Сот сараптамасының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 378 қаулысы.

      2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сот сараптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1403 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 83-84, 724-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) арнаулы ғылыми білім құралдарымен қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамалар мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің негізгі нысаны болып белгіленсін.".

      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жарғысына өзгерістерді бекітуге ұсынуды;

      2) әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады