"Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының А.П. Гайдар атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 827 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының А.П. Гайдар атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Хамза Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады