Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысы.


      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы 71 қаулысына баспасөз релизі


      ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы №71 қаулысымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереже бекітілді.

      ҚР Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" №412 Жарлығына сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің атауы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті болып өзгертілді.

      ҚР Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетін қайта ұйымдастыру арқылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті (әрі қарай – ҚДҚК) ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бірқатар қызметтері қазіргі кезде ҚДҚК құзырына өткендіктен, комитеттің негізгі міндеттерінің бірі – медициналық қызметтердің сапасын бақылау болып табылады.

      Сонымен қатар, аталған комитетке МФҚБК-ның медициналық қызмет пен медициналық көмек көрсету сапасын бақылау мәселелері берілді.

      ҚДҚК-нің негізгі міндеті – қоғамдық денсаулық сақтау саласы саясатына сәйкес жұқпалы емес (диабет, қатерлі ісік аурулары және т.б.) және жұқпалы ауруларды, денсаулық сақтау қауіп-қатерлерінің факторларын бақылау болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз