Уәкілетті ұйымдарда міндетті сынамалануға және таңбалануға жатпайтын Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін зергерлік және басқа да бұйымдарды айқындау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 601 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 592 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2023 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес уәкілетті ұйымдарда міндетті сынамалануға және таңбалануға жатпайтын Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін зергерлік және басқа да бұйымдар айқындалсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б.Сағынтаев


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 21 қазандағы
№ 601 қаулысына
қосымша

Уәкілетті ұйымдарда міндетті сынамалануға және таңбалануға жатпайтын Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін зергерлік және басқа да бұйымдар*

      1. Тарихи, археологиялық, мәдени құндылыққа ие бағалы металдардан және (немесе) асыл тастардан жасалған бұйымдар.

      2. Бөліктердің толық жиыны болмаған жағдайда, аяқталмаған немесе жиналмаған түрдегі бағалы металдардан жасалған бұйымдар.

      3. Бағалы металл қорытпасының мың массалық бөлігіндегі таза бағалы металдың массалық бөліктерінің саны:

      1) платина қорытпасы үшін 900;

      2) алтын қорытпасы үшін 375;

      3) палладий қорытпасы үшін 500;

      4) күміс қорытпасы үшін 800 төмен бағалы металдардан жасалған зергерлік бұйымдар.

      4. Бағалы металдардың, қымбат бағалы металдардан жасалған бұйымдарға әшекей ретінде пайдаланылатын саф металдар.

      5. Әртүрлі әшекейлер ретінде және декоративтік мақсаттар үшін қолданылатын бағалы металдардан жасалған шыбықтар, жолақтар, сым, түтіктер, сондай-ақ оралған жұқа табақтар.

      6. Қаламдар үшін бағалы металдардан жасалған қауырсындар.

      7. Жеке тұлғалар әкелетін және (немесе) әкететін тауар ретінде жеке қолдануға арналған зергерлік және басқа да бұйымдар.

      Ескертпе: * — бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар – бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда, асыл тастардан және табиғи немесе жасанды жолмен алынған басқа да материалдардан жасалған көздері бар не онсыз, әртүрлі көркемдік өңдеу түрлерін пайдалана отырып, асыл тастардан, бағалы металдардан және олардың қорытпаларынан жасалған, әртүрлі әшекейлер, тұрмыстық кәдеге жарататын заттар ретінде және (немесе) діни әрі декоративтік мақсаттарда қолданылатын бұйымдар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады