Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерін іссапарға жіберу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 маусымдағы № 340 қаулысы

      «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 45-бабының 2-тармағына, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 5-тармағының 4) тармақшасына, 2014 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталықты құру туралы келісімнің 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Айбол Қабденұлы Ақпаров, Самал Ғабитқызы Бекмағанбетова, Батырхан Әбілханұлы Өтепов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кадрында қалдырылып және Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері үшін көзделген жеңілдіктері сақтала отырып, Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталыққа іссапарға жіберілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады