Уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алу мен жүйелеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 тамыздағы № 477 қаулысы.

      «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 52-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алу мен жүйелеуді жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. «Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алуы және жүйелендіруі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қазандағы № 1146 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮAЖ-ы, 2013 ж., № 62, 852-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі
К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 24 тамыздағы
№ 477 қаулысымен
бекітілген
Уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке
алу мен жүйелеуді жүргізу қағидалары
      1. Осы Уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алу мен жүйелеуді жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 52-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Қағидалар уәкілетті органдар өздері қабылдаған нормативтік құқықтық актілер бойынша нормативтік құқықтық актілерді есепке алу мен жүйелеуді жүргізу тәртібін айқындайды.
      3. Нормативтік құқықтық актілерді есепке алу мен жүйелеу заңнаманың қолжетімділігін, оны пайдалану ыңғайлылығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
      4. Уәкілетті органдарда нормативтік құқықтық актілерді есепке алу мен жүйелеу жөніндегі функцияларды аппарат басшысының, ал аппарат басшысы енгізілмеген мемлекеттік органдарда - мемлекеттік орган басшысының шешімімен айқындалған уәкілетті органның тиісті бөлімшесі немесе қызметкері (қызметкерлері) жүзеге асырады.
       Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Нормативтік құқықтық актілерді есепке алу мен жүйелеуді уәкілетті органдар қазақ және орыс тілдерінде тұрақты негізде жүргізеді.
     Есепке алу қағаз түрінде жүргізіледі және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді жинақтау мен сақтауды, уәкілетті органның қызмет бағыттарына сәйкес хронологиялық тәртіппен орналастыруды болжайды.
Жүйелеу нормативтік құқықтық актілердің мәтініне өзгерістер және (немесе) толықтырулар, күшін жою, қолданылуын тоқтату, тоқтата тұру туралы мәліметтерді енгізу жолымен оларды бақылау жағдайында ұстау арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады.
     «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу қағаз түрінде жүргізіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.02.2018 № 54 қаулысымен.
      5-1. Қызмет бабында пайдалану үшін.
     Ескерту. Қағидалар 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.02.2018 № 54 қаулысымен.
      6. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және оның аумақтық органдары жіберетін мемлекеттік тіркеу туралы қорытындымен қоса қазақ және орыс тілдеріндегі нормативтік құқықтық актінің төлнұсқасын алады.
     Уәкілетті органның жауапты адамы нормативтік құқықтық актіні алғаннан кейін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нормативтік құқықтық актілерді есепке алу журналына тиісті жазулар енгізеді.
Уәкілетті органдардың
нормативтік құқықтық
актілерді есепке алу мен
жүйелеуді жүргізу қағидаларына
қосымша
Нормативтік құқықтық актілерді есепке алу журналы
Р/с №
Нормативтік құқықтық актінің келіп түскен күні, кіріс тіркеу нөмірі
Нормативтік құқықтық актінің нысаны мен атауы
Қабылдаған күні
Тіркеу нөмірі
Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі
Нормативтік құқықтық актіні әзірлеу үшін жауапты құрылымдық бөлімше
Ескертпе
1
2
3
4
5
6
7
8

















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады