"2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 1 қазандағы № 566 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 42-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 108-жолмен толықтырылсын:
      "

108
 

Мемлекеттік қаржы саласындағы ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету
 

Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сүйемелдеу, әкімшілендіру, пайдалану және оларға техникалық қолдау көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтер
 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
 

"Электрондық коммерция орталығы" ЖШС
 

001 "Бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және орындалуын қамтамасыз ету және экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметтер", 104 "Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету"

788707
 

      ".
      2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  Б.Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады