Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Допингке қарсы ұлттық орталық" республикалық мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Допингке қарсы ұлттық орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны етіп қайта ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 540 қаулысы

       "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Допингке қарсы ұлттық орталық" республикалық мемлекеттік мекемесі қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Допингке қарсы ұлттық орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті – кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы;
      2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы спорт саласындағы қызмет болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;
      2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын есепке ала отырып, штат санының лимиттерінде:
      3-бөлімде:
      23), 24), 25), 26) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
 

"23)
 

"Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" РММ
 

162*
 

24)
 

"Кәркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" РММ
 

177*
 

25)
 

"Риддер қаласындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" РММ
 

108*
 

26)
 

"Алматы қаласының "Шаңырақ" шағын ауданындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" РММ
 

221*
";
 

      27) тармақша алып тасталсын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасының


       Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады