"Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 641 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 704 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.08.2023 № 704 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 48, 650-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау қағидасында:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Сыйлықтарды алуға жарияланған жұмыстар, оның ішінде нөлдік емес импакт факторы бар халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланған, конкурсты жариялау алдындағы жылды қоса алғанда, соңғы бес жыл ішінде орындалған, тиісті шешімді қабылдай отырып, ұйымдардың консультативтік-кеңесші органдарында жан-жақты талқылаудан өткен жұмыстар ұсынылады.";

      мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:

      "27-1. Бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін мемлекеттік ғылыми стипендияларға ие болған ғалымдар осы стипендияларды алуға алдыңғы тағайындалған жылдан кейін кемінде үш жыл өткен соң қайта жіберілуі мүмкін.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады