Қостанай облысының білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарына атау беру мен қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 109 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысының мынадай білім беру және спорт ұйымдарына:

      1) "Қарабалық ауданы әкімдігі білім бөлімінің балалар өнер мектебі" мемлекеттік мекемесіне – Сералы Қожамқұловтың есімі;

      2) Қостанай облысы әкімдігі Дене шынықтыру және спорт басқармасының "Амангелді аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік мекемесіне – Ералхан Сейкеновтің есімі берілсін.

      2. Мынадай білім беру және мәдениет ұйымдары:

      1) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Красный Октябрь орта мектебі" мемлекеттік мекемесі – "Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Қадір Кәрімов атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесі;

      2) "Сарыкөл ауданы әкімдігі білім бөлімінің Сарыкөл орта мектебі" мемлекеттік мекемесі – "Сарыкөл ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесі;

      3) "Қарабалық ауданы әкімдігі білім бөлімінің № 3 Қарабалық орта мектебі" мемлекеттік мекемесі – "Қарабалық ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Мұхамеджан Сералин атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесі;

      4) "Таран аудандық "Ұшқын" мәдениет үйі" мемлекеттік мекемесі – "Елубай Өмірзақов атындағы Таран аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады