Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті", "Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті" және "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарында әскери кафедралар құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 344 қаулысы

      «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін запастағы офицерлерді даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында оқу орындарының қаражаты мен штат саны шегінде әскери кафедралар құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады