Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы

Қатені түзеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысы (бұдан әрі - қаулы) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасының Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 412 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 20-37/И-51 тапсырмасына сәйкес әзірленді және қабылданды.

      Қаулымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) негізгі міндеттері мен функциялары анықтайтын Министрлік туралы ереже бекітілді.

      Сонымен қатар, Қаулымен келесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына:

      "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына Министрліктің бөлімімен толықтыру бөлігінде;

      "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін құру туралы" 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысына Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің құрамы бөлігінде;

      "Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысына Министрліктің бөлімімен толықтыру бөлігінде;

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына көші-қон саласындағы функцияларды беру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз