Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 160 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес
туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 160
Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 160 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 80-81-82, 590-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің құрамына:
доктор Джейкоб Френкель (Dr Jacob A. Frenkel)
Герман Оскарович Греф
Аркадий Юрьевич Волож
сэр Сума Чакрабарти (Sir Suma Chakrabarti) енгізілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев