"Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы №474 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 2 ақпандағы № 32 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 474 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 446-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидасында:

       5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген айырманы өтеу жылына бір рет жүзеге асырылатын өкілдік керек-жарақ құнының жыл сайынғы ақшалай өтемақысын және жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалысында жол жүру бойынша шығыстарды өтеуді қоспағанда, жылына екі рет жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Штаб-пәтерлері Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне Заңның 25-бабының 2, 3, 5-тармақтарда көзделген айырманы өтеу жүргізілмейді.";

       6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Халықаралық ұйымның қызметкері айырма өтемін алу үшін болу мемлекетінде шет елдегі мекемеге тиісті халықаралық ұйымның осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтамасын:

      1) медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша шығыстарды;

      2) лауазымға тағайындалған кезде халықаралық ұйымға жұмысқа жіберілуіне, жұмыс мерзімі аяқталған соң халықаралық ұйым қызметкерінің қайтып оралуына, сондай-ақ жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалысының берілуіне не отбасы мүшелері бірінің қайтыс болуына байланысты көліктік шығыстарды;

      3) халықаралық ұйымда жұмыс істеген кезеңде балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру жөніндегі шығыстарды;

      4) өкілдік керек-жарақ құнының жыл сайынғы ақшалай өтемақысын төлеуге алынған нақты қаражат сомасын міндетті түрде көрсете отырып ұсынады.

      Егер жоғарыда келтірілген шығыстардың қандай да бірі бойынша қаражат халықаралық ұйымда бөлек төленбесе және жалақысының бір бөлігі болып табылса, бұл сома да ұсынылатын анықтамада бөлек көрсетілуі табуы тиіс.

      Халықаралық ұйымның қызметкері ұсынатын анықтамаға халықаралық ұйымның қаржы қызметінің басшысы қол қояды және оның мөрімен куәландырылады.

      Анықтама халықаралық ұйым қызметкері айырманы өтеу үшін шет елдегі мекемеге жүгінгеніне дейін күнтізбелік 30 күннен бұрын берілмеуі тиіс.";

       10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Шет елдегі мекеме Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жылына екі рет, 15 маусымға және 15 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықаралық ұйымның әрбір қызметкері бойынша өткен кезеңдегі төлемдер жөнінде есеп береді.";

      көрсетілген Қағидаға қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаға 2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев



Қазақстан Республикасы


Үкіметінің


2017 жылғы 2 ақпандағы


№ 32 қаулысына


1-қосымша



Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында


болған лауазымды адамдарға


айырманы өтеу қағидасына


1-қосымша




Нысан

Анықтама

      1. Халықаралық ұйым қызметкерінің Т.А.Ә (болған кезде):________________

      2. Халықаралық ұйымның атауы:______________________________________

      3. Халықаралық ұйымдағы лауазымы: _________________________________

      4. Есепті кезең: _______________бастап__________________________дейін

      5. Валюта атауы ( АҚШ доллары/еуро): _______________________________

Р/с




Төлемдердің атауы


Халықаралық ұйымдағы төлемдер сомасы


Ескертпе


1


2


3


4


1


Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша шығыстар




2



Лауазымға тағайындалған кезде халықаралық ұйымға жұмысқа жіберілуіне, жұмыс мерзімінің аяқталуы кезінде халықаралық ұйым қызметкерінің қайтып оралуына, жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалысының берілуіне, отбасы мүшелері бірінің қайтыс болуына байланысты көліктік шығыстар




3


Балаларды оқыту бойынша шығыстар, оның ішінде:




мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша шығыстар




бастауыш білім беру бойынша шығыстар




негізгі орта білім беру бойынша шығыстар




жалпы орта білім беру бойынша шығыстар




4


Өкілдік керек-жарақ құнының жыл сайынғы ақшалай өтемақысы




"Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 7-12-тармақтарында көзделген оқиғалар болған жағдайда қосымша


5





Барлығы




      Халықаралық ұйымның

       қаржы қызметінің басшысы ____________________________

      (Т.А.Ә) (болған кезде), қолы)

      М.О.


Қазақстан Республикасы


Үкіметінің


2017 жылғы 2 ақпандағы


№ 32 қаулысына


2-қосымша



Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында


болған лауазымды адамдарға


айырманы өтеу қағидасына


2-қосымша




Нысан

      Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің атауы

Төлемдер бойынша есеп

      1. Халықаралық ұйым қызметкерінің Т.А.Ә: (болған кезде)________________

      2. Халықаралық ұйымның атауы: _____________________________________

      3. Халықаралық ұйымдағы лауазымы:__________________________________

      4. Есепті кезең: _________________ бастап_______________________ дейін

      5. Валюта атауы ( АҚШ доллары/еуро):________________________________

Р/с


Төлемдердің атауы


Теңестірілген лауазым бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіндегі төлемдер сомасы

Халықаралық ұйымдағы төлемдер сомасы


Бюджет қаражаты есебінен өтеуге жататын айырма сомасы


1


2


3


4


5


1


Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша шығыстар





2


Лауазымға тағайындалған кезде халықаралық ұйымға жұмысқа жіберілуіне, жұмыс мерзімінің аяқталуы кезінде халықаралық ұйым қызметкерінің қайтып оралуына, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының берілуіне, отбасы мүшелері бірінің қайтыс болуына байланысты көліктік шығыстар








3






Балаларды оқыту бойынша шығыстар, оның ішінде:








Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша шығыстар








Бастауыш білім беру бойынша шығыстар








негізгі орта білім беру бойынша шығыстар








жалпы орта білім беру бойынша шығыстар








4


Өкілдік керек-жарақ құнының жыл сайынғы ақшалай өтемақысы









"Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 7-12 тармақтарында көзделген оқиғалар болған жағдайда қосымша

5

Барлығы





      Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің басшысы Қолы

      Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің бухгалтері Қолы

      Күні Мөрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады