Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің АК-159/22 мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесі таратылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің «Есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтiк-психологиялық оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің «Есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтiк-психологиялық оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) болып қайта аталсын.
3. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен оның ведомстволарының тiзбесiнде:
«1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 60-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«60. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің «Есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтiк-психологиялық оңалту орталығы.»;
«2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті» деген бөлімде:
реттік нөмірі 46-жол алып тасталсын.
4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен келісу бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын;
2) мемлекеттік мекемені әділет органдарында қайта тіркеуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов