"Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын бекіту және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 867 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын бекіту және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

"Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған
"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын бекіту және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын бекіту және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 18-19,
93-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:

      "Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлімде:

      "Міндеттердегі" 5) тармақша алып тасталсын;

      "Нысаналы индикаторларда":

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) 2015 – 2019 жылдары 392,2 мың адамға арналған жұмыс орындарын құру, оның ішінде: тұрақты – 96,5 мың адам; уақытша – 296,4 мың адам;";

      "Қаржыландыру көздері мен көлемі" мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржыландыру көздері мен көлемі

      "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралары мен инвестициялық жобалары Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, республикалық және жергілікті бюджеттердің, халықаралық қаржы институттары мен ұйымдардың қаражаты, ұлттық компаниялар мен даму институттарының меншікті қаражаты, сондай-ақ жеке инвестициялар есебінен 7,6 трлн. теңге жалпы индикативтік сомасында қаржыландырылатын болады, оның ішінде:

Қаржыландыру көздері

Қажетті қаражат
(млрд. теңге)

Бағдарлама бойынша
барлық шығыстар:

 
7 676,1

Республикалық бюджет

429,4

Ұлттық қор

2 355,9

Жергілікті бюджет

299,4

Халықаралық қаржы
институттары мен ұйымдар

3 954,2

Ұлттық компаниялар
мен даму институттарының
меншікті қаражаты

597,9

Жеке инвестициялар мен МЖӘ

39,3

      ";

      "3. Ағымдағы жағдайды талдау" деген бөлімдегі бір жүз сексен екінші, бір жүз сексен үшінші, бір жүз сексен төртінші, бір жүз сексен бесінші, бір жүз сексен алтыншы, бір жүз сексен жетінші, бір жүз сексен сегізінші, бір жүз сексен тоғызыншы, бір жүз тоқсаныншы, бір жүз тоқсан бірінші, бір жүз тоқсан екінші, бір жүз тоқсан үшінші, бір жүз тоқсан төртінші, бір жүз тоқсан бесінші, бір жүз тоқсан алтыншы, бір жүз тоқсан жетінші, бір жүз тоқсан сегізінші, бір жүз тоқсан тоғызыншы, екі жүзінші, екі жүз бірінші, екі жүз екінші, екі жүз үшінші бөліктер алып тасталсын;

      "4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері" деген бөлімде:

      екінші бөліктегі кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Нысаналы индикаторлар

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Жауапты орындаушылар

2014 (бағалау)

2015

2016

2017

2018

2019

ЖІӨ-нің болжам-ды өсімін қамтамасыз ету

ҰЭМ-нің дерек-тері

ал-дыңғы жылға қара-ғанда
%

ҰЭМ, ДСӘДМ, ИДМ, АШМ,
ЭМ, БҒМ, "Самұ-рық – Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Бәйте-рек" ҰБХ" АҚ

104,1

101,5

100,5

101,7

102,2

102,5

"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың ЖІӨ өсуіне әсері

ҰЭМ деректері

пайыздық тармақтарда

ҰЭМ, ДСӘДМ, ИДМ, АШМ,
ЭМ, БҒМ, "Самұрық – Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ


1,83

1,49

1,26

0,35

0,57

Жұмыс орындарын құру, оның ішінде:

ДСӘДМ дерек-тері

мың адам

ДСӘДМ (жинақтау), ИДМ, ҰЭМ, АШМ, ЭМ, БҒМ, "Самұрық – Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ

10,4

97,2

111,4

75,3

54,9

54,1

тұрақты


мың адам


4,6

27,3

35,1

17,0

8,2

8,9

уақытша


мың адам


5,8

69,9

76,3

58,3

46,7

45,2

Базалық инфрақұрылым сапасы бойынша ДЭФ рейтингін жоғарылату


әлемдегі орын

ИДМ

62

61

60

59

58

57

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы, оның ішінде теміржол және автомобиль көлігі түрлерімен транзиттік жүктердің көлемін ұлғайту

ведомстволық деректер

млн. тонна

ИДМ



16,3

16,9

17,5

18,1

теміржол көлігі түрімен

ведом стволық деректер

млн. тонна

ИДМ



15

15,5

16

16,5

автомобиль көлігі түрімен

ведомстволық деректер

млн. тонна

ИДМ



1,3

1,4

1,5

1,6

су көлігі түрімен

ведом- стволық деректер

млн. тонна

ИДМ



0,001

0,002

0,003

0,004

      ";

      "5. Азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру" деген тармақ алып тасталсын;

      "5. Негізгі бағыттар, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар" деген бөлімде:

      "5.5. Тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту" және "5.12. Басталған кредиттік тұрғын үй жобаларын іске асыру және үлестік салымдарды қорғау" деген кіші бөлімдер алып тасталсын;

      "7. Қажетті ресурстар" деген бөлімнің бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралары мен инвестициялық жобалары Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, республикалық және жергілікті бюджеттердің, халықаралық қаржы институттары мен ұйымдардың қаражаты, ұлттық компаниялар мен даму институттарының меншікті қаражаты, сондай-ақ жеке инвестициялар есебінен 7,6 трлн. теңге жалпы индикативтік сомасында қаржыландырылатын болады, оның ішінде:

Қаржыландыру көздері

Қажетті қаражат
(млрд. теңге)

Бағдарлама бойынша барлық шығыстар:

7 676,1

Республикалық бюджет

429,4

Ұлттық қор

2 355,9

Жергілікті бюджет

299,4

Халықаралық қаржы институттары мен ұйымдар

3 954,2

Ұлттық компаниялар мен даму институттарының меншікті қаражаты

597,9

Жеке инвестициялар және МЖӘ

39,3

                                                            ";

      "Аббревиатуралардың толық жазылуы:" деген бөлікте:

      мына:

      "

"ҚТҚЖБ" АҚ

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы

"ҚИК" ИҰ" АҚ

"Қазақстанның ипотекалық компаниясы" ипотекалық ұйымы" акционерлік қоғамы

"ҚИККБҚ" АҚ

"Қазақстан ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы

      "

      деген жолдар алып тасталсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады