"Павлодар МХЗ жаңғырту" басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квоталар белгілеу және "Павлодар МХЗ жаңғырту" басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру талаптарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 381 қаулысы. Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 37-38, 223-құжат. Басуға қол қойылған күні 21.07.2016 ж. жарияланды

      "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Павлодар МХЗ жаңғырту" басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталар белгіленсін.

      2. Қоса беріліп отырған "Павлодар МХЗ жаңғырту" басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру талаптары (өтініш берушілер – "NFС Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Rominserv S.R.L." Қазақстан Республикасындағы филиалы) бекітілсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 28 маусымдағы
№ 381 қаулысына
қосымша

"Павлодар МХЗ жаңғырту" басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталар

Жобаның атауы

Өтініш

беруші

Іске асыру

орны

Іске асыру

мерзімі

Квота (адам)

1

2

3

4

5

"Павлодар МХЗ жаңғырту"

"NFС Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Rominserv S.R.L." Қазақстан Республикасындағы филиалы

Павлодар қаласы, Павлодар облысы

2012 - 2016 жылдар

2016 жыл: 1044

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 28 маусымдағы
№ 381 қаулысымен
бекітілген

"Павлодар МХЗ жаңғырту" басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары (өтініш иелері – "NFС Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және Қазақстан Республикасындағы "Rominserv S.R.L." филиалы)

      1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті органына жұмыс беруші не ол уәкілеттік берген тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттарда мыналар қамтылуға тиіс:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және оны берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, еңбек жөніндегі орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 "Кәсіптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;

      2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);

      3) оның бұрын істеген жұмыс берушісінің ресми бланкісіндегі жұмыскердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілген, жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде);

      4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзінді-көшірме немесе салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылған көшірмесі (мердігер және қосалқы мердігер ұйымдар үшін).

      2. Уәкілетті органның жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруі мынадай арақатынас сақталған кезде жүзеге асырылады:

      1) "Павлодар МХЗ жаңғырту" жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны "NFС Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Қазақстан Республикасындағы "Rominserv S.R.L." филиалы сияқты бас мердігер компанияларындағы және олардың қосалқы мердігер ұйымдарындағы бірінші және екінші санатқа жатқызылатын жұмыскерлердің тізімдік санының 22%-ынан кем болмауы тиіс;

      2) "Павлодар МХЗ жаңғырту" жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны "NFС Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Қазақстан Республикасындағы "Rominserv S.R.L." филиалы сияқты бас мердігер компаниялары және олардың қосалқы мердігер ұйымдарындағы үшінші және төртінші санатқа жатқызылатын жұмыскерлердің тізімдік санының 47%-ынан кем болмауы тиіс.

      3. Шетелдік жұмыскерлердің келуі "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады.

      4. Шетелдік жұмыс күшін тарту "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы сақталған кезде жүзеге асырылады.

      5. Еңбек нарығында ұсыныстар болған жағдайда, уәкілетті орган жұмыс беруші өкілінің қатысуымен бос лауазымға үміткер қазақстандық азаматтардың кандидатурасын қарайды. Уәкілетті орган кездесу уақыты мен орнын анықтайды, бұл туралы жұмыс берушіге және тиісті үміткерге хабарланады.

      6. Осы шарттарда реттелмеген шетелдік жұмыс күшін тартудың өзге де шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарында регламенттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады