"Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 384 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары (бірінші кезең 2017 – 2019 жылдар) (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар (келісім бойынша):
1) Жоспарды іске асыру бойынша шаралар қабылдасын;
2) жыл қорытындылары бойынша қаңтардың 20-сынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияға Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 106 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары (бірінші кезең 2017 – 2019 жылдар)
Р/с№ | Іс-шара атауы | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзімі |
Болжамды шығыстар | Қаржыландыру көзі | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | ||
1. | ТДМ-ге және БҰҰ Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою комитетінің қорытынды ескертулеріне, сондай-ақ ЭЫДҰ елдерінің стандарттарына сәйкес келтіру үшін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасылық-гендерлік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу | Тұжырым-дама жобасы | Еңбекмині (жинақтау), ДСМ, ІІМ, Қорғанысмині, ҰЭМ, БҒМ, ИДМ, АШМ, АКМ, СІМ, МСМ, Қаржымині, Әділетмині, ДІАҚМ, МҚІСҚА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ЖС (келісім бойынша), ӘІОДСҰК (келісім бойынша) | 2017 жылғы қараша | - | талап етілмейді | ||
2. | Әкелердің балаларды тәрбиелеуге қатысуына тең құқықтарын сақтау деңгейін бағалау үшін неке бұзу процестері бойынша сот шешімдеріне мониторинг жүргізу | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | ЖС (келісім бойынша) | жыл сайын, желтоқсан | - | талап етілмейді | ||
3. | Балалы болуды жоспарлау және тәрбиелеу, ажырасулардың профилактикасы бойынша жас отбасыларға, отбасы жоқ жалғызбасты адамдарға психологтерді, медицина қызметкерлерін, мұғалімдерді, ақсақалдар кеңесін, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін де тарта отырып, психологиялық және консультативтік көмек көрсету жұмысын ұйымдастыру | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | Әділетмині (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
жыл сайын, | - | талап етілмейді | ||
4. | Еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінде "Мәңгілік ел" ұлттық идеясының негізінде егде жастағы адамдарды құрметтеу, қазақстандық патриотизм, азаматтық жауапкершілік және адамгершілік-рухани жетілу бойынша жоғары адамгершілік бағыттарды қалыптастыру жөніндегі клубтардың тиімді қызметін қамтамасыз ету | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | БҒМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
жыл сайын | - | талап етілмейді | ||
5. | Бірыңғай медиа-жоспар шеңберінде отбасылық құндылықтарды және гендерлік теңдікті ілгерілету тақырыбы бойынша ақпараттық жария етуді ұйымдастыру | ақпараттық анықтама | АКМ | жыл сайын, 2017 – 2019 жылдар | көзделген қаражат шегінде |
республикалық бюджет | ||
6. |
Отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, репродуктивті денсаулықты нығайтуға, сондай-ақ гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыру | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | ДІАҚМ, БҒМ, ДСМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | жыл сайын, қаңтар | көзделген қаражат шегінде |
республикалық бюджет | ||
7. |
Отбасылық және гендерлік жобаларды әзірлеуге және іске асыруға жеке, корпоративтік, квазимемлекеттік секторды (бизнес-қоғамдастық өкілдерін, Қазақстанның көрнекті қайраткерлерін) тарту, оның ішінде: | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | БҒМ, ҰЭМ, ДСМ, Еңбекмині, ИДМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), ҮЕҰ (келісім бойынша), "Даму" КДҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
жыл сайын | - | талап етілмейді (демеушілік қаражат және меценаттар есебінен қаржыланды-рылады) | ||
8. | Отбасылық және гендерлік саясат саласында даму перспективалары мен бағыттарын айқындай отырып, көпжоспарлы зерттеулер өткізу мақсатында Қазақстанда осы саладағы проблемаларды зерделеу жөнінде институционалдық құрылымдарды айқындау бойынша ұсыныстар енгізу | ӘІОДСҰК-ға ұсыныстар | БҒМ, ДСМ, Еңбекмині, БП (келісім бойынша) | 2017 жылғы желтоқсан | - | талап етілмейді | ||
9. | Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарын балаларды отбасына қабылдауға әлеуетті ата-аналарды дайындау бойынша өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасын және балаларды қолдау орталықтарына ауыстыру жұмыстарын жандандыру; балалар үйлерін ықшамдауды қамтамасыз ету және отбасы үлгісіндегі балалар үйлерін құру | ӘІОДСҰК-ға ақпарат |
БҒМ, БҚУ, | жыл сайын, желтоқсан | - | талап етілмейді | ||
10. | Балалар театрларын, әдебиет музейлерін дамыту бойынша жұмыстарды жандандыру, сондай-ақ балалар үйлері мен мамандандырылған интернаттарда тәрбиеленіп жатқан балалар үшін қайырымдылық концерттер, спектакльдер, кәсіптік бағдарлау бағытында олимпиада жеңімпаздарымен, танымал әртістермен, шығармашылық қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастыру, сол балаларды театрлар базасында және мәдени-демалу ұйымдарындағы театр қойылымдарына тарту | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | МСМ (жинақтау), БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | жыл сайын, желтоқсан | көзделген қаражат шегінде | республикалық бюджет 033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу" бюджеттік бағдарламасы | ||
11. | Білім беру ұйымдарында және әлеуметтік мекемелердің қызметі шеңберінде жанжал және өмірлік қиын жағдайлар болғанда медиация қызметтерін көрсетуді қамтамасыз ету | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | БҒМ, ДСМ, Еңбекмині, ІІМ, ҚХА (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҮЕҰ | жыл сайын, желтоқсан | - | талап етілмейді | ||
12. | Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы балаларды ерте жастан дамыту және оларға мектепке дейінгі тәрбие беру (әсіресе, отбасылардың осал топтарынан) және қартайған ата-аналарын күту мен олардың бос уақытын қамтамасыз ету бойынша сапалы және құны қолайлы көрсетілетін қызметтерді кеңейту | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | БҒМ, Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2017 – 2019 жылдар | - | көзделген қаражат шегінде | ||
13. | Балалар үйіндегі балалардың отбасымен қауышуы бойынша балалар үйлері тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен (туыстарымен) жұмыс барысында ата-аналардың қоғамдастықтарын белсенді қолдану, оның ішінде осы жұмысты ақсақалдар, аналар кеңестерін ("Әкелер мектебі", "Аналар мектебі") тарта отырып ұйымдастыру | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | жыл сайын, желтоқсан | - | талап етілмейді | ||
14. | Тұрғылықты жері бойынша аула және спорт клубтарының санын ұлғайту арқылы халықтың әртүрлі санаттарының, оның ішінде балалардың, жасөспірімдердің және жастардың (тәуекел топтарындағы) спорттық секциялармен, спорттың жаппай қолжетімді түрлерімен қамтылуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу | ӘІОДСҰК-ға ақпарат |
МСМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
жыл сайын, | жергілікті бюджеттің көзделген қаражаты шегінде | жергілікті бюджет | ||
15. | Жасөспірімдермен және жастармен жұмыс жүргізудің балама әдістерін қолдана отырып, әлеуметтік маңызы бар жобалар арқылы табысты адамдармен іс-шаралар өткізу, олармен бірге бірлескен еңбек десанттарын, спорт жарыстарын, әртүрлі шығармашылық іс-шараларды ұйымдастыру | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | МСМ (жинақтау), БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
жыл сайын, | көзделген қаражат шегінде | 035 "Бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қолдау" бюджеттік бағдарламасы | ||
16. | Педагогтермен әріптестік қарым-қатынасқа негізделген ата-аналардың құзыреттілік моделін әзірлеу | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | БҒМ, ҮЕҰ | 2018 жылы | - | талап етілмейді | ||
17. | Әлеуметтік проблемалар картасы негізінде өңірлердегі әлеуметтік әл-ауқат ахуалының мониторингі | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | ДСМ (жинақтау), Еңбекмині, БҒМ, ІІМ, ДІАҚМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
жыл сайын, қаңтар | - | талап етілмейді | ||
18. | Пилоттық өңірлерде өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасылар мен балаларға көрсетілетін интеграцияланған арнаулы әлеуметтік қызметтер моделін енгізу | ӘІОДСҰК-ға ақпарат |
Еңбекмині (жинақтау), | 2019 жылғы қаңтар | - | шығыстар РБ, ЖБ қалыптастыру шеңберінде қаралады | ||
19. | Ата-аналар үшін балаларды интернеттегі зиянды ақпараттан қорғау бойынша ақпараттық курстар әзірлеу | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | БҒМ, АКМ | 2018 жылғы желтоқсан | - | 2018 жылға арналған РБ нақтылау кезінде талап етіледі | ||
20. | Қоғамдық ұйымдарды (әкелер, аналар, ақсақалдар кеңестерін, қоғамдық кеңестерді) діни институттар және қоғам арасында ерте жастан, оның ішінде этномәдениетке және діни дәстүрге негізделген ерте жастан некеге тұрудың заңсыздығы және оған жол берілмейтіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тарту | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | ДІАҚМ, ҚХА (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | жыл сайын, желтоқсан | жергілікті бюджеттің көзделген қаражаты шегінде | жергілікті бюджет | ||
21. | Ерлер мен әйелдер бедеулігін заманауи технологияларды қолдану арқылы емдеу әдістерін жетілдіру бойынша профилактикалық жұмыстар (ерте жастан бастап) жүргізу және шаралар қабылдауды қамтамасыз ету | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | жыл сайын, желтоқсан | жергілікті бюджеттің көзделген қаражаты шегінде | жергілікті бюджет | ||
22. | Зиянды әдеттермен күресуге бағытталған шараларды, оның ішінде бұқаралық спортты, бос уақытты ұйымдастыру арқылы жетілдіру | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | МСМ, ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | жыл сайын, желтоқсан | жергілікті бюджеттің көзделген қаражаты шегінде | жергілікті бюджет | ||
23. | Заманауи әдістемені қолдану арқылы техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тәрбие процесі шеңберінде адамгершілік-жыныстық білім беруді енгізу | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | БҒМ, ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2018 – 2019 жылдар | - | көзделген қаражат шегінде | ||
24. |
АИТВ-инфекциясын төмендету бойынша ("тең-теңімен" әдісі) профилактикалық жұмыс жүргізу үшін үкіметтік емес бірлестіктерге арналған мемлекеттік тапсырысты кеңейту | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2018 – 2019 жылдар | жергілікті бюджеттің көзделген қаражаты шегінде | жергілікті бюджет | ||
25. | Жастар, халықтың осал топтары және ауылдық жерлердің тұрғындары арасында аборттардың, қаламаған жүктіліктің және ЖЖБИ таралуының алдын алу үшін репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуді жалғастыру | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | жыл сайын, желтоқсан | жергілікті бюджеттің көзделген қаражаты шегінде | жергілікті бюджет | ||
26. | Ерлердің өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға баса назар аударып, СӨС орталықтарының қызметіне гендерлік тәсілдерді енгізу | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | ДСМ | 2018 жылғы қаңтар | - | көзделген қаражат шегінде | ||
27. | Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде саланың қажеттіліктеріне сәйкес резидентурада "Урология және андрология, оның ішінде балалар урологиясы және андрологиясы" мамандығы бойынша дәрігерлерді даярлауды қамтамасыз ету | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | ДСМ, БҒМ | 2017 – 2019 жылдар | - | көзделген қаражат шегінде | ||
28. |
Ата-ана жұптарын дені сау бала тууға және оны тәрбиелеуге дайындау бойынша хабардарлығын арттыруды қамтамасыз ету, отбасын жоспарлау кабинеттерінің қызметін жалғастыру | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | ДСМ, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2017 – 2019 жылдар | жергілікті бюджеттің көзделген қаражаты шегінде | жергілікті бюджет | ||
29. | Жұмыс күні ішінде еңбек және оқу ұжымдарында дене шынықтыру үзілістерін өткізу | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
жыл сайын, | - | талап етілмейді | ||
30. | Зорлық-зомбылықтың барлық түрінен зардап шеккендер жүгінген кезде, профилактика субъектілерінің (денсаулық сақтау, білім беру, құқық қорғау органдарының мекемелері) лауазымды адамдарының жедел әрекеттерінің бірыңғай алгоритмін әзірлеу | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | ІІМ, ДСМ, Еңбекмині, БҒМ, БП (келісім бойынша) | 2017 жылғы желтоқсан | - | талап етілмейді | ||
31. | Зорлық-зомбылық және адам саудасы құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2017 – 2019 жылдар |
республикалық бюджет |
республикалық бюджет | ||
32. | Адам саудасы және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдерге денсаулық, отбасылық құндылықтар, құқықтық сауаттылық бойынша тегін тренингтер мен консультацияларды практикаға енгізу | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | ІІМ, ДСМ, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2017 жылғы желтоқсан | - | бюджеттен тыс қаражат (Халықаралық көші-қон ұйымымен 2016 жылғы 11 қарашадағы келісім шеңберінде) | ||
33. | Зорлық-зомбылықтың барлық түрін ақпараттық-статистикалық есепке алу жүйесін жетілдіру | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | БП, ЖС (келісім бойынша), ІІМ, ҰЭМ | 2017 жылғы желтоқсан | - | талап етілмейді | ||
34. | Прокуратура органдарының құқық қорғау және уәкілетті органдармен, ҮЕҰ-мен бірлесіп, зорлық-зомбылықты болдырмау және балалар мен әйелдердің құқықтарын сақтау бойынша интернаттық мекемелерге, балалар үйлеріне, пенитенциарлық мекемелерге тұрақты баруы | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | БП (келісім бойынша), ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2017 – 2019 жылдар | - | талап етілмейді | ||
35. | ІІО қызметкерлерін адам саудасы және тұрмыстық зорлық-зомбылық, кемсітушілік және күш қолдану әрекетіне ұшыраған құрбандармен профилактикалық жұмыстардың озық тәжірибелеріне қашықтықтан оқытуды, оның ішінде шетелдік әріптестерді қатыстыра отырып ұйымдастыру | біліктілікті арттыру бағдарламасы | ІІМ | 2017 – 2019 жылдар | - |
республикалық бюджет | ||
36. | Қайырымдылық қорларының есебінен құрылған жаңа туған балалары бар аналар үшін жұмыс істейтін "Аналар үйі" – "Дом мамы" дағдарыс орталықтарына консультациялық және ақпараттық қолдау көрсету | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | ДСМ (жинақтау), ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
жыл сайын, желтоқсан | - | талап етілмейді | ||
37. |
Мынадай: | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | МҚІСҚА (келісім бойынша) | жыл сайын, ақпан | - | талап етілмейді | ||
38. | Мемлекеттік органдардың кадрлар бөлімдерінің басшыларын оқыту жүйесіне халықаралық оң тәжірибе негізінде әзірленген жұмыс пен отбасын байланыстыру бойынша тақырыптық сабақтар енгізу |
оқытудың бекітілген кестесі | МҚІСҚА (келісім бойынша), МБА (келісім бойынша), ОМО, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2017 – 2019 жылдар | - | талап етілмейді | ||
39. | "Бизнес 2020 жол картасы" бағдарламасы, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде кәсіпкер әйелдерді (әсіресе ауылдық) қаржылай және қаржылай емес құралдармен қолдауды қамтамасыз ету | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | ҰЭМ, АШМ | жыл сайын, 2017 – 2019 жылдар | - | "Бизнес 2020 жол картасы" бағдарламасы, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде көзделген қаражат шегінде | ||
40. | ҮЕҰ іскер әйелдер кеңесінің өзін-өзі жұмыспен қамтыған ауылдағы әйелдерді кәсіпкерлік қызметке тарту, микрокредит беруге қолжетімділігін және қосылған құнның логистикалық тізбегін қалыптастыруды қамтамасыз ету бойынша қызметін жандандыру | бекітілген іс-шаралар жоспарлары | "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), ҰЭМ, АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2017 – 2019 жылдар | - | талап етілмейді | ||
41. | Жұмыссыз әйелдер мен ерлерді гендерлік теңдестірілген салалық даярлауды және қайта даярлауды қалыптастыру бойынша шаралар қабылдау, декреттік демалыстан немесе еңбек өтіліндегі үлкен үзілістен соң еңбек нарығына қайта оралған әйелдердің оқуына немесе қайта оқуына жәрдемдесу | Еңбекминіне ақпарат | облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2017 – 2019 жылдар | жергілікті бюджеттің көзделген қаражаты шегінде | жергілікті бюджет | ||
42. | Жұмыс түрлерінің автоматтандырылуына және технологияландырылуына байланысты әйелдер денсаулығына қауіп төндірмейтін жұмыс түрлеріне әйелдердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында әйелдер еңбегін қолдануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін қайта қарау | ӘІОДСҰК-ға ұсыныстар | Еңбекмині, ЕҚРҒЗИ | 2017 жылғы желтоқсан | 2017 жылы – 21 660,0 |
республикалық бюджет | ||
43. | Мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жүйесі ұқсас елдерде гендерлік бюджеттендіруді енгізу тәжірибесін зерделеу және қолданыстағы мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жүйесіне гендерлік бюджеттендіруді енгізу жоспарының жобасын әзірлеу | гендерлік бюджеттенді-руді енгізу жоспарының жобасы | ҰЭМ, Қаржымині, ӘІОДСҰК | 2018 жылғы маусым | - | талап етілмейді | ||
44. | "Гендер және ұрпақ" атты ішінара зерттеу жүргізу | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | ҰЭМ | 2017 – 2019 жылдар |
республикалық бюджет |
республикалық бюджет | ||
45. | 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының нысаналы индикаторларын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиісті құжаттарына интеграциялауды қамтамасыз ету | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | ҰЭМ, ОМО | 2017 жылғы желтоқсан | - | талап етілмейді | ||
46. | "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша жалпы адами құндылықтар мәселелері бойынша (оның ішінде отбасылық және гендерлік саясат бойынша) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру | ӘІОДСҰК-ға ақпарат |
БҒМ, ДСМ, Еңбекмині, | 2017 – 2019 жылдар | - | көзделген қаражат шегінде | ||
47. | Жұмысшы кәсіптердің беделін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | БҒМ (жинақтау), Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | жыл сайын, желтоқсан | - | талап етілмейді | ||
48. | Жастардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу жөніндегі жастар ресурстық орталықтарының жұмысын жалғастыру | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | ДІАҚМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | жыл сайын, желтоқсан | жергілікті бюджеттің көзделген қаражаты шегінде | жергілікті бюджет | ||
49. | Оқу-тәрбие процесі шеңберінде құзыретті әлеуметтік қызметшілерді, ІІО қызметшілерін, ҮЕҰ өкілдерін тарта отырып, білім беру ұйымдарындағы оқушыларға отбасылық құндылықтар, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша сынып сағаттарын жүргізу | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | жыл сайын, 2017 – 2019 жылдар | - | талап етілмейді | ||
50. |
Отбасылық тәрбие және әріптестік өзара іс-қимыл мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар (республикалық, өңірлік) |
қоғамдық тыңдаулардың хаттамасы |
БҒМ, | жыл сайын, 2017 – 2019 жылдар | - | талап етілмейді | ||
51. | Жанжал кезінде зорлық-зомбылыққа душар болған әйелдер мен қыздарды қорғау және оңалту (репатриациялау, қоныстандыру, оңалту, реинтеграциялау және жанжалдан кейін қалпына келтіру) бойынша бітімгершілік күштердің және қоғамдық құқық тәртібін қорғау органдарының контингентін даярлау тәжірибесін зерттеу | ӘІОДСҰК-ға ұсыныстар | Қорғанысмині, ІІМ, СІМ | 2017 жылғы желтоқсан | - | талап етілмейді | ||
52. | Бітімгершілік дайындықтан өту және бітімгершілік контингентке кіру үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету секторында әйелдер қатарынан әлеуетті үміткерлердің тізімдерін жасау | ӘІОДСҰК-ға ұсыныстар | Қорғанысмині, ІІМ, СІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2017 – 2019 жылдар | - | талап етілмейді | ||
53. | "Бейбітшілік жолындағы әріптестік" оқу орталығының бағдарламаларын халықаралық үздік тәжірибені ескере отырып, әскери жанжал жағдайында гендерлік шартты қажеттіліктерді анықтауға және қанағаттандыруға бағытталған Қазақстанның бітімгершілік контингентін дайындау курстарымен толықтыру | ӘІОДСҰК-ға ақпарат | Қорғанысмині | 2017 жылғы желтоқсан | - | талап етілмейді | ||
54. | Жоспардың іске асырылуы туралы Үкіметтің шоғырландырылған есебінің жобасын енгізу | Үкіметтің шоғырланды-рылған есеп жобасы | Еңбекмині, ДСМ, ІІМ, Қорғанысмині, ҰЭМ, БҒМ, ИДМ, АШМ, АКМ, СІМ, МСМ, Қаржымині, Әділетмині, ДІАҚМ, МҚІСҚА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ЖС (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
жыл сайын, | - | талап етілмейді |
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
МБА | - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару агенттігі |
МҚІСҚА | - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі |
ҚХА | - Қазақстан халқы Ассамблеясы |
ЖС | - Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты |
БП | - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы |
ЖБ | - жергілікті бюджет |
ІІМ | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
ДСМ | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
СІМ | - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі |
АКМ | - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі |
ЖАО | - жергілікті атқарушы органдар |
ИДМ | - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі |
МСМ | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі |
ҰЭМ | - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
Қорғанысмині | - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі |
БҒМ АШМ | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
Еңбекмині | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
ДІАҚМ | - Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі |
Қаржымині | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
Әділетмині | - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі |
ҮЕҰ | - үкіметтік емес ұйымдар |
"Атамекен" ҰКП | - "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасы |
ӘІОДСҰК ІІБ БҰҰ ЭЫДҰ РБ | - Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия - ішкі істер бөлімі - Біріккен Ұлттар Ұйымы - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы - республикалық бюджет |
ЕҚРҒЗИ БҚУ | - Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты - Қазақстан Республикасының Бала құқықтары жөніндегі уәкіл |
"Даму" КДҚ | - "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры |
СӨС | - саламатты өмір салты |
ЖЖБИ ОМО ТДМ | - жыныстық жолмен берілетін инфекциялар - орталық мемлекеттік органдар - БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары |