

53555222

57724075

Форвардтық валюталық келісімшарттарды қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдарынан түсетін кіріс

 
 
 
(90203376)

 
 
 
169138715

Форвардтық валюталық келісімшарттардан түсетін таза пайда /(шығын)


(322676)


1427213

Валюталық активтер мен міндеттемелерді қайта бағалаудан түсетін таза пайда /(шығын)

 
 
(809785781)

 
 
(575449879)

Кірістердің жиыны

(673797744)

(203879801)

Шығыстар



Активтерді басқарғаны үшін комиссиялар

(14851007)

(11140536)

Кастодиандық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар


(1079659)


(587791)

Аудиторлық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар


(9900)


( 9900)

Кәсіби көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар

 
0

 
0

Бағдарламалық өнімдерді және ақпараттық дерекқорды пайдаланғаны үшін ақы төлеу жөніндегі шығыстар

 
 
(1385)

 
 
(3340)

Шығыстардың жиыны

(15941951)

(11741567)

Таза кіріс (шығын)

(689739695)

(215621368)

Басқа жиынтық кіріс



Бағамдық айырмалар

10836423663

2066083464

Жалпы жиынтық кіріс/(шығын)

10146683968

1850462096

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын 2015 жылы сенімгерлік басқарудың қорытындысы бойынша негізгі көрсеткіштер:
      1) басқару нәтижелері бойынша шығыстар 673797744 мың теңгені;
      2) басқарудан болатын шығыстар 15941951 мың теңгені;
      3) теңгеге қайта бағалау (қайта есептеу) бойынша оң айырма
10836423663 мың теңгені құрады.
      Осылайша, 2015 жылдың қорытындысы бойынша таза шығын 689739695 мың теңгені, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан болатын шығыстар шегерілгенге дейінгі жалпы жиынтық кіріс 10162625919 мың теңгені, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқарудан болатын шығыстар шегерілгеннен кейінгі жалпы жиынтық кіріс 10146683968 мың теңгені құрады.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жаһандық кастодианының деректері бойынша 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2015 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде базалық валюта – АҚШ долларымен есептелген инвестициялық шығын (іске асырылған және іске асырылмаған) қалыптасты, ол 1696814 мың АҚШ долларын құрады. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жаһандық кастодианының деректері бойынша мәмілелер жасауға жұмсалған шығындарды ескере отырып түзетілген инвестициялық шығын сол кезең ішінде 1697386 мың АҚШ долларын құрады.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шотынан 2015 жыл ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқаруға байланысты жалпы сомасы 12153890 мың теңгеге мынадай шығыстар төленді:
      1) 6241534 мың теңге – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің комиссиялық сыйақысы, оның ішінде 3216355 мың теңге – 2015 жылы көрсетілген қызметтер үшін және 3025179 мың теңге – өткен жылдары көрсетілген қызметтер үшін;
      2) 5121888 мың теңге – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару бойынша сыртқы басқарушылардың комиссиялық сыйақысы, оның ішінде 1932250 мың теңге – 2015 жылы көрсетілген қызметтер үшін және 3189638 мың теңге – өткен жылдары көрсетілген қызметтері үшін;
      3) 673293 мың теңге – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын жаһандық кастодианының көрсетілген қызметтері үшін, оның ішінде 175464 мың теңге – 2015 жылы көрсеткен қызметтер үшін және 497829 мың теңге – өткен жылдардағы көрсетілген қызметтер үшін;
      4) 104750 мың теңге – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын кастодианының – өткен жылдары көрсетілген қызметтері үшін;
      5) 9900 мың теңге – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сыртқы аудитін жүргізу жөніндегі – 2015 жылы көрсетілген қызметтері үшін;
      6) 2302 мың теңге – «Morgan Stanley Capital International» компаниясының ақпараттық қызметтері үшін, оның ішінде 1162 мың теңге – 2015 жылы көрсетілген қызметтері үшін және 1140 мың теңге – өткен жылдары көрсетілген қызметтері үшін;
      7) 223 мың теңге – «Бағалы қағаздарды бірыңғай тіркеуші» акционерлік қоғамының теңгеге номинацияланған 2015 жылы көрсетілген қызметтері үшін.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару бойынша шығыстарды есептеудің жалпы сомасы 2015 жылғы 31 желтоқсанға 15941951 мың теңгені құрады, ол мынадай сомадан тұрады:
      1) 7849902 мың теңге – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын активтерін сенімгерлік басқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің комиссиялық сыйақысы;
      2) 7001105 мың теңге – Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы басқарушыларының көрсеткен қызметтері үшін;
      3) 646663 мың теңге – Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жаһандық кастодианының көрсеткен қызметтері үшін;
      4) 433114 мың теңге – Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры кастодианының көрсеткен қызметтері үшін;
      5) 9900 мың теңге – Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына сыртқы аудит жүргізу жөніндегі көрсетілген қызметтер үшін;
      6) 1162 мың теңге – «Morgan Stanley Capital International» компаниясы көрсеткен ақпараттық қызметтер үшін;
      7) 223 мың теңге – «Бағалы қағаздарды бірыңғай тіркеуші» акционерлік қоғамы бағалы қағаздарды есепке алу және сақтау бойынша теңгемен номинацияланған көрсеткен қызметтері үшін;
      8) (-) 118 мың теңге – Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры кастодианының тікелей Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының корреспонденттік шотынан комиссияны есептен шығаруына байланысты
2015 жылғы I тоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры кастодианының көрсеткен қызметтері үшін есептелген комиссияны сторнирлеу.

3-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік
басқару бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (мың теңге)

Баптың атауы

2015 жылы

2014 жылы

1

2

3

Операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы



Таза пайда (шығын)

(689739695)

(215621368)

Түзетулер:



Қазақстандық мемлекеттік компаниялардың облигациялары бойынша дисконттың /сыйлықтың амортизациясы

(25618905)

(13076089)

РЕПО мәмілелері бойынша сыйақы түріндегі шығыстар

0

0

Пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдарынан іске асырылмаған (кіріс)/шығын

264858474

(124545337)

Операциялық активтер мен міндеттемелердегі өзгерістерге дейінгі операциялық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысы

(450500126)

(353242794)

Операциялық активтердің ұлғаюы (азаюы):



Туынды қаржы құралдарынан басқа, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдары

2615580189

(593521899)

Туынды қаржы құралдары

(4683854)

1176109

Дебиторлық берешек

(532638)

(662838)

Операциялық міндеттемелердің ұлғаюы (азаюы):



Туынды қаржы құралдары

2977118

450248

РЕПО мәмілелері бойынша кредиторлық берешек

0

0

Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар

(1373603)

2819510

Ақша қаражатын операциялық қызметте/қызметке таза пайдалану/түсуі

2161467086

(942981664)

Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысы



Қазақстандық мемлекеттік компаниялардың облигацияларын сатып алу/сату немесе өтеу

(399901985)

(252338351)

Инвестициялық қызметте ақша қаражатын таза пайдалану

(399901985)

(252338351)

Қаржы қызметінен түсетін ақша қаражатының қозғалысы



Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен түсетін түсімдер

1631004592

3504647159

1

2

3

Республикалық бюджетке аударымдар

(2456416963)

(1955000000)

Өзге аударымдар

(667324540)

(219811649)

Қаржы қызметінен/(қызметінде) ақша қаражатының таза түсімі/(пайдаланылуы)

(1492736911)

1329835510

Ақша қаражатының және оның баламаларының таза ұлғаюы/(азаюы)

268828190

134515495

Жыл басындағы ақша қаражаты және оның баламалары

1455610414

1321094919

Кезең соңындағы ақша қаражаты және оның баламалары

1724438604

1455610414

4-нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік
басқару бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза
активтеріндегі өзгерістер туралы есеп (мың теңге)

Баптың атауы

Түсімдер

Аудару

Таза пайда (шығын)

Валютаны қайта бағалау бойынша резерв

Барлығы

1

2

3

4

5

6

2013 жылғы 31 желтоқсанға қалдық

18417181402

(8894722958)

1393924826

839293451

11755676721

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен түскен түсімдер және өзге де түсімдер

3504647159




3504647159

Республикалық бюджетке аударымдар


(1955000000)



(1955000000)

Өзге де аударымдар


(219811649)



(219811649)

Валютаны қайта бағалаудың таза активтердің бастапқы қалдығына әсері




2158692032

2158692032

Валютаны қайта бағалаудың таза пайдаға (шығынға) және өзге де аударымдарға әсері




(92608568)

(92608568)

Кезеңдегі таза пайда (шығын)



(215621368)


(215621368)

2014 жылғы 31 желтоқсанға қалдық

21921828561

(11069534607)

1178303458

2905376915

14935974327

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен түскен түсімдер

1631004592




1631004592

Республикалық бюджетке аударымдар


(2456416963)



(2456416963)

Өзге де аударымдар


(667324540)



(667324540)

Валютаны қайта бағалаудың активтердің бастапқы қалдығына әсері




12913658966

12913658966

Валютаны қайта бағалаудың таза пайдаға (шығынға) әсері




(2077235303)

(2077235303)

Кезеңдегі таза пайда (шығын)



(689739695)


(689739695)

2015 жылғы 31 желтоқсанға қалдық

23552833153

(14193276110)

488563763

13741800578

23589921384

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтері 2015 жылдың соңында 23589921384 мың теңгені құрады (аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу әдісімен), жылдық өсім 58 %-ды құрады. Активтердің ұлғаюына негізінен 2015 жылы АҚШ долларына теңге бағамының өзгеруіне байланысты Ұлттық қор активтерінің валюталық бөлігін теңгемен қайта бағалау есебінен қол жеткізілді.

3. 2015 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
басқару жөніндегі өзге де деректер

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін бөлу құрылымы мынадай түрге ие болды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қоржынының жалпы нарықтық құны 2015 жылғы 31 желтоқсанда 65731716152 АҚШ2 долларына тең болды, оның ішінде валюта қоржыны – 63392151732 АҚШ долларына (96,44 %) және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамы, «ҚазАгро» ҰБХ» акционерлік қоғамы және «Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамы облигацияларының қоржыны – 2339564420 АҚШ долларына (3,56 %). Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры валюталық қоржынының құрамына кіретін тұрақтандыру және жинақ қоржындарының нарықтық құны тиісінше 17822922101 (28,12 %) және 45569229631 (71,88 %) АҚШ доллары болды.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының валюталық қоржынының құрамына кіретін бағалы қағаздардың және басқа да қаржы құралдарының нарықтық құны Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жаһандық кастодианының деректеріне негізделеді.
_______________
    Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына көрсетілген қызметтер үшін теңгедегі кредиторлық берешек және теңгедегі шоттағы қаражат қалдығы ескерілмеген

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
валюталық активтерін бөлу құрылымы

Атауы

Барлығы

Мандат түрі

USD-мен нарықтық құны

%

Тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар

35668165249

56,27

Ақша нарығы

17822922101

28,12

Акциялар

8897803797

14,08

Жаһандық тактикалық бөлу

1003260586

1,58

БАРЛЫҒЫ

63392151732

100,00

Тұрақтандыру қоржынының активтерін бөлу серпіні

%

Активтер сыныбы

31.03.15

30.06.15

30.09.15

31.12.15

Ақша және ақша нарығының құралдары

88,86

78,62

78,27

83,18

Тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар

11,14

21,38

21,73

16,82

Тұрақтандыру қоржынының барлығы

100,00

100,00

100,00

100,00

      Есепті кезең ішінде тұрақтандыру қоржынының құрамындағы эталондық индекске кіретін елдердің қолма қол валютасы мен мемлекеттік бағалы қағаздарының үлесі шамамен 87,78 %-ға тең болды.

Жинақтау қоржынының активтерін бөлу серпіні

%

Активтер сыныбы

31.03.15

30.06.15

30.09.15

31.12.15

Тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар

74,77

78,23

77,86

78,97

Акциялар

18,85

19,95

20,10

19,91

Ақша және ақша нарығының құралдары

6,38

1,82

2,04

1,12

Жинақтау қоржынының барлығы

100,00

100,00

100,00

100,00

      2015 жылғы 31 желтоқсанға елдік қатынаста Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жинақтау қоржынының активтерін бөлуде ең көп үлес мыналарға келеді: АҚШ (40,92 %), Еуроаймақ елдері (21,39 %), Жапония (10,055 %), Ұлыбритания (7,96 %), Канада (5,51 %), Аустралия (4,32 %), Оңтүстік Корея (4,76 %), Швейцария (0,84 %) және басқалары (4,25 %).
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістілігі 2015 жылы (-) 2,44 % құрады.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры құрылғаннан бастап 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңдегі инвестициялық кіріс 6518 млн. АҚШ долларын құрады. Құрылғаннан бастап 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңдегі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістілігі 66,64 %-ды құрады, бұл жылдық мәнде 3,56 %-ды құрайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тарихи кірістілігі

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтері мынадай санаттар (инвестициялық қоржын түрлері) бойынша жіктелген:
      1) тұрақтандыру қоржыны;
      2) жинақтау қоржыны:
      тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар қоржыны;
      акциялар қоржыны;
      активтерді тактикалық бөлу қоржыны.
      Инвестициялық стратегияға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры активтерінің әрбір сыныбы эталондық қоржынға (индекске) қатысты басқарылады, оның негізінде активтердің кірістілігі бағаланады. Эталондық қоржындар (индекстер) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларында айқындалған.
      Тұрақтандыру қоржынының кірістілігі 2015 жылы 0,05 %-ды құрады, осы кезеңде эталондық қоржынның (Merrill Lynch 6-month US Treasury Bill Index) кірістілігі 0,22 %-ды құрады. Осылайша, тұрақтандыру қоржынының активтерін басқару нәтижесінде 2014 жылы (-)0,17 % мөлшерінде теріс үстеме кірістілік алынды.
      Жинақтау қоржынының кірістілігі 2015 жылы (-) 3,62 %-ды құрады. Осы кезеңде эталондық қоржынның кірістілігі(-) 3,64 %-ды құрады. Осылайша, оң үстеме кірістілік 0,02 % мөлшерінде алынды.
      «Жаһандық облигациялар» мандат түрі бойынша жинақтау қоржынының активтерін басқарудан түсетін кірістілік 2015 жылы (-) 5,99 % құрады. Осы қосалқы қоржынның эталондық қоржынының кірістілігі (-) 6,19 % құрады. Осылайша, мандаттың осы түрін басқару нәтижесінде алынған жоғары кірістілік оң болды және 0,20 %-ды құрады.
      «Жаһандық акциялар» мандат түрі бойынша жинақтау қоржынының активтерін басқарудан түсетін кірістілік 2015 жылы 0,89 %-ды құрады, ал бенчмарктің кірістілігі (-) 0,25 % құрады. Осылайша, эталондық қоржынға қатысты мандаттың осы түрі бойынша активтерді басқару нәтижесі теріс болды, үстеме кірістілік (-) 0,64 % -ды құрады.
      «Активтерді жаһандық тактикалық бөлу» мандат түрі бойынша жинақтау қоржынының активтерін басқарудан түсетін кірістілік 2015 жылы (-) 3,48 % құрады, ал бенчмарктің кірістілігі (-) 4,77 % құрады. Осылайша, эталондық қоржынға қатысты мандаттың осы түрі бойынша 2015 жылы жинақтау қоржынының активтерін басқару нәтижесі оң болды, үстеме кірістілік 1,29 % құрады.

Мандаттардың түрлері бойынша жинақтау қоржынының кірістілігі

Тұрақтандыру қоржынының кірістілігі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару бойынша 2015 жылы жүргізілген іс-шаралар туралы қосымша ақпарат.
      2015 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару тиімділігін арттыру және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жинақтау қоржынының активтерін валюталық әртараптандыруды кеңейту мақсатында валюталық кәрзеңкеге кіретін елдердің ЖІӨ мөлшерін салыстыру қағидатына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры облигацияларының жинақтау қоржынын валюталық бөлуді өзгертуді көздейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының № 11 қаулысы қабылданды.
      Осылайша, 2015 жылғы 1 мамырдан бастап мынадай облигациялардың эталондық композиттік индексі күшіне енді:
      Merrill Lynch U.S. Treasuries, 1-5 Yrs (GVQ0) - 45 (қырық бес) пайыз;
      Merrill Lynch 1-5 Year All Euro Government Index, DE, FR, NL, AT, LU, FI (EVDF) - 20 (жиырма) пайыз;
      Merrill Lynch U.K. Gilts, 1-5 Yrs (GVL0) - 10 (он) пайыз;
      Merrill Lynch Japanese Governments, 1-5 Yrs (GVY0) - 10 (он) пайыз;
      Merrill Lynch Australian Government, 1-5 Yrs (GVT0) - 5 (бес) пайыз;
      Merrill Lynch Canadian Governments, 1-5 Yrs (GVC0) - 5 (бес) пайыз;
      Merrill Lynch South Korean Government Index, 1-5 Yrs (GSKV) - 5 (бес) пайыз.
      Жаңа жинақтау қоржынын валюталық бөлуге сәйкес дат және швед кронасы, сингапур және гонконг доллары алып тасталды және Еуроға ірілендірілген қоржын үлесі АҚШ долларындағы қоржын пайдасына азайтылды.
      Жоғарыда көрсетілген шешім күшіне енгеннен кейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушылар қызметінің нәтижелеріне талдау жүргізілді.
      Соның негізінде Ұлттық Банктің Инвестициялық комитетінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 54 хаттамасына сәйкес және акциялар бойынша белсенді позицияларды жабу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушылармен – BSI SA, Bank Sarasin & Co («Жаһандық белсенді акциялар» басқару мандаты) басқару келісімін бұзу және «Жаһандық пассив акциялар» мандаты шеңберінде UBS Global AM (Equity) және State Street Global Advisors басқаруындағы активтердің мөлшерін 50 %-ға қысқарту ұсынылды.
      Бұл ретте State Street Bank Europe Limited Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін транзиттік басқарушы ретінде бекітілді. Жоғарыда көрсетілген шешімді іске асыру нәтижесінде алынған қаражат Ұлттық Банк басқаруындағы «Жаһандық облигациялар» мандатына аударылды.
      Халық арасында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы 2014 жылғы есеп және сыртқы аудит жүргізу нәтижелері туралы ақпарат 2015 жылғы 2 шілдеде «Казахстанская правда» газетінде № 123 (279999) жарияланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің веб-сайтында орналастырылды.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қызметі туралы қажетті ақпарат, есептер, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің веб-сайтында (www.minfin.gov.kz) орналастырылған.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады