2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жалпы алаңы 8,9898 гектар жер учаскесі елді мекендердің жері санатынан "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесіне тергеу изоляторын салу мақсатында ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін 4 (төрт) жыл 11 (он бір) ай мерзімге уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығында берілсін.
2. Алматы қаласының әкімі және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 108 қаулысына қосымша |
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесіне ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін 4 (төрт) жыл 11 (он бір) ай мерзімге уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығында берілетін жер учаскесінің экспликациясы
Р/с№ | Жер санаты | Жер учаскесінің орналасқан орны | Жалпы алаңы, гектар | оның ішінде | Жер учаскесінің нысаналы мақсаты | |
жайылымдар | басқа жерлер | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. | Елді мекендердің жері | Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Красногорская көшесінің батысына қарай, 2-ші Остроумов көшесінің солтүстігіне қарай | 8,9898 | - | 8,9898 | Тергеу изоляторын салу үшін |
Барлығы | 8,9898 | - | 8,9898 |