Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 658 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Достық» кедені» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетi Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментiнiң «Достық» кедені» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
      2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгеріс мен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ережеде:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі» деген 1-бөлімде:
      мынадай мазмұндағы 56-1-тармақпен толықтырылсын:
      «56-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетi Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментiнiң «Достық» кедені.»;
      237-тармақ алып тасталсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады