Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Астана қаласының шекарасы оның шегіне жалпы алаңы 8 719 гектар Ақмола облысының Целиноград ауданы жерінің бір бөлігін қоса отырып өзгертілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н.Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы № Жарлығына қосымша |
Астана қаласының шегіне қосылатын Ақмола облысы жерлері бөлігінің экспликациясы
га
Р/с | Ауданның атауы | Барлық жер | оның ішінде: | ||||
ауыл шаруашылығы алқаптары |
басқа | ||||||
егістіктер | тыңайған жерлер | шабындықтар | жайылымдар | ||||
1. | Целиноград: | ||||||
1.1 | Астана халықаралық әуежайының учаскесіне іргелес, Астана қаласының оңтүстік-шығыс шекарасы: Талапкер және Қабанбай батыр ауылдық округтері жерлерінің бір бөлігі | 7 300,0 | 1 470,9 | 305,0 | 4,9 | 2 512,2 | 3 007,0 |
1.2 | Астана қаласының шекарасынан оңтүстік-батысқа қарай 13,2 километр, жолақ учаске арқылы: Қабанбай батыр ауылдық округі жерінің бір бөлігі | 959,0 | 26,5 | - | 41,0 | 859,5 | 32,0 |
1.3 | Астана қаласының солтүстік-батыс шекарасы, жолақ учаске арқылы, Астана-Көкшетау тас жолынан солға қарай 2 километр: Талапкер ауылдық округі жерінің бір бөлігі | 460,0 | - | 403,7 | 0,4 | 45,2 | 10,7 |
Барлығы: | 8 719, 0 | 1 497,4 | 708,7 | 46,3 | 3 416,9 | 3 049,7 |