Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жекелеген кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 880 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жекелеген кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 880 қаулысына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жекелеген кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 880 қаулысы (бұдан әрі - Қаулы) "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес қабылданған.

      Қаулы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның қосылу және қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) болып бақылау кеңесін енгізу арқылы қайта ұйымдастырылуды қарастырады.

      Кәсіпорын қызметінің мақсаты республиканың медициналық ұйымдарының ғылыми, ұйымдастыру-әдістемелік, практикалық қызметін үйлестіру және жүзеге асыру, сондай-ақ психикалық денсаулық саласында жоғары білікті, мамандандырылған көмек көрсету болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз