"2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 39 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.


      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41-бабына сәйкес және "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген 2017 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 123, 124, 125, 126, 127, 128, 129, 130, 131 және 132-жолдармен толықтырылсын:

      "

123

Интернет желісінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу

Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірін жариялау. Қазақ тілді БАҚ-ты интернетте насихаттау, отандық интернет БАҚ-ты дамыту. Мемлекеттік тілді дамыту. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін интернетте жариялау. Қазақстанның мультимедиялық контентін жинақтау. Білім беруді, мәдени деңгейді, патриотизмді арттыру. Кітаптардың электрондық базасын құру, қазақ әдебиетін алға жылжыту. Елдің тарихи-мәдени мұрасын зерделеу және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді жаңғырту, "Қазақстан-2050" стратегиясының іске асырылу барысын жариялау

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

"Қазконтент" АҚ

003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" 100 "Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру"

1 090 135

124

"Хабар" агенттігі" АҚ арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу

"Хабар", "Хабар24", сондай-ақ "KazakhTV" арналары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

"Хабар" агенттігі" АҚ

003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" 100 "Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру"

13 783 194

125

"Қазақстан" РТРК" АҚ арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу

"Қазақстан", "Балапан", "KazSport", "Первый канал Евразия" телеарналары, облыстық телеарналар, "Қазақ радиосы", "Шалқар", "Астана", "Classic" радиолары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

"Қазақстан" республикалық телерадио корпорациясы" АҚ

003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" 100 "Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру"

18 470 336

126

"Мир" мемлекетаралық телерадиокомпаниясының Қазақстан Республика
сындағы ұлттық филиалы арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу

"Мир", "Мир 24" телеарналары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

"Мир" мемлекетаралық телерадиокомпаниясының Қазақстан Республикасындағы ұлттық филиалы

003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" 100 "Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру"

306 008

127

"Жас өркен" ЖШС арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу

"Ұлан", "Дружные ребята" газеттері, "Ақ желкен", "Балдырған" журналдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

"Жас өркен" ЖШС

003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" 100 "Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру"

102 566

128

"Қазақ газеттері" ЖШС арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу

"Ана тілі", "Экономика", "Ұйғыр айвази" газеттері, "Мысль", "Ақиқат", "Үркер" журналдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

"Қазақ газеттері" ЖШС

003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" 100 "Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру"

149 766

129

Бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу мәселелерін ақпараттық-талдамалық және әдістемелік сүйемелдеу

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Талдау және ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" 100 "Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру"

880 841

130

"Егемен Қазақстан" республика
лық газеті" АҚ арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер

"Егемен Қазақстан" газеті арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

"Егемен Қазақстан" республикалық газеті" АҚ

003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" 100 "Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру"

877 536

131

"Казахстанская правда" республикалық газеті" АҚ арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер

"Казахстанская правда" газеті арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

"Казахстанская правда" республикалық газеті" АҚ

003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" 100 "Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру"

721 152

132

"Қазақпарат" халықаралық ақпараттық агенттігі" ЖШС арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты интернет желісінде жүргізу

Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірін жариялау. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын және халықаралық аренадағы деңгейін көрсету.
Қазақстанның халықаралық оң имиджін қалыптастыру және сайттың барлық тілдік нұсқаларында насихаттау

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

"Қазақпарат" халықаралық ақпараттық агенттігі" ЖШС

003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" 100 "Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру"

499 680

       ".
      2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.


      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады