"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және ерекше қорғауды қажет ететін
Қазақстанның бірегей табиғи объектілері ретінде Ақтөбе облысының флорасы
мен фаунасының бағалы түрлерін, экологиялық жүйелерін сақтау мақсатында
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының
аумағындағы жалпы ауданы 409962,0 гектар босалқы жерлер "Қазақстан
Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы
және жануарлар дүниесі комитетінің Ырғыз - Торғай мемлекеттік табиғи
резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрақты жер
пайдалануға берілсін.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелері босалқы
жерлер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына
ауыстырылсын.
3. Ақтөбе облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңнамасына сәйкес осы аймақ шегінде экологиялық жүйелердің, жай-күйіне
және оларды қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым
салумен және (немесе) шектеумен мекеме жерлерінің төңірегінде күзет аймағын белгілесін.
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б.Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы №858 қаулысына қосымша |
Р/с № | Жерлер санатының атауы | Жалпы ауданы, га | оның ішінде алқаптар бойынша, га | ||||||
жайылымдар | а/ш алқаптарының жиыны | басқалары | |||||||
барлығы | жол бойындағы | су астындағы | сортаңдар | өзгелер | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | Босалқы жерлер | 409962,0 | 388325,3 | 388325,3 | 21636,7 | 277,9 | 618,8 | 17730,4 | 3009,6 |
Жиыны: | 409962,0 | 388325,3 | 388325,3 | 21636,7 | 277,9 | 618,8 | 17730,4 | 3009,6 |