Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Жоба |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 72-құжат):
53-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен түрін бекітуден немесе метрологиялық аттестаттаудан өткен су есебiн жүргiзу аспаптарының негiзiнде жүзеге асырылады.".
2. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016ж., № 1, 2-құжат; 2016 жылғы 30 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 17-бап мынадай мазмұндағы 26-2) тармақшамен толықтырылсын:
"26-2) стандарттау жөніндегі құжаттар жобаларын өз құзыреті шегінде қарауды, сондай-ақ ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, оларға өзекті сипат беру және олардың күшін жою бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;";
2) 31-бап алып тасталсын;
3) 32-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Экологиялық таза өнім стандарттарын, экологиялық таза өнім белгісінің нысаны мен оған қойылатын техникалық талаптарды "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген коммерциялық емес ұйым белгілейді.";
4) 34-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"34-бап. Халықаралық стандарттарды енгізу және қолдану";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Халықаралық стандарттарды енгізу және қолдану стандарттау саласындағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.";
5) 34-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган стандарттау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемдерін әзірлейді және бекітеді.";
6) 132-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Қоршаған ортаның өндiрiстiк мониторингiн "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен аккредиттелген өндiрiстiк немесе тәуелсiз зертханалар жүзеге асырады.";
7) 220-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртiппен аккредиттелген өзiнiң немесе өзге де зертханаларға ағызылатын сулардың химиялық құрамын айқындауды қамтамасыз етуге;".
3. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжаттар; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55, 57-құжаттар; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 66, 72-құжаттар; № 10, 87-құжат):
1) 302-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"К барр.1, К барр.2 … + К барр.n – Қазақстан Республикасының аумағында маршруттың басында көлік ұйымының шикі мұнайды және шикі мұнай өнімдерін тапсыру және қабылдау пунктіндегі есепке алу аспабының деректері негізінде ресімделген әрбір тиісті партия бойынша сапа паспортында көрсетілген баррельдеу коэффициенттері. Бұл ретте баррельдеу коэффициенттері стандарттау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ұлттық стандартқа сәйкес өлшеудің стандартты шарттарына келтірілген экспортталатын шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің нақты тығыздығы мен температурасы ескеріле отырып, белгіленеді;";
2) 334-баптың 3-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте шикі мұнай мен газ конденсатының әлемдік бағасын айқындау үшін өлшем бірліктерін өндірілген шикі мұнайдың өлшемнің стандартты жағдайларына және мұнайдың паспортта көрсетілген сапасына келтірілген нақты тығыздығы мен температурасын есепке ала отырып, баррельден метрикалық тоннаға ауыстыру стандарттау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ұлттық стандартқа сәйкес жүргізіледі.".
4. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149-құжат, 152; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-II, 70-құжат):
82-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Денсаулық сақтау ұйымдарында пайдаланылатын медициналық мақсаттағы өлшем құралдарын метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес реттеледі.".
5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар, № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; 2016 жылғы 30 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттеріне жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 415-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"415-бап. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және
стандарттау саласындағы заңнамасын бұзу";
бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) техникалық регламенттердің және стандарттау жөніндегі құжаттар талаптарына сәйкес келмейтін өнімді шығару және өткізу;";
бірінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін өнімді көтерме немесе бөлшек саудаға, нарықтарға шығару;".
6. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, № 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; 2016 жылғы 30 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттеріне жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
170-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеуге және қолдануға бағытталса, ондай әрекеттерге жол беріледі.".
7. "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат, № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 123-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 жылғы 19 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттеріне жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол жолаушылар көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
6-баптың екінші бөлігінің он бірінші абзацындағы "жүзеге асыру болып табылады" деген сөздер "жүзеге асыру;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"стандарттау жөніндегі құжаттар жобаларын өз құзыреті шегінде қарау, сондай-ақ ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, оларға өзекті сипат беру және олардың күшін жою бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады.".
8. "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" 1998 жылғы 23 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 48-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2013 ж. № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2016 жылғы 14 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттеріне жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 12 қаңтардағы Заңы):
5-баптың 2-тармағының алтыншы абзацындағы "өкілеттіктерді жүзеге асырады." деген сөздер "өкілеттіктерді;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"стандарттау жөніндегі құжаттар жобаларын өз құзыреті шегінде қарауды, сондай-ақ ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, оларға өзекті сипат беру және олардың күшін жою бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады.".
9. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат):
7-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"13) шығыс параметрлері ұлттық стандарттарда белгіленген шамадан асатын өзін-өзі қорғаудың ұңғысыз атыс қаруының, электрошок құрылғыларының және ұшқынды разрядтауыштардың;".
10. "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 128-құжаттар; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; №7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 жылғы 19 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы
16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 26 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
8-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді қорғау құралдарын сертификаттау және сертификат беру тәртібін әзірлейді;".
11. "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 7, 165-құжат; 2004 ж., № 11-12, 62-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) метрологиялық қызмет – өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындайтын және/немесе қызметтерді көрсететін және метрологиялық қызмет туралы ереже негізінде әрекет ететін заңды тұлға, заңды тұлғаның бөлімшесі, заңды тұлғаның қызметкері (қызметкерлері), не мемлекеттік басқару органының құрылымдық бөлімшесі;";
мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
"1-2) метрологиялық сипаттама (өлшем құралы) – өлшем нәтижелеріне әсер ететін өлшем құралдары қасиеттерінің бірінің сипаттамасы;";
мынадай мазмұндағы 2-1) – 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) заттың (материалдың) құрамының немесе қасиеттерінің стандартты үлгісі (стандартты үлгі) – құрамына немесе бір немесе бірнеше белгілі қасиеттеріне қатысты айтарлықтай біркелкі және тұрақты, метрологиялық сипаттамасы бар және метрологиялық бақылап тексерілетін материал (зат);
2-2) калибрлеу әдістемесі – шама бірлігінің эталонына немесе өлшем құралына калибрлеуді жүргізу тәртібін және рәсімдерін белгілейтін құжат;";
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) метрологиялық бақылап тексеру – өлшем нәтижесінің шама бірліктері эталондарын салғастыру, шама бірліктері эталондарын калибрлеу, өлшем құралдарын салыстырып тексеру немесе калибрлеу арқылы оның тиісті өлшеу эталондарымен, мемлекеттік немесе халықаралық эталондармен байланысу мүмкіндігін қамтамасыз ету қасиеті;";
мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"5-1) метрологиялық сараптама – сараптама жасалатын объектіге қолданылатын метрологиялық талаптарды белгілеу және қадағалау дұрыстығын талдау және бағалау;
5-2) метрологиялық талаптар – нәтижелер мен көрсеткіштерге әсер ететін өлшемдер дәлдігіне, өлшемдердің, шама бірліктері эталондарының, стандартты үлгілердің, өлшем құралдарының сипаттамаларына (параметрлеріне), сондай-ақ осы сипаттамалар (параметрлер) қамтамасыз етілуге тиіс жағдайларға қойылатын талаптар;";
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) өлшем белгісіздігі – өлшемнің нәтижелерімен байланысты және өлшенетін шамаға негізделіп жазылуы мүмкін мәндердің шашырап кетуін сипаттайтын параметр;";
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттар – ережелер, нұсқаулар, стандарттар және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу талаптары мен тәртiбiн айқындайтын өзге де нормативтiк және әдiстемелiк құжаттар;";
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшы – уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен аттестатталған жеке тұлға;";
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) өлшем құралы – өлшем жүргiзуге арналған және метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал;";
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"17) өлшем құралын немесе шама бірлігі эталонын калибрлеу – өлшем құралының немесе шама бірлігі эталонының метрологиялық сипаттамаларының шынайы мәндерiн айқындау мақсатында ең жоғары дәлдіктегі шама бірлігі эталонның көмегiмен айқындалған, осы өлшем құралының немесе шама бірлігі эталонының, шаманың тиісті мәнінің көмегімен алынған, шаманың мәнi арасындағы арақатынасты белгiлейтiн операциялар жиынтығы;";
мынадай мазмұндағы 20-2) тармақшамен толықтырылсын:
"20-2) өлшеуіш жүйе – өлшем құралдарының, өлшеуіш түрлендіргіштердің, электронды-есептеу техникасының және бақыланатын объектінің түрлі нүктелерінде осы объектіге тән бір немесе бірнеше жеке шамаларды өлшеу және түрлі мақсаттарда өлшеу сигналдарын жасау мақсатында орналастырылған басқа да техникалық құралдардың функционалдық біріктірілген жиынтығы;";
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"24) шама бiрлiгiнiң мемлекеттiк эталоны – уәкілетті органның шешімімен шама бірлігінің мемлекеттік эталоны ретінде танылған шама бірлігінің эталоны;";
мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
"24-1) шама бірлігінің өлшемін беру – өлшем құралында сақталынатын шама өлшемдерін осы шама бірлігінің эталонымен немесе аса жоғары дәлдік көрсеткіштері бар стандартты үлгімен жаңғыртылатын немесе сақталатын шама бірліктеріне сәйкес келтіру;";
2) 5-баптың 2 тармағы:
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) мемлекеттік метрологиялық бақылау аясына жататын тиісті саладағы өлшемдер түрлерінің және өлшем құралдарының нысанын бекітеді;";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) өлшем құралдарын қолдану тәртібін айқындайды, өлшем құралдарын салыстырып тексеру нәтижелерін салғастыруды, өлшем құралдарын және шама бірліктерінің эталондарын калибрлеуді ұйымдастырады;";
16) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
"16-1) стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу, оларға өзекті сипат беру және олардың күшін жою бойынша ұсыныстарды талдауды және дайындауды жүзеге асырады;";
3) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"7-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң
объектiлерi
Шама бiрлiктерi, шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондары, шама бiрлiктерiнiң эталондары, өлшем құралдары, заттың және материалдың құрамының немесе қасиеттерінің стандартты үлгілері, калибрлеу әдістемелері, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерi, өлшем құралдарына, әдiстерiне және нәтижелерiне қойылатын талаптар, өлшемдердi орындау әдiстемелерi, өлшем бiрлiктерiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк басқару органдарының, жеке, заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң жұмысы өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң объектiлерi болып табылады.";
4) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"8-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттар
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтiк құжаттар Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес әзiрленедi және оларды Қазақстан Республикасының аумағында өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар қолдануға тиiс.";
5) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"10-бап. Шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондары
Қазақстан Республикасында өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң техникалық негiзiн шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондары құрайды, олардың құрылуын және сақталып-ұсталуын мемлекет жүзеге асырады.
Шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондары шама бiрлiктерiн (шама бiрлiктерiнiң еселiк не үлестiк мәндерiн) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналған және олардың өлшемдерін Қазақстан Республикасының аумағында шама бірліктерінің эталондарына, осы шаманың басқа өлшем құралдарына беру мақсатында пайдаланылады.
Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарына мемлекеттік метрологиялық қызметке жататын эталондар жатады.
Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарынан шама бірліктерінің өлшемдерін беру шама бірліктерінің эталондарын калибрлеу, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу арқылы жүзеге асыралады, ал егер республикада шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары болмаған жағдайда – басқа мемлекеттердің шама бірліктерінің ұлттық эталондарынан жүзеге асырылады.
Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары Халықаралық өлшем және салмақ бюросының шама бірліктерінің эталондарымен және басқа мемлекеттердің шама бірліктерінің ұлттық эталондарымен салғастырылуға жатады.
Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелуге және калибрлеуге жатады.";
6) 10-1-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Шама бірліктерінің эталондарын мемлекеттік басқару органдары және олар меншік құқығында тиесілі болатын заңды тұлғалар бекітеді.
Шама бірліктерінің эталондары Қазақстан Республикасының мемлекеттік эталондарымен, ал олар болмаған жағдайда – басқа мемлекеттердің шама бірліктерінің ұлттық эталондарымен метрологиялық тұрғыдан бақылап тексерілуге тиіс.";
7) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"11-бап. Өлшем құралдары
Өлшем құралдары бiрлiктерi Қазақстан Республикасында белгiленген тәртiппен қолдануға рұқсат етiлген шамаларды анықтау үшiн пайдаланылады.
Өлшем құралдары мемлекеттік эталондарға, ал олар болмаған жағдайда басқа мемлекеттердің шама бірліктерінің ұлттық эталондарына метрологиялық тұрғыдан бақылап тексерілуге, сондай-ақ пайдалану шарттарына және оларға қойылған талаптарға сай болуға тиіс.
Өлшем құралдарына заттар және материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілері де, өлшеуіш жүйелері де жатады.
Техникалық құралдардың өлшем құралдарына қатыстылығын белгілеуді осы заңнамаға және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес олардың дайындаушылары, жеткізушілері немесе пайдаланушылары болып табылатын заңды және жеке тұлғалар жүзеге асырады.";
8) мынадай мазмұндағы 11-2, 11-3-баптармен толықтырылсын:
"11-2-бап. Заттардың және материалдардың құрамы мен қасиеттерінің
стандартты үлгілері
1. Заттардың және материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілері Қазақстан Республикасында қолданылуға рұқсат етілген шама бірліктерінің мәндерінде көрсетілген заттардың (материалдардың) құрамы мен қасиеттерінің сипаттамаларын жаңғыртуға, сақтауға және беруге арналған.
Заттардың және материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілері өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу, градуирлеу, өлшемдерді орындау әдістемелерін бағалау, шығарылатын өнімнің сапасын бақылау үшін қолданылады.
2. Мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында уәкілетті орган бекіткен заттардың және материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілері және/немесе уәкілетті орган қолдануға рұқсат еткен шетелде шығарылған заттардың және материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілері қолданылады.
11-3-бап. Калибрлеу әдістемелері
1. Калибрлеу әдістемелері шама бірліктері эталондарының және өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларының шынайы мәндерін анықтау бойынша операцияларды жүргізу үшін қолданылады.
2. Калибрлеу әдістемелері шама бірліктерінің эталондарын және өлшем құралдарын калибрлеуді орындайтын заңды тұлғалар әзірлейді және бекітеді.";
9) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"16-бап. Мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды
тұлғалардың метрологиялық қызметтері
1. Мемлекеттiк басқару органдары, жеке және заңды тұлғалар қажет жағдайларда өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды орындау және (немесе) қызметтерді көрсету, сондай-ақ метрологиялық бақылауды жүзеге асыру үшiн метрологиялық қызметтер құрады.
Осы Заңның 23-бабында көзделген салалардағы жұмыстарды орындау кезiнде шағын және орта бизнес саласындағы заңды тұлғаларды және басшы қызметкерлер қатарынан жауапты адамды тағайындай отырып метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын өткізу міндетті болатын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды қоспағанда, метрологиялық қызметтердiң құрылуы мiндеттi болып табылады.
2. Мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң жұмысы осы Заңға, метрологиялық қызмет туралы ережеге, өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, халықаралық шарттарға және нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.";
10) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"20-бап. Эталондарды және өлшем құралдарын калибрлеу
1. Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары және шама бірліктерінің эталондары калибрлеуге жатқызылады. Мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында өлшеу кезінде қолдануға арналмаған өлшем құралдарына осы Заңның 19-бабына сәйкес калибрлеу немесе салыстырып тексеру ерікті түрде жүргізілуі мүмкін.
Өлшем құралдарын калибрлеу осы өлшем құралдарының дайындаушысы, иесі немесе пайдаланушысы айқындайтын тәртіппен шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарына метрологиялық тұрғыдан бақыланып тексерілген эталондар пайдаланыла отырып орындалады.
Өлшем құралдарын калибрлеуді орындайтын заңды тұлғалар сәйкестікті бағалау саласында ерікті түрде аккредиттеледі.
Шама бірліктерінің эталондарын және өлшем құралдарын калибрлеу нәтижелерi өлшем құралына басылатын калибрлiк белгімен және/немесе калибрлеу туралы сертификатпен куәландырылады. Калибрлеу туралы сертификатта метрологиялық сипаттамалардың шынайы мәндерi, өлшемнің метрологиялық бақылап тексерілуі, өлшем белгісіздігі және/немесе белгілі бір метрологиялық сипаттамаларға сәйкестігі туралы өтініші көрсетіледі.
Аккредиттелген заңды тұлғалар орындаған өлшем құралдарын калибрлеу нәтижелері өлшем құралдарын салыстырып тексеру кезінде пайдаланылуы мүмкін.";
11) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:
"20-1-бап. Метрологиялық сараптама
1. Өлшемдерге, өлшем құралдарына, оның ішінде нормативтік құқықтық актілердің, техникалық регламенттердің, стандарттардың жобаларында қамтылатын стандартты үлгілер мен өлшеуіш жүйелерге қойылатын талаптар мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық жүргізетін міндетті метрологиялық сараптауға жатады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілгенді қоспағанда, конструкторлық, технологиялық құжаттаманың және техникалық құжаттаманың басқа да түрлерінің метрологиялық сараптамасын өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және нормативтік құжаттарды сақтай отырып мемлекеттік басқару органдарының, заңды және жеке тұлғалардың метрологиялық қызметтері ерікті түрде жүзеге асыруы мүмкін.";
12) 22-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жеке және заңды тұлғалардың өлшем бірлігін осы Заңды, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық шарттарды және нормативтік құжаттарды сақтау тұрғысынан қамтамасыз ету жөніндегі қызметі;";
13) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"23-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылау аясы
1. Осы Заңның 22-бабында аталған объектілерге қатысты мемлекеттік метрологиялық бақылау, олардың нәтижелері:
1) азаматтардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыру;
3) мемлекеттік есепке алу операциялары, сатып алушы (тұтынушы) және сатушы (өнім беруші, өндіруші, орындаушы) арасындағы, оның ішінде тұрмыстық және коммуналдық қызметтер көрсету мен байланыс қызметтерін көрсету салаларындағы сауда-коммерциялық операциялар;
4) еңбек және көлік қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар;
5) қару-жарақ, әскери техника өндірісі;
6) өлшем құралдарын салыстырып тексеру кезінде пайдаланылатын өлшемдерге қолданылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, мемлекеттік метрологиялық бақылау аясына жататын тиісті саланың өлшемдерінің түрлерін және өлшем құралдарын, сондай-ақ оларға қойылатын метрологиялық талаптарды мемлекеттік басқару органдары уәкілетті органмен келісім бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша айқындайды және бекітеді.".
14) 24-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"24-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылау түрлері және оны жүзеге
асыру тәртібі";
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) өлшем құралдарының шығарылуын, пайдалануға берілуін, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiн, осы Заңның, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттардың және нормативтік құжаттардың сақталуын бақылауды;";
15) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"25-бап. Өлшем құралдарының шығарылуын, пайдалануға берілуін,
жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiн, осы Заңның, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттардың және нормативтік құжаттардың сақталуын мемлекеттiк метрологиялық бақылау
Өлшем құралдарының шығарылуын, пайдалануға берілуін, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнің қолданылуын, осы Заңның, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттардың және нормативтік құжаттардың сақталуын мемлекеттiк метрологиялық бақылау осы Заңда, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, халықаралық шарттарда және нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асырылады.";
16) 28-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген тәртіппен тексеруді жүргізу кезінде:
шығындалған үлгілердің құнын бюджет қаражатының есебіне жатқыза отырып;
сараптама нәтижелері бұзушылық фактісін растаған жағдайда сараптаманы (өлшемдерді, сынақтарды) жүргізу жөніндегі шығындарды тексерілетін тұлғалардың есебінен өтей отырып, мемлекеттік метрологиялық бақылау үшін өнімдердің үлгілеріне іріктеу жүргізуге.";
17) 31-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "шығыстар қаржыландырылады." деген сөздер "шығыстар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін өнім үлгілерін іріктеуге байланысты шығыстар және сараптаманы (өлшемдер, сынақтар) жүргізу жөніндегі шығындар қаржыландырылады.".
12. "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 381-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 3, 19-құжат; № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 23, 97-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 172-құжат):
10-2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Бағалау стандарттары қабылдануы Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға жатпайды.".
13. "Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 жылғы 22 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астық нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
13-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13-2) астық сапасының паспорты – астық сапасының нақты көрсеткiштерiн және олардың стандарттау жөнiндегi құжаттардың талаптарына және (немесе) келiсiмшарт талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжат;";
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"17) астықтың сапасы – астықтың стандарттау жөнiндегi құжаттардың, санитарлық, ветеринариялық және фитосанитариялық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердiң талаптарына сәйкес келуiн айқындайтын тұтыну қасиеттерiнiң жиынтығы;";
2) 6-бап мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) стандарттау жөніндегі құжаттар жобаларын өз құзыреті шегінде қарау, сондай-ақ ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, оларға өзекті сипат беру және олардың күшін жою жөніндегі ұсыныстар дайындау;";
3) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының аумағында астық және оның өмірлік циклінің процестері осы Заңның талаптарына, техникалық регламенттерге, санитарлық және фитосанитарлық қағидалар мен нормаларға және қолданыстағы стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес келуге тиіс.";
4) 9-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Көлiктiң осы түрiмен жүк тасу қағидаларына сәйкес келетiн көлiктiң кез келген түрiмен тасымалдануға тиiс астық партиясына олардың техникалық регламенттер мен стандарттау жөнiндегi құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар қоса беріледі.".
14. "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 144-құжат):
1) 9-баптың 3-тармағының 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-1) Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес туристік қызмет саласындағы стандарттау;";
2) 11-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"14) стандарттау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып, туристік қызмет саласындағы стандарттау аясындағы қызметті реттейді;";
3) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"16-бап. Туристік қызмет саласындағы стандарттау
Туристік қызметті стандарттау Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".
15. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат;
№ 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 99-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 жылғы 9 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы):
1) 20-бап мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
"19-1) стандарттау жөніндегі құжаттар жобаларын өз құзыреті шегінде қарау, сондай-ақ ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, оларға өзекті сипат беру және олардың күшін жою жөніндегі ұсыныстар дайындау;";
2) 27-1 бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"27-1-бап. Техникалық реттеу және стандарттау объектілері";
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Ғимараттар, құрылыстар, оларды жобалау, салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру, кеңейту, күрделi жөндеу және пайдалану процестерi, сондай-ақ құрылыс материалдары мен конструкциялары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектiлерi болып табылады.";
3) 28-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, өнеркәсіп саласындағы құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын стандарттау бойынша құжаттарды;";
4) 31-баптың 2-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) құрылыс өнімдерiн сертификаттау бөлігiнде – техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органды;";
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) құрылыс өнімдерін стандарттау бөлігінде – стандарттау саласындағы уәкілетті органды;".
5) 70-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) техникалық регламенттерде және құрылыс өнiмдерiне арналған стандарттау жөнiндегi қолданыстағы құжаттарда белгiленген қауiпсiздiк талаптарын сақтау;".
16. "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы,
2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат; № 22-VI, 159-құжат):
1) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жол қызметi объектiлерi мен жол сервисi объектiлерiн қоспағанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының бойындағы белдеуде ғимараттар мен құрылыстар салуға тыйым салынады. Жол сервисі объектілерін салу Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.";
2) 12-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:
"7-2) стандарттау жөніндегі құжаттар жобаларын өз құзыреті шегінде қарау, сондай-ақ ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, оларға өзекті сипат беру және олардың күшін жою жөніндегі ұсыныстар дайындау;";
3) 12-баптың 2-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"15) жобалау саласында қабылданған нормалар мен ұлттық стандарттардың, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау кезiнде талап етiлетiн сапаның сақталуын қамтамасыз ету;";
4) 19-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"19-1-бап. Техникалық реттеу және стандарттау объектілері
Автомобиль жолдары, жол-құрылыс материалдары, автомобиль жолдарын жобалау, салу (реконструкциялау, жөндеу) мен пайдалану процестерi техникалық реттеу және стандарттау объектiлерi болып табылады.";
5) 19-4-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақпараттық көрсеткiштер мен белгiлер қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келуге тиiс.".
17. "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 23-II, 172-құжат):
1) 14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 34-30) тармақшамен толықтырылсын:
"34-30) стандарттау жөніндегі құжаттар жобаларын құзыреті шегінде қарау, сондай-ақ ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, оларға өзекті сипат беру және олардың күшін жою бойынша ұсыныстар дайындау;";
2) 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ұлттық инфрақұрылым операторы Техникалық пайдалану қағидаларының, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу, стандарттау, денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сай келмейтiн жылжымалы құрамды магистральдық теміржол желісіне жiбермеуге мiндеттi.
Тасымалдаушы пайдаланылатын жылжымалы құрамның техникалық пайдалану қағидаларының, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу, стандарттау, денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз етуге міндетті.";
3) 31-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Инфрақұрылым объектілерін, құрылыстарды, теміржол көлігінің жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалау, жасау, пайдалану, тасымалдау, сақтау, жөндеу және кәдеге жарату процестері Техникалық пайдалану қағидаларына, техникалық регламенттерге, стандарттау жөніндегі құжаттарға, пайдалану құжаттамасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.";
4) 88-4-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) өз құзыретi шегiнде тексеру нәтижелерi бойынша актiлер жасауға және Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, стандарттау жөніндегі құжаттардың және көлiктiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын нормалардың талаптарын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар енгiзуге;".
18. "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат):
1) 4-баптың 3-тармағында:
40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"өз құзыретi шегiнде тексеру нәтижелерi бойынша актiлер жасау және Қазақстан Республикасының заңнамасын, су көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын нормаларды анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар енгiзу;";
мынадай мазмұндағы 40-1) тармақшамен толықтырылсын:
"40-1) стандарттау жөніндегі құжаттар жобаларын құзыреті шегінде қарау, сондай-ақ ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, оларға өзекті сипат беру және олардың күшін жою бойынша ұсыныстар дайындау;";
2) 8-1-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектiлерi:".
19. "Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат):
6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
"22-1) стандарттау жөніндегі құжаттар жобаларын құзыреті шегінде қарау, сондай-ақ ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, оларға өзекті сипат беру және олардың күшін жою бойынша ұсыныстар дайындау;".
20. "Геодезия және картография туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат):
1) 6-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) стандарттау жөніндегі құжаттар жобаларын құзыреті шегінде қарау, сондай-ақ ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, оларға өзекті сипат беру және олардың күшін жою бойынша ұсыныстар дайындау;";
2) 9-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес геодезиялық өлшеу құралдарының бiрлiгi мен дәлдiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға;";
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"геодезиялық және картографиялық жабдыққа, аспаптар мен саймандарға метрологиялық бақылау жүргiзуге құқығы бар.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Топографиялық-геодезиялық және картографиялық мақсаттағы өлшеу құралының түрін бекіту (метрологиялық аттестаттау) туралы шет мемлекет берген сертификат ол Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес танылған жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп есептеледi.".
21. "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 123-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 11-құжат; № 22-II, 145-құжат):
8-бап мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
"22-1) стандарттау жөніндегі құжаттар жобаларын құзыреті шегінде қарау, сондай-ақ ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, оларға өзекті сипат беру және олардың күшін жою бойынша ұсыныстар дайындау;".
22. "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 172-құжат):
1) 1-бапта:
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) кондициясына жеткiзiлмеген тұқым – сорттық және егу сапасы жағынан тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау жөнiндегi құжаттардың талаптарына сай келмейтiн тұқым;";
31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"31) тұқым сараптамасы – тұқымдардың сорттық және егу сапасының техникалық регламенттердiң және тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау жөнiндегi құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн анықтау жөнiндегi iс-шаралар кешенi;";
2) 6-баптың 1-тармағында:
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) ұлттық стандарттау органына тұқым шаруашылығы саласындағы қолданыстағы ұлттық стандарттар мен басқа да стандарттау жөнiндегi құжаттарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;";
13-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13-1) табиғи-климаттық жағдайлар бойынша қолайсыз жылдарда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының өтiнiштерi негiзiнде тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттарда және стандарттау жөніндегі өзге де құжаттарда белгiленген тұқым сапасының көрсеткiштерiн бiр жылдан аспайтын мерзімге төмендетуді келіседі;"
3) 9-баптың 3-тармағында:
2) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалар аттестаттаған тұқымдардың сорттық және себу сапасына сараптама жүргiзуiн, олардың тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен стандарттау жөніндегі құжаттарды сақтауын:";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, стандарттау жөніндегі құжаттарды және өзге де нормативтік құжаттарды сақтауын бақылауды қамтиды.";
4) 13-баптың 2-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-2. Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 13-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен келісу бойынша тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттарда және стандарттау жөніндегі өзге де құжаттарда белгіленген көрсеткіштерге қарсы төмендетілген сапа көрсеткіштері бар ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын өткізуге және егу (отырғызу) үшін пайдалануға жол беріледі.";
5) 19-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасына әкелiнетiн және Қазақстан Республикасынан әкетiлетiн тұқым топтарына олардың сорттық және егу сапасын куәландыратын құжаттары қоса берілуге және олар техникалық регламенттерде және тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау жөнiндегi құжаттарда белгiленген талаптарға сай болуға тиiс.";
6) 21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ауыл шаруашылық өсiмдiктерi тұқымдарының сорттық сапасын анықтау нормативтік құқықтық актілерде, стандарттау жөніндегі құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес егiстердi байқаудан өткiзу, жерге егiп бағалау және зертханалық сорттық сынақтар арқылы жүргiзiледi және аттестатталған тұқым өндiрушiлер үшiн мiндеттi болып табылады.".
23. "Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 88-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 23-I, 169-құжат):
1) 1-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi – стандарттау жөнiндегi құжаттарға сәйкес келетiн темекi өнiмдерiн дайындауды қамтамасыз ететiн технологиялық процестер жиынтығы;";
2) 6-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) стандарттау және өлшеу құралдарының бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес келетiн жабдықта;".
24. "Автомобиль көлiгi туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 170-құжат):
1) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеу құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, техникалық реттеу, стандарттау, Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүргізу арқылы жүзеге асырылады.";
2) 13-бап мынадай мазмұндағы 17-2) тармақшамен толықтырылсын:
"17-2) стандарттау жөніндегі құжаттар жобаларын құзыреті шегінде қарайды, сондай-ақ ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, оларға өзекті сипат беру және олардың күшін жою бойынша ұсыныстар дайындайды;";
3) 19-12-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Автомобиль көлiгi саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектiлерi:".
25. "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-IV, 113-құжат):
32-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қауіпсіздік талаптарына сай келетін және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына және стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес келетін тиісті сападағы тауарлар Қазақстан Республикасының ішкі нарығында айналымға жатады.";
2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) стандарттау жөніндегі құжаттың аталуы;";
2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес өзге де мәліметтер.".
26. "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат):
1) 2-баптың 46) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"46) радиобақылау – радиосәуле таратуды техникалық бақылауды орындау, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға инспекция жасау, радиобөгеуіл көздерінің әсерін, радиожиіліктердің пайдаланылу тәртібін, стандарттау жөніндегі құжаттар мен радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың сәуле тарату өлшемшарттарына нормаларды бұзушылықтарын анықтау және олардың жолын кесу арқылы бөгеуілдері рұқсат етілетін деңгейдегі радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың пайдаланылуын қамтамасыз ететін шаралар жүйесі;";
2) 8-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды бөліп беруді және пайдалануды қоса алғанда, байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы өлшем бірлігін және стандарттауды техникалық реттеу, қамтамасыз ету саласында қатысу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;";
мынадай мазмұндағы 19-18) тармақшамен толықтырылсын:
"19-18) стандарттау жөніндегі құжаттар жобаларын құзыреті шегінде қарау, сондай-ақ ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, оларға өзекті сипат беру және олардың күшін жою бойынша ұсыныстар дайындау;";
3) 9-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттау жөніндегі құжаттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қауіп төндірген жағдайда, сондай-ақ аса маңызды жұмыстар мен іс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындаған кезде оларды пайдалануды тоқтата тұру;";
4) 11-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Радиоэлектрондық құралдар және жоғары жиiлiктi құрылғылар келтiретiн индустриялық бөгеуiлдер деңгейi радиоэлектрондық құралдардың және жоғары жиiлiктi құрылғылардың осы түрлерi үшін техникалық регламенттер мен стандарттау жөнiндегі құжаттарда белгiленген нормалардан аспауға тиiс.";
5) 28-5-баптың 1-тармағы алтыншы бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) бөгеуiл жасалып отырған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың иелерi радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың техникалық өлшемшарттарының, оның iшiнде қабылдау құрылғыларының таңдау және қорғаныш қасиеттерiнiң нормалар мен стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкестiгiне көз жеткiзуi қажет. Егер олар нормаларға сәйкес болмаса, радиоэлектрондық құралдардың иелерi сипаттамаларды нормаларға сәйкес келтiру жөнiнде шаралар қабылдауға немесе радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды ауыстыруға тиiс. Басқа радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың сәуле таратуы салдарынан бөгеуiл туындаған кезде бөгеуiл жасалып отырған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың иелерi уәкiлеттi органға жүгiнедi;";
6) 29-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Үйлердi, ғимараттарды, жолдарды, көпiрлердi және басқа да объектiлердi салу немесе реконструкциялау кезiнде байланыс желiлерiн қайта салу мен көшiру жөнiндегi жұмыстар стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес және байланыс желiлерiнiң меншiк иелерi және (немесе) пайдаланушылар беретiн техникалық шарттар бойынша құрылысқа тапсырыс берушiнiң есебiнен орындалады.";
7) 31-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Елдi мекендердi жаңадан салумен, кеңейтумен, реконструкциялаумен, жердi игерумен, мелиорация жүйелерiн қайта орналастырумен, пайдалы қазбаларды шығарумен тудырылған байланыс құрылыстарын көшiрудi немесе қайта орналастыруды құрылысқа тапсырыс берушілер стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес және байланыс желiлерiн иеленушiлердiң және (немесе) пайдаланушылардың техникалық шарттары бойынша өз есебiнен жүргiзедi. Бұл ретте байланыс құралдарының қуатын ұлғайту байланыс құрылыстары меншiк иелерiнiң есебiнен жүзеге асырылады.";
8) 35-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Байланыс операторлары пайдаланушыларға сапасы жағынан стандарттау жөніндегі құжаттарға, техникалық нормаларға, байланыс қызметтерiн көрсету шартының талаптарына сәйкес келетiн байланыс қызметтерiн көрсетуге мiндеттi.".
27. "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 170-құжат):
1) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) стандарттау жөніндегі құжаттар жобаларын құзыреті шеңберінде қарау, сондай-ақ ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, оларға өзекті сипат беру және олардың күшін жою бойынша ұсыныстар дайындау;";
2) 15-1-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"15-1-бап. Iшкi су көлiгi саласындағы техникалық реттеу және стандарттау";
2-тармақтың екінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) ішкі су көлігі кемелерін жою және кәдеге жарату техникалық реттеу және стандарттау объектілері болып табылады.".
28 "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 131-құжат):
1) 3-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) электр энергетикасы саласындағы техникалық реттеуді және стандарттауды;";
2) 9-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Электр жабдығы, электр және жылу желiлерi, электр және жылу энергиясын өндiруге, беру мен пайдалануға арналған тұтынушылар қондырғылары, электр және жылу энергиясы техникалық реттеу және стандарттау объектiлерi болып табылады.";
3) 9-3-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және оның аумағына әкелiнетiн электр-техникалық жабдық пен материалдар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиiс.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестiгi расталуға жататын электр станцияларының, электр және жылу желiлерiнiң жабдығын, тұтынушылардың қондырғыларын сәйкестiктi растау саласындағы құжатсыз пайдалануға беруге жол берiлмейдi.";
4) 12-баптың 2-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) техникалық регламенттерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес электр энергиясының сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) техникалық регламенттердiң, стандарттау жөніндегі құжаттардың және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес негiзгi және қосалқы жабдықты, аварияға қарсы және режимдiк автоматика, релелiк қорғау, диспетчерлiк технологиялық басқару құралдарын жұмыс жағдайында ұстауға;".
29. "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат):
1) 1-бапта:
4-1), 5-1), 9-1), 11-1), 17), 17-2) 18-2), 22), 38), 39), 40), 40-1), 41), 42), 49), 51), 52), 53-1), 54) және 55) тармақшалар алып тасталсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) көрсетілетін қызмет – нәтижелерінен материалдық дүние көрініс таппайтын, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;";
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі – техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың жиынтығы;";
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімі – техникалық регламенттерді және нормативтік техникалық құжаттарды, сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын, сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды және сәйкестікті растау саласындағы берілген құжаттарды есепке алу құжаты;";
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) мүдделi тараптар – қызметi техникалық регламенттердi әзiрлеумен тiкелей байланысты жеке тұлғалар және заңды тұлғалар, сондай-ақ қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де тұлғалар;";
31-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"31-1) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар – уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен аттестатталған жеке тұлғалар;";
53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"53) өзара байланысты стандарт – техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін ұлттық стандарт;";
2) 3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Заң өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң процестерiне (бұдан әрi – процестер) қойылатын мiндеттi талаптарды айқындау, белгiлеу, қолдану және орындау, олардың сәйкестігін растау, аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк бақылау бойынша қоғамдық қатынастарды реттейдi.";
3) 4-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасының бесінші бөлігі "саудадағы техникалық кедергілерді жою болып табылады." деген сөздермен ауыстырылып, 2) тармақша алып тасталсын;
2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық регламенттердiң және олар туралы, оларды әзiрлеу, бекiту, жариялау тәртiбi туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;";
2-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;
4) 5-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
"3-2) Ұлттық стандарттау органы;";
6) тармақша алып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-ayдиторлар құрайды.";
9) тармақша алып тасталсын;
5) 7-бапта:
бірінші бөлікте:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді, сәйкестiктi растау нәтижелерiн өзара тану жөнiндегi жұмыстарға қатысады;";
8-1) және 9) тармақшалар алып тасталсын;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау тәртібін әзірлейді және оларды ұйымдастырады, сондай-ақ оларға қойылатын рұқсат беру талаптарын әзірлейді;";
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті ұйымның қызметін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына және уәкілетті органның (ұйымның) қызметін ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына жыл сайынғы тексеруді жүргізу, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының және (немесе) шетел тауарының мәртебесін айқындау арқылы бақылауды жүзеге асырады;";
15), 20), 25) тармақшалар алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
6) 8-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
2), 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен техникалық регламенттердi немесе техникалық регламенттерге өзгерiстер және (немесе) толықтыруларды әзiрлеу туралы ұсыныстар дайындау мен енгiзудi;
3) техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды;";
5), 6), 7) тармақшалар алып тасталсын;
6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6-1) техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді және орындауды;";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) сәйкестiктi растау жөніндегі органдарды және сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнiм жөніндегі зертханаларды құру бойынша ұсыныстар түрде дайындауды;";
9) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
7) мынадай мазмұндағы 8-2-баппен толықтырылсын:
"8-2-бап. Ұлттық стандарттау органының өкілеттіктері
Ұлттық стандарттау органы:
1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
2) техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысады;
3) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";
8) 11-бап алып тасталсын;
9) 14-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) техникалық регламенттерді, техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзiрлеу, өзгерту, күшiн жою бойынша ұсыныстарды дайындайды;
2) қажет болған жағдайда осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарда тиiстi бөлiмшелер мен қызметтердi құрады.";
10) 15-бап алып тасталсын;
11) 16-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"16-1-бап. Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ
тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау
жөнiндегi сараптама ұйымы және сарапшы-аудиторлар
1. Сараптама ұйымы тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар жасаған тауардың шығарылуы туралы, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау туралы сараптама актiлерiн куәландырады және бередi.
2. Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар өз қызметiн бiр сараптама ұйымының құрамында жүзеге асырады.
3. Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттауды уәкiлеттi орган құратын тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссия жүзеге асырады.
Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссияның құрамына тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар, уәкiлеттi органның, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де ұйымдардың өкiлдерi кіреді.
Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.
4. Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар өз қызметiн уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.
5. Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларға, егер тауар туралы ұсынылған деректер бұрмаланған және (немесе) анық емес болса, тауардың шығарылуы туралы, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау туралы сараптама актiлерiн жасауға тыйым салынады. Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссия құрамына тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, уәкілетті органның, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Ұлттық стандарттау органның және өзге де ұйымдардың өкілдері кіреді.";
12) 17-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Егер өнімді өндіру кезінде өзара байланысты стандарттар пайдаланылған болса, техникалық регламенттер талаптары орындалған болып саналады.
Өзара байланысты стандарттарды талдау мен жүйеге келтіруді Ұлттық стандарттау органы Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Өнімді өндіру кезінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптар мен нормалардың орындалуы қамтамасыз етілген жағдайда өзге де стандарттарды пайдалануға болады.";
13) 18-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Техникалық регламенттерде өнімдердің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар белгіленеді.";
14) 19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Техникалық регламенттерді әзірлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшін жою жөніндегі ұсыныстарды құзыретіне міндетті қағидалар мен нормаларды белгілеу кіретін мемлекеттік органдар стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Ұлттық стандарттау органының, мүдделі тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды және уәкілетті органға береді.";
15) 20, 21, 21-1, 21-2, 22, 23, 24, 25, 25-1-баптар алып тасталсын;
16) 26-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Мемлекеттік құпияларды қорғау талаптары бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау құралдарын сертификаттау мемлекеттік құпиялар туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.";
17) 27-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Өнiмнiң сәйкестiгiн мiндеттi түрде растау техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiкке жүзеге асырылады.";
18) 40-баптың 1-тармағының 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-1) тауар туралы деректері анық емес, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификатты, ішкі айналым үшін тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының және (немесе) шетелдік тауардың нысандарының қорытындысын беру тәртібін бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беруге;".
30. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 152-құжат; № 23-II, 170-құжат):
25-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ұлттық стандарттарға сәйкес елдi мекендердi жобалау, салу және оларда құрылыс жүргізу, тұрғын аудандарды қалыптастыру, жаңадан игерiлетiн және қайта салынатын аумақтар мен басқа елдi мекендердi абаттандыру кезiнде мүгедектердiң тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндiрiстiк ғимараттарға, құрылыстарға және үй-жайларға кiрiп-шығуын;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар ұлттық стандарттарға сәйкес мүгедектерге ортақ пайдаланылатын көлiк құралдарына, тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістiк ғимараттарға, құрылыстарға және үй-жайларға кедергiсiз кiрiп-шығуына, әуежайларда, темiр жол вокзалдарында, автовокзалдарда, автостанцияларда, теңiз және өзен порттарында еркiн бағдар ұстануы мен жүрiп-тұруына жағдай жасауға мiндеттi.".
31. "Мақта саласын дамыту туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 130-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат):
1) 1-бапта:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) мақтаның сапасы – стандарттау жөнiндегi құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн айқындайтын мақтаның тұтыну қасиеттерiнiң жиынтығы;";
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"18) мақта талшығы бумасы – стандарттау жөнiндегi техникалық регламенттер мен құжаттардың талаптарын сақтай отырып, шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеу нәтижесiнде алынған мақта талшығының ерекше тәсілмен нығыздалған белгiлi бiр көлемi;";
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"20) мақта талшығы сапасының паспорты – мақта талшығы сапасының нақты көрсеткiштерiн және олардың стандарттау жөнiндегi құжаттар және (немесе) келiсiмшарттар талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжат;";
2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"3-бап. Мақта саласын мемлекеттік реттеудің мақсаты
Мақта саласын мемлекеттік реттеудің мақсаты ғылыми негізделген инновациялық технологияларды енгізу, мақта шаруашылығын техникалық реттеу, стандарттау және индустрияландыру, оны тоқыма және тамақ өнеркәсібімен интеграциялау негізінде отандық мақта саласын дамыту, бәсекеге қабілеттілігін арттыру, мақта нарығына қатысушылар арасындағы қатынастарды реттеу болып табылады.";
3) 7-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"14) техникалық регламенттерді әзірлеу, стандарттау жөніндегі құжаттарға өзекті сипат беру және оларды біріздендіру туралы ұсыныстарды дайындау және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу және стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу;";
4) 8-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) уәкілетті органға стандарттау жөніндегі құжаттарды, мақта саласын дамыту жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;";
5) 12-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мақта дайындау ұйымы нормативтік құқықтық актілерде, техникалық регламенттерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес шитті мақта сатып алуды және дайындауды жүзеге асырады.";
6) 13-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мақтаны қабылдау және сақтау шарттарын орындауға және нормативтік құқықтық актілерде, техникалық регламенттерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті қамтамасыз етуге;".
32. "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 133-құжат; 2009 ж., № 18, 86-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 70-құжат):
1) 14-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Байыту (фортификациялау) әдістері және тамақтық азық-түлікті байыту (фортификациялау) процесінде пайдаланылатын материалдар мен бұйымдар нормативтік техникалық құжаттаманың талаптарына, санитарлық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларға және стандарттау жөніндегі өзге де құжаттарға сәйкес болуға тиіс.";
2) 26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Экологиялық таза тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), таңбалау экологиялық таза тамақ өнімдерін өндіруді (дайындауды) стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.".
33. "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 137-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат):
1-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"12) машиналар мен жабдықтардың сәйкестігін растау - нәтижесі машиналардың және (немесе) жабдықтардың техникалық регламенттерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда немесе шарттар талаптарында белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын рәсім;".
34. "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 59-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат):
1) 1-баптың 15-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"15-2) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшы – уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен аттестатталған жеке тұлға;".
35. "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 5, 22-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-IV, 113-құжат):
1) 16-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган әзірлеген ұлттық сыныптауыштарды қолдануға;";
2) 23-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Статистикалық қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен статистикалық сыныптауыштардың қолданылуы міндетті.".
36. "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 9, 43-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат):
1-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) кемшілік – тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) техникалық регламенттердің, стандарттау жөніндегі құжаттардың міндетті талаптарына, шарттың талаптарына, сондай-ақ тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы сатушы (дайындаушы, орындаушы) ұсынған ақпаратқа сәйкес келмеуі;".
37. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 11, 52, 57-құжаттар; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 жылғы 23 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 22 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 18-бап мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
"18-1) құзыреті шеңберінде стандарттау жөніндегі құжаттар жобаларын қарау, сондай-ақ ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, оларға өзекті сипат беру және олардың күшін жою бойынша ұсыныстар дайындау;";
2) 19-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) құзыреті шеңберінде стандарттау жөніндегі құжаттар жобаларын қарау, сондай-ақ ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, оларға өзекті сипат беру және олардың күшін жою бойынша ұсыныстар дайындау;";
3) 20-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
"12-1) құзыреті шеңберінде стандарттау жөніндегі құжаттар жобаларын қарауды, сондай-ақ ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, оларға өзекті сипат беру және олардың күшін жою бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;";
4) 76-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) егер осы көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының бейрезиденттері орындайтын біртектес жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің стандарттау жөніндегі құжаттарға, бағалық және сапалық сипаттамаларына сәйкес келсе, әуе, темір жол, су және басқа да көлік түрлерін пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушілерін міндетті түрде тартуға;".
38. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 170-құжат; № 23-II, 172-құжат):
7-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттары реттелуі Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын стандарттау жөніндегі құжаттарға жатпайды.".
39. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; 2015 ж., № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 19-II, 105-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; № 23-II, 172-құжат):
134-баптың 2-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"15) техникалық реттеу, стандарттау және метрология саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;".
40. "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-I, 169-құжат):
1) 1-бапта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) қанықпаған мұнай өнімі – нормативтік техникалық құжаттар және стандарттау жөніндегі құжаттар талаптарын қанағаттандырмайтын мұнай өнімі;";
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) мұнай өнімдерін өндіру – мұнай өнімдерін алуды қамтамасыз ететін шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) оларды қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі, сондай-ақ компаундтеу жөніндегі жұмыстар кешені;";
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"23) мұнай өнімдерінің базасы – мұнай өнімдерін қабылдауға, сақтауға, тиеп-жөнелтуге және өткізуге арналған технологиялық жабдықты, резервуар паркін, техникалық құрылғылар мен коммуникацияларды қамтитын ғимараттар мен құрылыстар кешені;";
2) 4-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы техникалық реттеу және стандарттау;";
3) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мұнай өнімдері, сондай-ақ оларды өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері мұнай өнімдерін өндіру мен оның айналымы саласындағы техникалық реттеу мен стандарттау объектілері болып табылады.".
41. "Ғарыш қызметі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 92-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 7-II, 56-құжат):
9-баптың 1-тармағының 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"18) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес ғарыш қызметі саласындағы техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар әзірлеуді ұйымдастырады;".
42. "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 20-IV, 113-құжат):
6-бап мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
"16-1) құзыреті шеңберінде стандарттау жөніндегі құжаттар жобаларын қарауды, сондай-ақ ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, оларға өзекті сипат беру және олардың күшін жою бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;".
43. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат):
1) 12-баптың 1-тармағында:
34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"34) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік актілерінің және нормативтік техникалық құжаттарының жобаларын әзірлейді, бекітеді және келіседі;";
мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:
"34-1) құзыреті шеңберінде стандарттау жөніндегі құжаттар жобаларын қарауды, сондай-ақ ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, оларға өзекті сипат беру және олардың күшін жою бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;";
2) 12-2-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік актілерінің және нормативтік техникалық құжаттарының жобаларын әзірлейді, бекітеді және келіседі;";
3) 13-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) нормативтерді, нормативтік техникалық құжаттар мен қағидаларды әзірлейді, бекітеді және (немесе) келіседі, азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік салалық есепке алуды жүргізеді және осы деректерді уәкілетті органға ұсынады;";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) құзыреті шеңберінде стандарттау жөніндегі құжаттар жобаларын қарауды, сондай-ақ ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, оларға өзекті сипат беру және олардың күшін жою бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;";
4) 65-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"65-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және
стандарттау объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау
және шығару кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары
Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау және шығару кезінде:
1) өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілерін орналастыру;
2) өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілерін қолдану;
3) өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілерін өрт сөндіру-техникалық тұрғыдан жіктеу;
4) өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілерін өрт сөндіру деполары ғимараттарымен және құрылыстарымен қамтамасыз ету;
5) адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6) өрттің таралуын болғызбау;
7) өрт сөндіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
8) өрт сөндіру кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі талаптар сақталуға тиіс.";
5) 66-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"66-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және
стандарттау объектілерін пайдалану, сақтау, тасымалдау,
қолдану және іске асыру кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары";
бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілерін пайдалану, сақтау, тасымалдау, қолдану және іске асыру кезінде:".
44. "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж. № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 144-құжат):
1) 1-баптың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"19) жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдары – жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолдың өткізу қабілетін арттыру үшін жолдарда қолданылатын құрылғылардың, құрылыстардың және бейнелердің кешені;";
2) 10-бап мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
"14-1) құзыреті шеңберінде стандарттау жөніндегі құжаттар жобаларын қарауды, сондай-ақ ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, оларға өзекті сипат беру және олардың күшін жою бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;";
3) 24-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Дара кәсіпкерлер, жеке және заңды тұлғалар жол жүрісі саласындағы нормалардың, қағидалардың, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың сақталуы тұрғысынан бақылауға жатады.
4. Уәкілетті орган лауазымды адамдарға және өзге де адамдарға жол жүрісін ұйымдастыру және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасында қолданылатын қағидалардың, нормативтер мен ұлттық стандарттардың талаптарын, сондай-ақ механикалық көлік құралдарының экологиялық қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар береді, ал осы нұсқамалар бойынша қажетті шаралар қолданылмаған жағдайда, кінәлі адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартады.";
4) 25-баптың 3-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) қолданылуы стандарттау жөніндегі құжаттарда регламенттелген және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттамада көзделген техникалық құралдарды, құрылғылар мен конструкцияларды пайдаланады;";
5) 35-баптың 1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"өз құзыреті шегінде уәкілетті органдарға жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру және қағидаларды, стандарттау жөніндегі құжаттарды, техникалық нормаларды және басқа да нормативтік құжаттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;"
6) 37-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылыстарын ұлттық стандарттардың, нормалар мен қағидалардың талаптарына сәйкес жол жүрісіне қауіпсіз күйде күтіп-ұстауға;";
7) 42-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) адам факторлары мен көлік құралдарының конструкциясын ескеріп және интеграциялай отырып, қауіпсіз жолдарды жобалау мен пайдалануға қатысты ұлттық стандарттарды әзірлеу және пайдалануға жәрдемдесу;";
8) 73-баптың ескертпелеріндегі 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы бапта санамаланған көлік құралдарының және олардың өздігінен жүретін шассилерінің сыныптамасы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес айқындалады.";
9) 91-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) техникалық қарап тексеру орталықтарының өндірістік үй-жайы мен аумағының ұлттық стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге;".
45. "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 10, 49-құжат; № 15, 78-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат):
2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Заңның күші реттелуі стандарттау саласындағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын стандарттау жөніндегі құжаттарға, сондай-ақ қаржылық есептілік стандарттарына қолданылмайды.".
46. "Өзін-өзі реттеу туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-І, 127-құжат):
20-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттары Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға, іскерлік этика қағидаларына сәйкес келуге, өзін-өзі реттеудегі мүдделер қақтығысын жоюға немесе азайтуға тиіс.".
47. "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 155-құжат):
11-баптың 2-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында стандарттау жөніндегі құжаттаманы әзірлейді;".
48. "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-I, 46-құжат):
1) 2-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "реттемейді" деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) Қазақстан Республикасының стандарттау туралы заңнамасында белгіленген стандарттау жөніндегі құжаттарды (міндетті ұлттық стандарттар мен ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін қоспағанда) жоспарлау, әзірлеу, бекіту, тіркеу, есепке алу, жариялау, мониторингілеу және оларға өзекті сипат беру тәртібін реттемейді.";
2) 25-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Стандарттау жөніндегі құжаттың түрі ғана көрсетілетін заңнамалық актілерді қоспағанда, нормативтік құқықтық актілерде стандарттау жөніндегі құжаттарға сілтеме жасау кезінде олардың атауы көрсетіледі.
Стандарттау жөніндегі сілтеме жасайтын құжаттарды қолдану тәртібін стандарттау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.".
49. "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 1, 3-құжат):
12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сараптама жүргізу қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қолданылатын стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес сараптама өтеулі негізде жүргізіледі.".
2-бап. Осы Заң 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 11-тармағы 13) тармақшасының оныншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |