"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 603 қаулысы.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 180-бабының 2-тармағына және "2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды берумен "Қазақстанның Даму Банкі-Лизинг" акционерлік қоғамына кейіннен кредит беру үшін "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары;

      2) Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған

      мемлекеттік индустриалық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде инвестициялық жобалардың қаржыландыруын қамтамасыз ету

      үшін "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына

      бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 25.08.2018 № 523 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамымен кредиттік шарттарды жасасуды;

      2) кредит берудің негізгі және қосымша шарттарының орындалуын бақылауды;

      3) бюджеттік кредиттердің нысаналы және тиімді пайдаланылуын, өтелуі мен оған қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингтеуді қамтамасыз етсін.

      3. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктеріне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат берсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 21 қазандағы
№ 603 қаулысымен
бекітілген

"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды берумен "Қазақстанның Даму Банкі-Лизинг" акционерлік қоғамына кейіннен кредит беру үшін "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.08.2018 № 523 қаулысымен.

      1. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қарыз алушы) кредит беру үшін мынадай негізгі щарттар белгіленеді:

      1) кредит ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына кредит беру" 220 бюджеттік бағдарламасы бойынша "2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген 10000000000 (он миллиард) теңге сомасында беріледі;

      2) кредит қарыз алушыға мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында 10 (он) жыл мерзімге жылдық 0,1%-ға тең сыйақы мөлшерлемесі бойынша теңгемен беріледі;

      3) республикалық бюджеттен кредитті бөлу қарыз алушының шотына кредиттің барлық сомасын біржолғы аудару жолымен жүзеге асырылады;

      4) игеру кезеңі қарыз алушының шотына кредит аударылған күнінен бастап 3 (үш) жылды құрайды;

      5) кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жылына 2 (екі) рет жүзеге асырылады (есептелген сыйақының алғашқы төлемі қарыз алушының шотына кредит қаражаты аударылған күнінен бастап 6 (алты) ай өткен соң жүргізіледі);

      6) кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы 3 жылды құрайтын жеңілдік кезеңі өткен соң 2019 жылдан бастап тең бөліктермен жүзеге асырады;

      7) бюджеттік кредитті берудің мақсаты қарыз алушының "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну үшін 10 (он) жыл мерзімге жылдық 0,2 % сыйақы мөлшерлемесімен "Қазақстанның Даму Банкі-Лизинг" АҚ-ға кейіннен кредит беру үшін жылдық 0,15 % сыйақы мөлшерлемесімен "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамына кейіннен кредит беруі болып табылады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 25.08.2018 № 523 қаулысымен.

      2. Кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету бойынша қосымша шарттар Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 21 қазандағы
№ 603 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған
мемлекеттік индустриалық-инновациялық даму бағдарламасын іске
асыру шеңберінде инвестициялық жобалардың қаржыландырылуын
қамтамасыз ету үшін "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі"
акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары

      1. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қарыз алушы) кредит беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:

      1) кредит Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік индустриалық-инновациялық даму бағдарламасының жобаларын қаржыландыру үшін "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамына кейіннен кредит берумен "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына кредит беру" 217 бюджеттік бағдарламасы бойынша "2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген 75000000000 (жетпіс бес миллиард) теңге сомасында беріледі;

      2) кредит қарыз алушыға мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында 20 (жиырма) жыл мерзімге жылдық 0,1%-ға тең сыйақы мөлшерлемесі бойынша теңгемен беріледі;

      3) республикалық бюджеттен кредитті бөлу қарыз алушының шотына кредиттің барлық сомасын біржолғы аудару жолымен жүзеге асырылады;

      4) игеру кезеңі қарыз алушының шотына кредит аударылған күнінен бастап 3 (үш) жылды құрайды;

      5) кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жылына 2 (екі) рет жүзеге асырылады (есептелген сыйақының алғашқы төлемі қарыз алушының шотына кредит қаражаты аударылған күнінен бастап 6 (алты) ай өткен соң жүргізіледі);

      6) кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы 6 жылды құрайтын жеңілдік кезеңі өткен соң 2022 жылдан бастап тең бөліктермен жүзеге асырады;

      7) бюджеттік кредитті берудің мақсаты теңгеде және/немесе шетелдік валюта баламасында барлық сомасы 150 млрд. теңгеге, оның ішінде 75 млрд. теңгеге бюджеттік кредит және 75 млрд. теңгеге нарықтық қаражат, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде инвестициялық жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін 20 (жиырма) жыл мерзімге жылдық 0,15% сыйақы мөлшерлемесімен "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамына кейіннен кредит беруі болып табылады. Бұл ретте, түпкі қарыз алушы үшін сыйақының номиналды мөлшерлемесі жылдық 11%-дан жоғары болмауы тиіс.

      2. Кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету бойынша қосымша шарттар Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады