"Табиғи газға баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № 892 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 829 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Табиғи газға баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № 892 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 57-58, 453-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи газға баға белгілеу қағидаларында (әдістемесінде):

       3-тармақта:

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "P0 – 2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы және 2006 жылғы 3 қазандағы Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғамын құрудағы ынтымақтастық туралы келісімдерде уәкілетті ұйымдар болып тағайындалған заңды тұлғалар айқындайтын коэффициентке көбейтілген ұзақ мерзімді келісімшарт жасасу күніне айқындалатын табиғи газға арналған базалық баға;";

      он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "D – Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес табиғи газға мәміле бағасын салыстырмалы экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын және осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарының ережелері ескеріле отырып, айқындалатын табиғи газды сатып алу-сатуға арналған келісімшартта айқындалған табиғи газды жеткізу шарттарына байланысты ескерілетін дифференциал.";

       5, 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Табиғи газға мәміле бағасын салыстырмалы экономикалық шарттарға келтіру мақсатында дифференциалға табиғи газды ұзақ мерзімді келісімшартта айқындалған жеткізу базисінен табиғи газды өткізу (меншік құқығын ауыстыру) жүргізілетін жеткізу базисіне дейін тасымалдау жөніндегі құжат түрінде және (немесе) ақпарат көздерімен негізделген және расталған шығыстар енгізіледі. Қазақстан Республикасы/Ресей Федерациясының шекарасы "Александров Гай" газ өлшеу станциясы DAP жеткізу базисінде табиғи газды өткізген кезде дифференциал мәні нөлге теңестіріледі.

      6. Дифференциалдың құрамдас бөліктері табиғи газды өткізу (меншік құқығын ауыстыру) жүргізілетін жеткізу базисіне дейін жеткізуге, сондай-ақ оны өткізуге байланысты бастапқы құжаттармен және (немесе) Заңның 18-бабында белгіленген кезектілік бойынша ақпарат көздерімен расталады.".

      2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады