Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 852 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев



  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2016 жылғы 26 желтоқсандағы
  № 852 қаулысына
  қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасында электрондық сауданы жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі № 786 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 33, 368-құжат).

      2. "Биржа саудасының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2042 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 57, 498-құжат).

      3. "Биржа саудасының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2042 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 59 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 13, 233-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады