Мемлекеттiк мүлiктi республикалық меншiктен коммуналдық меншiкке берудiң кейбiр мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 50 қаулысы

       "Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жалпы құны 456960000 (төрт жүз елу алты миллион тоғыз жүз алпыс мың) теңгені құрайтын, 2015 жылғы "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының № 2 индустриялық паркі инфрақұрылымдық жоспарының жер пайдалану жоспарын жасау бойынша ұсынымдары бар есеп республикалық меншіктен "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті" мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетілген мүлікті қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады