Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясы. Мемлекеттік саясат жөніндегі нұсқауларда ұсынылған ұсынымдарды іске асыруда қолдау" жобасын іске асыру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 831 қаулысы


      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясы. Мемлекеттік саясат жөніндегі нұсқауларда ұсынылған ұсынымдарды іске асыруда қолдау" жобасын іске асыру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрi Жеңіс Махмұдұлы Қасымбекке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясы. Мемлекеттік саясат жөніндегі нұсқауларда ұсынылған ұсынымдарды іске асыруда қолдау" жобасын іске асыру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б.Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметтің
2016 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 831 қаулысымен
мақұлданған
  Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясы. Мемлекеттік саясат жөніндегі нұсқауларда ұсынылған ұсынымдарды іске асыруда қолдау" жобасын іске асыру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы

      2014 жылғы 24 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясы. Мемлекеттік саясат жөніндегі нұсқауларда ұсынылған ұсынымдарды іске асыруда қолдау" жобасын іске асыру туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 7-бабын басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Келісімнің 2-бабының 2-тармағындағы "24 айды" деген сандар мен сөз "39 айды" деген сандармен және сөзбен ауыстырылсын.

2-бап

      Келісімге қосымшаға мынадай өзгерістер енгізілсін:


      1. "Қысқаша шолу" деген 1-бөлімнің "СБҚАС-тың жаңа жобасы – іске асыруда қолдау ("Жоба")" бөлімшесінің бірінші абзацында "2015" деген сандар "2017" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. "Жобаның сипаттамасы" деген 2-бөлімнің 1-тармағындағы "24 ай" деген сандар мен сөз "39 ай" деген сандармен және сөзбен ауыстырылсын.

      3. "Жоспарланған шаралар мен әдістеменің сипаттамасы" деген 3-бөлімнің "Салалық реформаларды жүргізуге жәрдемдесу" деген кіші бөлімінің бірінші абзацындағы "Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. "Жоспарланған шаралар мен әдістеменің сипаттамасы" деген 3-бөлімнің "Өмірге бейімді және тиімді институционалдық құрылымдарды қалыптастыру" деген кіші бөлімінің 2) тармақшасындағы "Индустрия және жаңа технологиялар министрінің" деген сөздер "Инвестициялар және даму министрінің" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "Жоспарланған шаралар мен әдістеменің сипаттамасы" деген 3-бөлімнің "Шаралар" деген бөлімінің екінші абзацындағы "Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. "Мерзімдері" деген 4-бөлімнің бірінші абзацындағы "24 ай" деген сандар мен сөз "39 ай" деген сандармен және сөзбен ауыстырылсын.

3-бап

      Осы Хаттама Тараптардың соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде қолданыста болады.


      Әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды. Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар басым күшке ие ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Экономикалық ынтымақтастықжәне даму ұйымы үшін

___________________________
Жеңіс Қасымбек
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Күні:

___________________________
--------------------------------------
--------------------------------------
Күні:


___________________________
---------------------------------------
---------------------------------------
Күні:


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады