2016 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету және "2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 468 қаулысы

      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111-бабына сәйкес және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 253 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2016 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.
      2. «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 42-қосымшада:
      реттік нөмірлері 92, 93, 94, 95-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «

92

Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу

Мемлекеттік жер кадастры мәліметтерін қалыптастыру жер кадастр жұмыстарын жүргізу есебінен қамтамасыз етіледі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

259 «Жер ресурстары туралы ақпаратқа қолжетімділікті арттыру»

2 312 704

93

Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының және ауылдық елді мекендердің жоспарлы-картографиялық өнімі

Жұмыстар циклі мемлекеттік жер кадастрын жүргізу үшін құрылатын ауыл шаруашылығы алқаптарының және ауылдық елді мекендердің ауқымды қатарының фотокарталарын жасауға бағытталған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

«Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты» ШЖҚ РМК

259 «Жер ресурстары туралы ақпаратқа қолжетімділікті арттыру»

413 655

94

Топографиялық геодезиялық және картографиялық жұмыстар, материалдар мен деректерді есепке алу, сақтау

Цифрлы топографиялық және тақырыптық карталарды, географиялық атаулардың мемлекеттік каталогтарын жасау, жаңарту, техникалық жобаларды құру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректерді сақтау

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

«Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры» РМҚК

259 «Жер ресурстары туралы ақпаратқа қолжетімділікті арттыру»

315 545

95

Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар

Қалалардың және аумақтардың аэротүсірілімі, ауқымды қатардың мемлекеттік топографиялық карталарын және қалалардың жоспарларын жасау және жаңарту, пункттерді тексеру және қалпына келтіру, координаталау, эталондық базистерді сертификаттау, I, II класты нивелирлеу, жиынтық каталогтар жасау, геодинамикалық зерттеулер, карталарды басып шығару (басу), техникалық жобаларды құрастыру, нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

«Қазгеодезия» РМҚК

259 «Жер ресурстары туралы ақпаратқа қолжетімділікті арттыру»

2 247 740

                                                                 ».

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы және Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп, жиынтық қаржыландыру жоспарына тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша өзгерістер енгізсін.
      4. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2016 жылғы 19 тамыздағы
№ 468 қаулысына    
қосымша        

2016 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету

Функционалдық топ

Атауы

Өзгерістер (+,-)



Әкімші





Бағдарлама

1

2

3







II. Шығындар

0

1





Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер

- 277 737



243



Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

- 277 737





001

Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер

- 277 737

10





Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

277 737



212



Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi

6 217 678





001

Ауыл шаруашылығы, табиғатты пайдалану және жер ресурстарын пайдалану саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару

277 737





259

Жер ресурстары туралы ақпаратқа қолжетімділікті арттыру

5 939 941



243



Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

- 5 939 941





083

Мемлекеттік жер кадастры, геодезиялық және картографиялық қызметтің іс-шараларын іске асыру

- 5 939 941

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады